Ресей Федерациясынан Иран Ислам Республикасына Д-30 КУ-154 авиациялық двигателінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 4 шілде N 1014

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ресей Федерациясынан Иран Ислам Республикасына "Авиакомпания Омскавиа" ААҚ компаниясы (Омск қаласы) "Palmera S.А." компаниясы (Мешхед қаласы) үшін беретін 2000 жылғы 24 ақпандағы N ОМТО/240200 келісім-шарты бойынша Д-30 КУ-154 авиациялық двигателінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 1-қосымшаға сәйкес бағыт бойынша қолданылып жүрген Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімнің Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сай ерекше қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол көлігімен жүк тасымалының транзитін жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Д-30 КУ-154 авиациялық

двигателінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін бақылауды

қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қолдансын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                            Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

                                           2000 жылғы 4 шілдедегі

                                             N 1014 қаулысына

                                                   1-қосымша


           Д-30 КУ-154 авиациялық двигателінің

                   қозғалыс бағыты


     Д-30 КУ-154 авиациялық двигателінің қозғалысы мынадай бағыт бойынша

жүзеге асырылады:

     Мақсатты станциясы: Мешхед қаласы, Иран;

     Шекарадан өту станциясы: Никель-Тау экс.- Бейнеу-экс.

     (Қазақстан Республикасы).

     Алушы: "Palmera S.А." компаниясы, Мешхед қаласы, Иран.





Оқығандар:


     Бағарова Ж.А

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады