Қазақстан Республикасында Қолөнершiлiктi дамыту тұжырымдамасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 шілде N 1051

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 4189 U984189_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын орындау үшiн және қолөнердi қайта өркендетуге бағытталған дәстүрлi халықтық кәсіпшілiктi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында Қолөнершiлiктi

 

дамыту тұжырымдамасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,

бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi осы

Қазақстан Республикасында Қолөнершiлiктi дамыту тұжырымдамасына сәйкес

Қазақстан Республикасында Қолөнершiлiктi дамытудың 2001-2002 жылдарға

арналған бағдарламасын әзiрлесiн.

     3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                                              2000 жылғы 11 шілдедегі

                                           N 1051 қаулысымен мақұлданған


                Қазақстан Республикасында Қолөнершілiктi дамыту

                                 тұжырымдамасы


                                    КIРIСПЕ



 
       Қазiргi уақытта Қазақстанда қолөнершiлiктi дамытудың алғышарттары мен нақты жолдары түсiнiктi болып отыр. Бұл процестiң тұрлаулы сипаты бар және республика халқының лайықты өмiр сүруiн, экономикалық гүлденуiн және қолөнершiлiктiң еркiн дамуы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ете алады. Қазақстан экономикалық дамыған елдер қатарына саяси тәуелсiздiгiн де, ұлттық ерекшелiктерi мен мәдени дәстүрлерiн де сақтай отырып, дамыған азаматтық қоғамымен және құқықтық мемлекетiмен бiрге әлемдiк өркениеттi дамуға толыққанды қатысушы құқықтарында кiруге тиiс. Қолөнер өндiрiсінің негiзгі сипаттары мен белгілерi Қазақстанда тұрақты әлеуметтiк-саяси жағдайлар мен терең экономикалық қайта құрулар кезiнде қалыптасатын болады деп күтуге болады.
      Қолөнершiлiкке тән сипаттар мен белгiлерге мыналарды жатқызуға болады:
      қолөнершiлiк рыногын табиғи ресурстар, еңбек және капитал рыноктарына қосымша өндiрiс факторы ретiнде құру және дамыту, қолөнершілік ресурстарының әлеуметтiк-экономикалық дамудың нақты ресурстарына көшуi, қоғамның қолөнер өнiмдерiне және қызмет көрсетулерге қажеттiлiктерiн нақты қанағаттандыру;
      қоғамдық өндiрiс жүйесiндегi қолөнершiлiк инфрақұрылымы рөлiнiң өсе түсуi;
      аймақтардың, елдердiң және халықтардың экономикалық ықпалдасу процестерiне қолөнершiлiктiң толық құқықты қатысуы;
      халықаралық, ұлттық және аймақтық деңгейлердегi қолөнер өндiрiсiнiң мүмкiндiктерiн кеңейту есебiнен бiлiм деңгейiн, мәдени дамуды арттыру және тиiсiнше бiлiктiлiк, кәсiбилiк және еңбек қызмет көрсетулерiнiң маңызды сипаттамалары ретiнде шығармашылық қабiлеттiлiктерi рөлiн арттыру.
      Жоғарыда аталғандар қолөнершiлiкке деген көзқарасты өзгерту, адамзаттың әлеуетін күшейту үшiн қолөнер өндiрiсiн қолдану мүмкiндiгiн кеңейту және оны көптеген бағыттарда дамыту, рыноктық экономика жағдайында қалыпты бейiмделу мен қолөнердi қолайлы жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн "нүктелер" мен әдiстердi анықтау қажеттiгiн айқындайды.
      Қолөнершiлiк - шағын кәсiпкерлік субъектiлерiнiң бөлiгi, оларға еңбек өнiмiн жасау немесе қызмет көрсетулердi аз көлемде немесе қол еңбегiнiң жоғары үлесi бар жеке тапсырыстар бойынша және жеке ерекше бiлiмдерiн, дағдылары мен икемдерiн шығармашылықты, әдетте, қолөнер кәсiпорны iшiнде еңбектi функциялық және өндiрiстiк түрде бөлмей-ақ, қолөнершiнiң (шебердiң) өндiрiс құрал-жабдықтары меншiгi негiзiнде пайдалана отырып, беру тән.
      Мұндай айқындама қолөнершiлiкке шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың нормативтiк-құқықтық базасын қолдануға мүмкiндiк бередi. Қазақстан үшiн мұндай қолдаудың негiзi "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Z970131_ басқа нормативтiк-құқықтық актiлерде айқындалған.
      Сөйтiп, қолөнершiнi қандай да бiр бұйымдарды және (немесе) қызмет көрсетулердi, әдетте, қол әдiсiмен, жеке еңбек құралдарының көмегiмен жасаумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк өкiлi ретiнде айқындауға болады.
 
                          ҚОЛӨНЕРШIЛIКТI ДАМЫТУДЫҢ
                          ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ
 
      Қолөнершiлiк осы заманғы көп укладты әлеуметтiк-рыноктық экономиканың маңызды секторларының бiрi болып табылады және шағын кәсіпорындардың кең желiсiн құруды шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен тиiмдi бәсекелес орта үшiн қолайлы алғышарттар жасайтын жеке майдагер-қолөнершiлердiң санын өсiрудi қамтамасыз етуге қабiлеттi. Олардың икемдiлiгi мен жинақылығы шаруашылық және әлеуметтiк мiндеттердiң тұтас кешенiн шешуге және халықты, оның iшiнде санатшылық қасиеттерi, нақты мүмкiндiктерi әр түрлi адамдарды, бiлiмдер қоры әр түрлi және кәсiби мүдделерi әр қилы адамдарды жұмыспен барынша қамтуды, олардың шығармашылық әлеуетiн толық iске асыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Қолөнершiлiктi дамыту мемлекет iшiндегi тұрақтылық үшiн алғышарттар жасайтын әлеуметтiк теңесуге ықпал жасайды.
      Қазақстанда қолөнершiлiк бай дәстүрлерге ие болды және негiзінен үйдегi өнеркәсiп түрiнде дамып келдi. Оның кең аумаққа тарауы бiрдей болмады және ол қалалар мен орталықтарда тезiрек дамыды.
      Қолөнершi шеберлiгiн меңгеру ежелден игiлiктi iс саналған, iрi өнеркәсіпшiлер одан өздерiнiң шығу тегiн көрген, одан таланттарды iздеген және шеберлiктi жетiлдiру үшiн жағдайлар жасап отырған.
      Жiбек жолы күрежолының қазақстандық учаскесi немесе "Степной" деп аталатын жол учаскесi Орта Азия халықтарының көшпелi және отырықшылық-егіншiлiк мәдениеттерiнiң өзара сауда-қолөнер iс-қимылының түбегейлi процестерiн көрсететiн тарихи, археология, сәулет, қала құрылысы және монумент өнерi ескерткіштерiнiң бiрегей кешенiн құрайды.
      Жiбек жолының кенттену процесiнде көптеген ертедегі қалалық және ауылдық қоныстанулардың кеңеюi және нығаюы өрiс алды, олардың маңында сауда-қолөнер орталықтары пайда болды.
      Қазақстанда ХХ ғасырдың басына қарай қолөнершiлер халықтың барынша үдемелi жiгiн құрады. Қолөнер кәсiптерi мен кәсiпшiлiктерiнiң саны өте үлкен болды, қалалар қолөнер өндiрiсiнiң тауарларына толы болды, қолөнер қызмет көрсетулерiнің саласы кеңiнен дамыды.
      Өкiнiшке орай, жоспарлы шаруашылық тұжырымдамасы қолөнершiлiктi жарты ғасырдан астамға жуық уақыт iшiнде қоғамның әлеуметтiк және экономикалық құрылымынан алып тастаған болатын, ал мемлекеттiк өкiмет қолөнершiлердi әлеуметтiк жiк ретiнде жою жолында қатал саясат жүргізді. Алайда, бiздiң тарихымыз куә, қолөнершiлiктi дамыту алғышарттары қоғамдағы кез келген әлеуметтiк-саяси формациялар кезiнде сақталуын жалғастырып келедi.
      Қазiргi уақытта қолөнершiлiк өндiрiс жүйесi ретiндегi өзiнiң үстем көзқарастарын жоғалтты, алайда ол шағын кәсіпкерлiктiң бөлегi ретiнде не өндiрiстің дербес жүйесi ретiнде әлемнiң көптеген дамыған елдерінде мемлекеттік қолдау ала отырып, бұдан әрi жалғасуда.
      Қолөнершiлiк өзiнiң тiршiлiк қабiлетiн рынок жағдайларында тұтастай дәлелдейтiн Германия, Түркия, Үндiстан сияқты елдердің тәжiрибесi бiздiң елiмiзде де бiраз уақыттан соң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық құрылымында берiк позицияларға ие болуға тиiс деген тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстанда қолданылып жүрген заңда қолөнер кәсiпорындарының қызметiн реттейтiн құқықтық базаның жоқтығына қарамастан, мыңдаған адам халықтық тұтыну тауарларының кең спектрiн және күнделiктi тұрмыста да, әшекей ретiнде де пайдаланылатын бұйымдарды жасаумен айналысады. Жер-жерде, бiздiң елiмiздiң әр түрлi бұрыштарында өз халқының тарихы мен дәстүрлерiн ұқыпты сақтаған адамдардың қолымен жасалған, халық кәсiпшiлiгiнiң бiрегей бұйымдарын кездестiруге болады.
      Бұл - жүзiм сабағынан өрiлген жиhаз, балшық пен металдан жасалған ыдыстар, хас шеберлердiң қолдарымен жасалған кiлемдер, киiздер, ұлттық киiмдер. Былғарыны, малдың сүйектерi мен терiлерiн пайдалана отырып, жасалған сәндiк-қолданбалы бұйымдар мен күмiстен және басқа асыл металдардан жасалған әшекейлер ерекше қызығушылықты тудырады.
      Алматы облысының Қарасай ауданында он жыл бойы қолөнершiлердiң поселкесi "Шеберлер ауылы" жұмыс жасайды, бұл - Қазақстанның әртүрлi аймақтарының шеберлерiн жинаған халықтық-қолданбалы өнердiң энтузиастары құрған үкiметтiк емес ұйым.
      Осы ұйымның мүшелерi "Әйелдердің шығармашылық бастамасы лигасының", "Бақыт" сәндiк-қолданбалы өнер орталығының көмегiмен О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы колледжiнiң жанынан қолөнершiлiктi жандандыру жөнiнде белгiлi жұмыс жүргiзуде.
      Бүгiн бұл оң тәжiрибе, ең алдымен қолөнершілiк және мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында қолөнершiлердiң мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қолөнер қоғамдық бiрлестiктерiн құру саласында зерделенуге, қорытылуға және ескерiлуге, ел аймақтарында таратылуға тиiс.
      Қазiргi сәтте қолөнерлер мен кәсiпшiлiктердiң заңмен бекiтiлген тiзiмi жоқ, осы қызметтің әлеуметтiк-құқықтық және экономикалық жақтарын реттеп отыратын қолөнерлер туралы заң да жоқ.
      Қазақстанда қолөнершілер санатына жатқызуға болатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әжептәуiр кең жiгi жұмыс жасайды. Олардың бiраз бөлiгiнiң рынок жағдайларында тұрақты жұмыс жасайтынына және кәсiпкерлiктiң өзге нысандарымен салыстырғанда, тең бәсекелестiк мүмкiндiктерiне сенуiне болмайды, өйткенi олардың жұмыс жасауы бiрқатар факторлармен күрделене түседi, олардың iшiндегi аса маңыздылары:
      қолөнер өнiмдерi мен қызмет көрсетулерiне тұрақсыз сұраным;
      қызметтiң осы түрiне салынатын жоғары салық төлемдерi;
      жеткiлiксiз инвестициялық мүмкiндiктер (негiзiнен кепiлдiк қамтамасыз етудiң болмауынан несиемен қамтамасыз етiлмеу);
      қолөнершiлерде рыноктық қатынастарға қатысу үшiн жеткiлiктi экономикалық, заң және өзге де бiлiмдердiң болмауы.
      Мақсатты мемлекеттiк қолдаудың және кең тұтынушы рыноктың арқасында дербес өндiрiстер болып отырған Қазақстан қолөнершiлiгi үшiн дәстүрлi халықтық көркем (сәндiк-қолданбалы өнер бұйымдарын шығаратын) кәсiпшiлiктерiнiң орны айрықша болуы мүмкiн.
      Сөйтiп, қазiргi заманғы жағдайларда қолөнершiлiк экономикалық тиiмдiлiк және әлеуметтiк тұрақтылық тұрғысынан қарағанда, мемлекет оның жан-жақты қолдануы мен өсуiн қамтамасыз ете отырып, оның дамуын мiндеттi түрде өз қамқоршылығына алуға тиiс маңызды құбылыс.
      Бұдан басқа, Батыс пен Шығыс арасындағы халықаралық және коммерциялық тасқындардың жүруiн келiстiретiн Қазақстанның тиiмдi геосаясаттық жағдайы, туристiк-рекреациялық аймақтардың, табиғи ландшафттардың, шетел туристерiн қызықтыратын флора мен фаунаның сан қырлылығы қолөнершiлiктi дамыту үшiн ынталандыру факторы қызметiн атқарады.
      Қолөнершiлiк қызметiнiң басымдықты бағыттары азаматтардың немесе шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң пайдаға асыру, эстетикалық, салт-жоралғылық және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған халықтық кәсiпшiлiк бұйымдарды жасау болуға тиiс.
      Қазақстан қолөнершiлiкке халыққа берілiп отырған тауарлар мен қызмет көрсетулердi қазақстандық мазмұнмен толтырудың үлкен мүмкiндiктерiн ашатын ұлы мәдени мұраға және осы заманғы өзiнше көпұлттық мәдениетке ие.
 
                            ҚОЛӨНЕРШIЛIКТI ДАМЫТУДЫҢ
                            МАҚСАТЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
 
      Қазақстан Республикасында Қолөнершiлiктi дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 4189 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын нақты жүзеге асыру мақсаттарында әзiрлендi.
      Шынында, шағын бизнес субъектiлерi бола отырып, бiрқатар ерекшелiктерi бойынша қолөнер шеберханаларын шартты түрде ғана кәсiпорындар деп атауға және шағын кәсіпкерлiк үшiн заңда белгiленген өлшемдердi қолдануға болады.
      Қолөнершiлiктi дамытудың принциптi негiздерi көне дәстүрлердi жандандыру, ұлттық мәдениеттi насихаттау, шығармашылық тұлға бостандығы болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктi сипаттайтын өлшемдердiң барлық жиынтығынан қолөнер өндiрiсiне мыналар тән:
      - өндiрiс саласына жататындығы;
      - өндiру процесiнде қол еңбегi үлесiнiң үстем болуы;
      - жеке меншiк иесiнiң еңбек процесiне немесе өндiрiс процесiне тiкелей қатысуы;
      - тауарлар өндiрiсiнiң даралығы (шығарылатын өнiмнiң аз сериялылығы).
 
                    ҚОЛӨНЕРШIЛIКТI ДАМЫТУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
 
      Қолөнершiлiктi жандандыру мен дамытуды мемлекеттiк қолдау, бiрiншi кезекте, қолайлы әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық жағдайларды жасауға және қолөнершiліктiң өздiгiнен ұйымдастырылуына жәрдемдесуге бағытталуға тиiс.
      Қолөнершiлiктi мемлекеттiк қолдаудың қажеттiгi, оны қайта өркендету мен дамыту мыналарға негiзделген:
      қолөнершiлiк сонымен бiр мезгiлде бастапқы капитал жинақтау құралдарының бiрi бола отырып, халықтың барынша кең жiгiнiң тiршiлiк етуiне қаражат бередi;
      қолөнер өндiрiсi рынокты тауарлар мен қызмет көрсетулермен толтыруға ықпал жасайды және өндiрiстiң бiрқатар секторларында iрi өндiрiсшiлермен бәсекелесуге қабiлеттi;
      қолөнер өндiрiсi оның бiршама тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, рыноктағы өзгерiстерге барынша икемдi ден қою мүмкiндiгіне ие болады;
      қолөнершiлiктi дамыту жұмыссыздық деңгейiн төмендетедi;
      қолөнершiлiк халықтың тарихи-тұрмыстық дәстүрлерiн, мәдениетiн сақтайды және дамытады;
      қолөнер өндiрiсiне тарту халықтың өнерпаздығын дамытады, адамның жеке қасиеттерiн ашуға мүмкiндiк бередi, оның өздiгiнен iске асырылуына және рыноктық қатынастарға тартуға ықпал жасайды;
      қолөнершiлер жiгi - тiршiлiк етуi қоғам тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, орта тап бөлiгi.
      Мемлекеттiк қолдау қолөнер өндiрiсi ерекшелiгiнiң жоғарғы дәрежеде жергiліктi рынокқа бағдарланғанын ескере отырып, бiрiншi кезекте, аймақтық деңгейде қамтамасыз етiлуге және мыналарды қамтуға тиiс:
      шеберханалар үшiн коммуналдық меншiкте орналасқан үй-жайларды жеңiлдiктi жағдайлармен беру;
      шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бөлiнген қаражаттардан жеңiлдiктi субсидиялар мен несиелер беру;
      қолөнершiлiктi қолдаудың инфрақұрылымын құруға көмектесу:
      - консалтингтiк қызмет көрсетулер жүйесiн ұйымдастыру (қолөнер кәсiпорындарын құруға және жұмыс жасатуға консультациялық көмек);
      - тауарларды, шикiзатты және материалдарды өткiзу рыноктары туралы ақпараттық қамтамасыз ету, семинарлар, жәрмеңкелер, көрмелер және т.б. өткiзу;
      - жарнама-маркетинт қызметiн ұйымдастыру;
      қолөнер мамандықтары бойынша кадрлар даярлау үшiн жағдайлар жасау және тағылымдамалар ұйымдастыру;
      қолөнер өндiрiсiнің дамуына ықпал жасайтын қолайлы қоғамдық пiкiр, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалыптастыру;
      қолөнершiлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын (аймақаралық келiсiмдер негiзiнде) әзiрлеу:
      құқықтық қолдау:
      - қолөнершiлердiң жасаған тауарына авторлық құқығын қорғау;
      - заң консультациялары.
      Қолөнер өндiрiсi саласын дамытуға бағытталған және орын алып отырған проблемаларды кешендi шешуге мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк деңгейдегi бiрiншi кезектегi iс-шаралардың бiрi коммерциялық емес ұйымдар түрiндегi Қолөнер орталықтары мен Қолөнер Палаталарын құру болып табылады.
 
                    ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДIЛIГI
 
      Қазақстанда колөнершiлiк екi кезеңде дамуы мүмкiн.
      Бiрiншi кезең - қолайлы нормативтiк-құқықтық база құру, оның ішінде заңдар мен нормативтiк актiлерде қолөнершiлiктi дамытудың құқықтық негiзiн бекiту, қолөнершiлiкке (бiрiншi кезекте үй-жайларды жалға беру жөнiнде, оның шағын кәсiпкерлiкке жататындығына байланысты және оның ерекше сипатын ескере отырып - салықтар жөнiнде) жеңiлдiктер беру.
      Екiншi кезең - ол едәуiр мөлшердегi күрделi қаржыларды талап етедi, уақыты бойынша едәуiр қысқа және мыналарды қамтиды:
      Қолөнерлер орталықтарын, Қолөнер Палаталарын және басқа қолөнер қоғамдық бiрлестiктерiн құру;
      қолөнер бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, бiлiктiлiктiң, кәсiбилiктiң және адам әлеуетiнiң маңызды сипаттамалары ретiнде қолөнер шығармашылығына деген қабiлеттiлiктердiң ролiн арттыру;
      көпшiлiк тұтынушыға бағдарланған қолөнершілер қызмет көрсетулерiнiң индустриясын қалыптастыру және дамыту.
      Осы мiндеттердi шешу қолөнершiлiктiң әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуының түпкiлiктi ресурсына нақты айналуын бiлдiредi. Ол сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының бекуiн, азаматтардың қолөнер өндiрiсi тауарларын кедергiсiз алуын, таратуын және пайдалануын нақты қамтамасыз ететiндiгiн, тұлғаның өздiгiнен даму мүмкiндiктерiн кеңейтудi бiлдiредi.
      Осы кезең бойынша қозғалу жылдамдығы бөлiнген қаражатпен қамтамасыз етiлетiн болады. Осыған байланысты, қолөнер өндiрiсiнiң таза қазақстандық өлшемдерi мен сапалық сипаттамаларына, әлеуметтiк-мәдени ерекшелiктерге бағдарланған және бүгiнгi әлеуметтiк-экономикалық жағдайларда мемлекет тарапынан барынша аз күрделi қаржы жұмсалуын талап ететiн жол табу қажет. Осы кезеңдi iске асыру үшiн шетел көздерiнен немесе отандық коммерциялық құрылымдардан және халықтан инвестициялардың негiзгi көлемiн алу талап етiледi.
      Бұдан басқа, бұл кезең қолөнершiлер жiгiнiң дiлiн едәуiр өзгертудi

 

және оларды шағын кәсiпкерлiктi дамыту мақсаттарына, басымдықтары мен

бағыттарына орай қайта даярлауды талап етедi.

     Қолөнершiлiктi дамыту жолымен қозғалу, әсiресе, бiрiншi кезеңде кең

ауқымды қоғамдық қолдауды, қолөнершiлiктi қолдау мақсаттарын терең

сезiнудi және оның қалыптасуының негiзгi факторлары болып табылатын саяси,

экономикалық, әлеуметтiк және мәдени артықшылықтарды пайдалануды талап

етедi. Мұндай қолдау үшiн көптеген мамандардың жiгерлерi үйлестiрiлуге

және барлық баспасөз бен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында аса

кеңiнен насихаттау қамтамасыз етiлуге тиiс.




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады