Егін жинау науқанын өткiзу үшiн жанармай-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 шілде N 1062

      Егiн жинау науқанын өткiзу кезiнде жанармай-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселесiнде қалыптасқан жағдайға байланысты және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiнен жаңалау тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң тәртiптемесiне сәйкес облыстар бойынша 5000 (бес мың) тонна көлемiнде бензин, 10000 (он мың) тонна көлемiнде дизельдiк отын шығарылуын;
      2) жоғарыда көрсетiлген жанармай-жағармай материалдары көлемiнiң 2000

 

жылғы 30 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

материалдық резервiне жеткiзiлiмiн және қойылуын қамтамасыз етсiн.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады