Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1203 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 930 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 № 930 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қызметтiк тұрғынжай берiлетiн қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 P930455_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 262-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызметтiк тұрғынжай берiлетiн қызметкерлер санатының тiзбесiнде:
      26-тармақтағы:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң бөлiмдерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң қызметтерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады