Иондаушы сәулелену көздерiн Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 қыркүйек N 1365

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Ядролық физика институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнына (бұдан әрi - ҚР ҰЯО ЯФИ ЕМК) "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" компаниясы (Амстердам, Нидерланды) мен ҚР ҰЯО ЯФИ ЕМК арасында жасалған 2000 жылғы 15 наурыздағы N АР/Y/00/00315 келiсiм-шартқа сәйкес көпфазалы гамма сәулелi плотномердi пайдалану үшiн Норвегиядан Қазақстан Республикасына жалпы активтiлiгi 1,11 ГБк (СЭҚ ТН коды 2844) бiр иондаушы сәулелену көзін (Цезий-137) әкелуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      1) ҚР ҰЯО ЯФИ ЕМК-на бiр иондаушы сәулелену көзiн әкелуге лицензия берсiн;
      2) Қазақстан Республикасы бақылаушы органдарының әкелiнетін өнiмнiң

 

түпкiлiктi пайдаланылуын тексеруге қол жеткiзуiн қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

комитетi кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген

өнiмге кедендiк бақылау жасауды және оның кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз

етсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика,

индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөніндегi комитетіне

жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



      Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады