Қазақстан Республикасына иондаушы сәулелену көздерін әкелуге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қыркүйек N 1390

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шлумбергер Лоджелко Инк." компаниясына "Этюд е Продуксьон Шлумберже" (Франция) компаниясымен 2000 жылғы 21 ақпандағы N 1/00RА келісім-шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына активтілігі 1,61 кюри және 1,64 кюри Цезий-137 негізіндегі екі иондаушы сәулелену көзін (2844 ТН СЭҚ) әкелуге рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен лицензия беретін болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген

өнімдердің кедендік бақылануын және кедендік ресімделуін қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы

жөніндегі комитетіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады