Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупі бар жануарлардың жекелеген түрлерiн сақтап қалу және өсiмiн молайту жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 қыркүйек N 1447

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Z933300_ Заңына сәйкес, сондай-ақ Қызыл Кiтапқа енгiзiлген сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлардың жекелеген түрлерiн сақтап қалу және өсiмiн молайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Шейх Ахмет Бин Сәлiм Лкасмидiң (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) Шығыс Қазақстан облысында ителгiлер мен дуадақтарды қолда өсiрiп-молайту және кейiн табиғат аясына жiберу жөнiндегi екi питомниктi өз қаражаты есебiнен салу туралы бастамасы назарға алынсын.
      2. Осы құстардың бастапқы мекиен тобын жасау мақсатында Шейх Ахмет Бин Сәлiм Лкасмидiң (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) Шығыс Қазақстан облысында кейiн оларды Шығыс Қазақстан облысындағы питомниктерге орналастыратын болып, Қазақстан Республикасынан тысқары әкету құқығынсыз 2000 жылғы 1 қыркүйек - 31 қазан кезеңiнде үш ителгi мен бес дуадақ аулауына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ителгiлер мен дуадақтарды балапандатып, қолда өсiрiп-молайту және кейiн табиғат аясына жiберу жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарламаны әзiрлесiн және оны бекiтуге Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

 

қорғау министрлiгi "Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң

жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженi

бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы

N 969 


P000969_
 

  қаулысында белгiленген тәртiппен ителгiлер мен дуадақтарды

табиғаттан аулап алуды қамтамасыз етсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.Н.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады