Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының консулдығын және Қазақстан Республикасының Орал қаласында Ресей Федерациясының консулдығын ашу туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 9 қазан N 1508а

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының консулдығын және Қазақстан Республикасының Орал қаласында Ресей Федерациясының консулдығын ашу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ресейлік тараппен келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін, Келісім жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бере отырып, Келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Ресей Федерациясы
Yкiметiнің арасындағы Қазақстан Республикасының консулдығын
Астрахань қаласында, Ресей Федерациясы, және Ресей
Федерациясының консулдығына Орал қаласында, Қазақстан
Республикасы, ашу туралы
Келісім

(2001 жылғы 2 ақпанда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      1963 жылғы 24 сәуiрдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелерiне сәйкес,
      1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты, 1998 жылғы 6 шiлдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ХХI ғасырға бағдарланған мәңгiлiк достық және одақтастық туралы декларацияны, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Консулдық конвенцияны басшылыққа ала отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстандық Тарап Қазақстан Республикасының консулдығын Астрахань қаласында, Ресей Федерациясы, ашады және ресейлiк Тарап Ресей Федерациясының консулдығын Орал қаласында, Қазақстан Республикасы, ашады.

2-бап

      Ресей Федерациясының Астрахань қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының консулдық округiнiң құрамына Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов және Оренбург облыстарының аумақтары енгізілсін.
      Қазақстан Республикасының Орал қаласындағы Ресей Федерациясы консулдығының консулдық округінің құрамына Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аумақтары енгізілсін.

3-бап

      Тараптар, құрылатын Консулдықтар қызметтерін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын консулдық қатынастар саласындағы халықаралық келісімдерге сәйкес тіркелетін мемлекеттік ішкі істеріне араласпау қағидаттарын қатаң түрде сақтай отырып, өз құзыреттері шегінде жүзеге асыратынына сүйенеді.

4-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

5-бап

      Осы Келісімнің ережелерін іске асыруда даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер және консультациялар арқылы шешетін болады.

6-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісімнің қолданыста болуы оның күшін тоқтату ниеті туралы Тараптардың бірінің жазбаша хабарламасын екінші Тараптың алған күнінен бастап алты ай өткеннен соң тоқтатылуы мүмкін.
      Астана қаласында 2000 жылғы "____" қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
          Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады