"Қазагрополис" республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылығы сақтандыру кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қазан N 1570

      "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 P000912_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазагрополис" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылығы сақтандыру кәсіпорны қайта құру жолымен мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Қазагрополис" сақтандыру қоғамы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазагрополис" СҚ" ААҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

     1) "Қазагрополис" СҚ" ААҚ-ның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік

тіркелуін қамтамасыз етсін;

     2) проспект эмиссиясын тіркегеннен соң ауыл шаруашылығы өндірісін

сақтандыру жөніндегі қызметінің бейінін сақтай отырып, коммерциялық

тендерде жарғылық капиталдан 100 (жүз) пайыз мөлшерде акциялардың

мемлекеттік пакетін сатуды жүзеге асырсын;

     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады