Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 569 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1925

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Әлем балалары - Қазақстан туралы" халықаралық конкурсын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 569 P000569_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 19, 211-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

 

     "1-1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Конкурсты өткізуге көмек көрсетсін";

     2) көрсетілген қаулыға қосымшада:

     "Әлем балалары - Қазақстан туралы" конкурсын ұйымдастыру және өткізу

жөніндегі комиссияның құрамына:

     Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамы

басқармасының төрағасы (келісім бойынша);

     Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" ашық

акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) енгізілсін;

     көрсетілген құрамнан Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, Оразалы Сәнтайұлы

Ержанов шығарылсын.   

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады