"1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қаңтар N 21

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа

қатысушы мемлекеттердің арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың

негізгі қағидаттары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                         Жоба


                 Қазақстан Республикасының Заңы


       1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы

     шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Әскери-техникалық

ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімді бекіту туралы


     2000 жылғы 20 маусымда Мәскеу қаласында жасалған 1992 жылғы 15

мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің

арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы

келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


     1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа

        қатысушы мемлекеттердiң арасындағы Әскери-техникалық

            ынтымақтастықтың негізгi қағидаттары туралы

                          КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық

қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер,


 
       1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттың мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң ұжымдық қауiпсiздiгi жүйесiн қалыптастыруда өзiнiң iс жүзiндегi ынтымақтастыққа даярлығын қуаттай отырып,
      әскери-техникалық ынтымақтастықтың ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн қалыптастырудағы аса маңызды факторлардың бiрi екендiгiн тани отырып,
      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттың ережелерiн iс жүзiнде iске асыру мақсатындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру барысында Тараптардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың негiзгi қағидаттарын орнықтыру мақсатында,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                            1-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде аталған терминдер мыналарды бiлдiредi:
      әскери-техникалық ынтымақтастық - әскери мақсаттағы өнiмнiң әкетiлуi мен әкелiнуiне, оның iшiнде жеткiзiлiмi мен сатып алынуына, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнiмдi әзiрлеу мен өндiруге байланысты халықаралық қатынастар саласындағы iс-әрекет;
      уәкiлеттi органдар - қарамағына әскери-техникалық ынтымақтастықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi жататын, ұлттық заңдармен белгiленген мемлекеттiк басқару органдары;
      әскери-техникалық ынтымақтастықтың субъектiлерi Тараптардың әскери мақсаттағы өнiмге қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыруға ұлттық заңнамаға сәйкес құқық берiлген мемлекеттiк органдар және/немесе ұйымдар;
      әскери мақсаттағы өнiм - қару-жарақ, әскери техника, құжаттама, жұмыстар, қызмет көрсетулер, интеллектуалдық айрықша қызметтiң нәтижелерi, оның iшiнде оларды иелену құқықтар (интеллектуалдық меншiк) және әскери-техникалық саласындағы ақпарат, сондай-ақ Тараптардың ұлттық заңнамасымен, нормативтiк құқықтық актiлерiмен әскери мақсаттағы өнiмге жатқызылатын кез келген басқа өнiм;
      әскери мақсаттағы өнiмнiң жеңiлдiк шарттарымен жеткiзiлiмдерi - Тараптардың әскери-техникалық ынтымақтастығы субъектiлерiнiң арасындағы келiсiм-шарттарда белгiленетiн және өздерiнiң қажеттiлiктерi үшiн Тараптардың ұлттық қарулы күштерi сатып алатын әскери мақсаттағы өнiмге арналған бағалардың негізiнде қалыптасатын бағалар бойынша әскери мақсаттағы өнiмнiң жеткiзiлiмдерi.
      Әскери мақсаттағы өнiм Тараптардың қарулы күштерiнiң қолындағы барынан жеткiзiлген жағдайда, бағалар оның сақталуына, оған қызмет көрсетiлуiне, тасымалдауға және жеткiзiлiмдi жүзеге асыруға байланысты басқа да шығыстар бойынша шығындарды есепке алумен оның қалдық құнының негiзiнде есептелiнедi.
 
                             2-бап
 
      Егер тиiстi халықаралық шарттарда басқаша көрсетiлмесе, әскери мақсаттағы өнiмнiң жеңiлдiк шарттарымен жеткiзiлiмдерi ұжымдық қауiпсiздiк аймақтарындағы көп жақты күштер мен құралдардың құрамына бөлiнетiн ұлттық әскери құрамалардың мүдделерiне орай 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартты iс жүзiнде iске асыру мақсатында жүзеге асырылады.
      Аталған жеткiзiлiмдер Тараптардың уәкiлеттi органдарымен келiсiлген және Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi бекiткен тiзбелердiң негiзiнде, Тараптардың әскери-техникалық ынтымақтастығы субъектiлерiнiң арасында жасалатын келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша iске асырылады.
 
                          3-бап
 
      Әскери-техникалық ынтымақтастықтың субъектiлерi осы Келiсiмге сәйкес әскери мақсаттағы өнiмнiң жеңiлдiк шарттарымен жеткiзiлiмдерiн жүзеге асыру кезiнде, халықаралық сауда тәжiрибесiнде белгiленген шарттар мен еркiн айналыстағы валютадағы есеп айырысу нысандарын қолданады.
 
                          4-бап
 
      Әскери мақсаттағы өнiмнiң жеңiлдiк шарттарымен жеткiзiлiмдерiн және өндiрiсiн қаржыландыру үшiн түсетiн аванстық төлемдерге осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында қосымша құн салығы салынбайды.
 
                          5-бап
 
      Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында жеңiлдiк шарттарымен жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдi тасымалдау кезiнде Тараптар өздерiнiң қарулы күштерiне арналған әскери мақсаттағы өнiмнiң осындай тасымалдануы үшiн белгiленген, тасымалдаудың және/немесе транзиттің, оның көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдануы және/немесе транзитi тарифiн қоса алғандағы шарттарын қолданады.
 
                          6-бап
 
      Тараптар ұжымдық қауiпсiздiк аймақтарындағы көп жақты күштер мен құралдардың құрамына бөлiнетiн осы Келiсiмнiң шеңберiнде ұлттық әскери құрамалардан жеңiлдiк шарттарымен жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмдi, сондай-ақ осы Келiсiм мен осы Келiсiмнiң 2-бабында көзделген келісiм-шарттарды орындау барысында жеңiлдiк шарттарымен алынған және/немесе сатып алынған әскери мақсаттағы өнiмдi, жеткiзушi Тараптың алдын-ала жазбаша келiсiмiнсiз басқа ұлттық әскери құрамаларға, шетелдiк мемлекеттерге, жеке және заңды тұлғаларға немесе халықаралық ұйымдарға сатпайтын және бермейтiн болады.
      Жеткiзушi Тарап осы Келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмдi мақсатты пайдалануға бақылау жасауға құқылы. Мұндай бақылаудың тетiгi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болатын жеке Хаттамада анықталады.
      Осы баптың ережелерiн бұзған Тарап өнiмдi жеткiзген Тарапқа жеткiзiлген өнiмнiң бағасы мен тәрiздi өнiмнiң әлемдiк рынокқа жеткiзiлiмдерi барысында қалыптасқан бағасының арасындағы айырмашылықты еркiн айналыстағы валютамен үш ай мерзiмде төлейдi.
 
                           7-бап
 
      Тараптар осы Келiсімдi іске асыру барысында алынған, Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етедi.
      Кез келген Тараптың мүддесiне нұқсан келтiретiн болса, осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастық барысында алынған ақпаратты пайдалануға болмайды.
 
                           8-бап
 
      Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған әскери мақсаттағы өнiмнiң/ақпараттың, сондай-ақ осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн алынған әскери мақсаттағы өнiмнiң/ақпараттың iшiнара және толық интеллектуалдық немесе өнеркәсiптiк меншiктiң нысаны болуы мүмкiн екенiн және бұл тұрғыдан ол берген Тараптың айрықша немесе басқа құқығының объектiсi болып табылатындығын таниды.
      Аталған әскери мақсаттағы өнiмдi/ақпаратты алған Тарап, оның рұқсатсыз пайдаланылуы және/немесе интеллектуалдық және/немесе өнеркәсiптiк меншiкке Тараптар уәкiлеттiк бермеген заңды және жеке тұлғалардың берушi Тараптың келiсiмiнсiз қол жеткiзген жағдайында жауапкершiлiк көтередi және өз мемлекетiнiң заңнамасы шеңберiнде, сондай-ақ өздерi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес оның құқықтық және басқа қорғалуының тиiстi шараларын қамтамасыз етедi.
 
                            9-бап
 
      Тараптардың бiрi 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттан шыққан жағдайда, ол Тараптармен келiсiлген мерзiмде аталған әскери мақсаттағы өнiмдi осы Келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзген Тарапқа, әскери мақсаттағы өнiмнiң бағасы мен сондай өнiмнiң әлемдiк рынокқа жеткiзiлiмдерi барысында қалыптасқан бағасының арасындағы айырмашылықты еркiн айналыстағы валютамен, пайдаланған әр жыл үшiн осы өнiм жеткiзiлiмiнiң келiсiм-шарттарында (шарттарда) еркiн айналыстағы валютаға баламалы сомада көрсетiлген шегерiмiн ұстап қалумен өтейдi.
      Тараптар осы Келiсiмнiң 6-бабында және осы бапта көзделген өтемдердi төлеуге кепiлдiк бередi.
 
                            10-бап
 
      Тараптардың кез келгенi осы Келiсiмнiң ережелерiн оның мақсаттарына қол жеткiзуге зиян келтiретiндей бұзған жағдайда, басқа Тараптар Келiсiмнiң немесе оның жекелеген ережелерiнiң сол Тарапқа қатысты iс-әрекетiн тоқтата тұру және оған осы Келiсiмнiң 9-бабында көзделген өтемдердi төлеудi талап ету туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiнен туындайтын мiндеттемелердi Тараптардың бiрi орындамаған жағдайда, соның салдарынан өз мүддесiне зиян келдi деп санайтын Тарап өзi мен тиiстi Тараптың арасындағы осы Келiсiмнiң iс-әрекетiн толық немесе iшiнара тоқтата тұру немесе тоқтату туралы мәлiмдей алады.
 
                           11-бап
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар мүдделi Тараптардың арасындағы консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi. Егер мұндай консультациялар мен келiссөздердiң басталған кезiнен 6 (алты) ай iшiнде мүдделi Тараптардың арасындағы келіспеушiлiктердi реттеудiң немесе талаптарды қанағаттандырудың сәтi түспеген жағдайда, Тараптар бұл дауды Шартқа қатысушы мемлекеттердiң Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң немесе Қорғаныс министрлерi кеңесiнiң қарауына бередi немесе олар мақсатты деп санайтын дау шешудiң басқа жолы туралы келiседi.
 
                            12-бап
 
      Кез келген Тарап шығуынан 6 ай бұрын өзiнiң ондай ниетi туралы Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң Алқасына жазбаша хабарлама жiберу арқылы осы Келiсiмнен шыға алады. Келiсiм осы Тарапқа қатысты өзiнiң iс-әрекетiн, сондай хабарлама алған күннен бастап 6 айдан кейiн тоқтатады.
      Осы Келiсiмнiң iс-әрекетiн тоқтатуға байланысты туындайтын барлық даулы мәселелердi Тараптар келiссөздер арқылы реттейтiн болады. Бұл орайда осы Келiсiмнiң 6, 7, 8, 9 баптарының ережелерi, осы Келiсiмнiң iс-әрекетiн тоқтатуға байланысты туындайтын барлық даулы мәселелердi мүдделi Тараптар келіссөздер жолымен реттегенге дейiн күшiнде қалады.
 
                           13-бап
 
      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағанын растайтын төрт жазбаша хабарламаны Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң Алқасы алған күннен бастап күшiне енедi және де осы туралы ол 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттың барлық қатысушыларын хабардар етедi және аталған Шарттың iс-әрекетi мерзiмiнiң iшiнде күшiнде болады.
      Осы Келiсiм қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кейiнiрек орындаған Тараптар үшiн Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң Алқасына тиiстi жазбаша хабарламасын тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
 
                          14-бап
 

 

     Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуiмен осы Келісiмнiң ажырамас

бөлiктерi болып табылатын және жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.


     Мәскеу қаласында 2000 жылғы 20 маусымда бiр түпнұсқа данада орыс

тiлiнде жасалды. Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы 1992 жылғы 15 мамырдағы

Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысына оның

куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң Алқасында

сақталады.


     Армения Республикасы үшін           Қырғыз Республикасы үшін


     Беларусь Республикасы үшін          Ресей Федерациясы үшін


     Қазақстан Республикасы үшін         Тәжікстан Республикасы үшін



     Беларусь Тарапының 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік

       туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Әскери-

    техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге

                             ескертпесі


     8-баптың ережесі кеңестің кезеңдегі өнімге қатысты қолданылмайды.


     Беларусь Республикасының   

     Премьер-Министрі


             Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі бас хатшысының

                            ақпараты


     Беларусь Республикасының 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік

туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Әскери-техникалық

ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қоюы барысында

қол жеткізілген Беларусь және Ресей Тараптарының өзара уағдаласуы бойынша

Келісімнің 8-бабына қатысты Беларусь Республикасының ескертпесіне қатысты

екі тарап сарапшыларының екі жақты консультациялары жүргізілетін болады.


           Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы

           мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің

                          шешімі


                2000 жылғы 20 маусым, Мәскеу қаласы


     1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа

       қатысушы мемлекеттердің арасындағы Әскери-техникалық

    ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің жобасы

                          туралы


     Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Сыртқы

істер министрлері

     былай деп шешті:

     1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы

мемлекеттердің арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі

қағидаттары туралы келісімнің (қоса тіркелген) жобасы мақұлдансын және ол

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

басшыларының қарауына ұсынылсын.


     Армения Республикасының       Қырғыз Республикасының

      Сыртқы істер министрі        Сыртқы істер министрі


     Беларусь Республикасының      Ресей Федерациясының

      Сыртқы істер министрі        Сыртқы істер министрі


     Қазақстан Республикасының    Тәжікстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі        Сыртқы істер министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады