Астана қаласын дамытудың бас жоспарының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қаңтар N 23

      Астананың қала құрылысындағы бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында және Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы жаңа аумақтарды белсенді игерудің басталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жапон халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің (JICA) зерттеу тобы әзірлеген Астана қаласы бас жоспарының және сумен жабдықтау мен су қашыртқысының техникалық-экономикалық негіздемесі жобасының негізгі шешімдері мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Экономика және сауда

 

министрлігімен, "Астананы дамыту корпорациясы" ЖАҚ-пен (келісім бойынша)

бірлесіп Астана қаласын сумен жабдықтау және су қашыртқысы жобасын іске

асыру үшін арнайы иендік несие тарту мақсатында Жапон халықаралық

ынтымақтастық банкімен келіссөздер жүргізу жөніндегі тиісті шараларды

қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады