"Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 қаңтар N 36

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 53-ші сессиясының "Қазақстандағы Семей аймағының халқы мен экологиясын оңалту және оны экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және қызметтерді үйлестіру" қарарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      "Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімге (бұдан

 

әрі - Келісім) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын;

     Келісімге қол қойылғаннан кейін оны белгіленген тәртіппен Қазақстан

Республикасы Парламентінің бекітуіне енгізсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады