Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркiменстан Yкiметiнiң арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi жасасу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 қаңтар N 74. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.26. N 422 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ұсынған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркiменстан Yкiметiнiң арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң қатысуымен түркiмен тарапымен жоғарыда көрсетiлген Келiсiмдi жасасу туралы келiссөз жүргiзсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркiменстан Үкiметiнiң арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасалсын. 
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Даниал Кенжетайұлы Ахметовке Келiсiм жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркiменстан Үкiметiнiң арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркiменстан Yкiметi арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және
тiркеу саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркiменстан Yкiметi,
 
        Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң басшылары 1992 жылғы 13 наурызда қол қойған Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келiсілген саясат жүргiзу туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып, 
      экономикалық және сауда қатынастарындағы техникалық кедергiлердi жою мақсатында, 
      сауда-экономикалық және техникалық ынтымақтастықтың табысты болуы үшiн стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөнiндегi мәселелердiң халықаралық сипатын және оларды шешудiң маңыздылығын атап өте отырып, 
      тұтынушылар құқықтарын қорғау және өзара жеткiзiлiп берiлетiн өнiмнiң қауiпсiздiгiн растауды қамтамасыз ету мақсатында стандарттауды, метрологияны, сертификаттауды және тiркеудi дамытудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып, 
      бұдан әрi Тараптар деп аталатындар мыналар туралы келiстi:

                                 1-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде екi мемлекеттiң мүдделерiне нұқсан келтiрместен, Қазақстан Республикасының және Түркiменстанның қолданылып жүрген заңдарын басшылыққа алатын болады. 

                                   2-бап

      Тараптар стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы ынтымақтастықты: 
      стандарттаудың қолданылып жүрген ұлттық жүйелерiн үйлестiру, өлшеулердiң, сертификаттаудың және тiркеудiң осындай халықаралық жүйелерiнiң талаптарымен бiрыңғайлылығын қамтамасыз ету арқылы; 
      стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы нормативтiк және ақпараттық материалдармен, соның iшiнде көрсетiлген бағыттардағы өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң халықаралық және ұлттық стандарттарымен алмасу арқылы; 
      өзара жеткiзiлiп берiлетiн өнiмдердiң нормативтiк құжаттарын үйлестiру және оны сертификаттау рәсiмдерi бойынша бiрлескен жұмыс жүргiзу арқылы; 
      өлшеу құралдарын мемлекеттiк сынаудың, салыстырып тексерудiң, калибрлеудiң және метрологиялық аттестациялаудың нәтижелерiн, сынақтар хаттамаларын, сәйкестiк сертификаттарын және өзара жеткiзiлiп берілетiн өнiмдерге сәйкестiк белгiлерiн тану, сондай-ақ өзара келiсілген жағдайда сертификаттау органдарын және өлшеу, сынақ, тексеру және калибрлеу зертханаларын тiркеу арқылы;
      стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу мәселелерi бойынша өзара консультациялар арқылы;
     стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу мәселелерi бойынша бiрлескен семинарлар мен конференциялар өткiзу арқылы дамытатын және нығайтатын болады.

                                 3-бап

       Бiр Тараптың стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарын, егер оларда мемлекеттердiң заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер болмаса, екiншi Тарап қабылдай алады.

                                    4-бап

       Тараптар кадрлар даярлауда және олардың бiлiктiлiгiн арттыруда, мамандармен алмасуда, кәсiпорындар, кәсiпкерлер, қоғамдық ұйымдар арасында тiкелей байланыстар орнатуда өзара іс-қимыл жасайды және бұл өзара іс-қимыл үшiн қолайлы жағдайлар жасайтын болады.

                           5-бап

       Осы Келiсiмдi орындау жөнiнде:

      Қазақстан Республикасында - Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi; 
      Түркiменстанда - "Түркiменстандартлары" бас мемлекеттiк қызметi жауапты органдар болып табылады. 

                             6-бап

       Осы Келiсiмнiң 2-бабында көзделген бағыттардағы ынтымақтастық бiрлесiп жасалған Бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылатын болады. 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру үшiн Тараптар қажет болған жағдайда бiрлескен жұмыс топтарын құратын болады. 

                              7-бап

       Осы Келiсiмнiң шеңберiнде жүргiзілетiн жұмыстар туралы және қол жеткен ғылыми-техникалық нәтижелер туралы алынатын ақпараттың құпия сипаты бар деп Тараптардың бiрi ескертетiн болса, Тараптар бұл ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ететiн болады.
      Ынтымақтастық барысында Тараптардың бiрi алатын ғылыми-техникалық ақпарат сол ақпаратты берген Тарап келiскен жағдайда ғана үшiншi Тарапқа берiлуi мүмкiн.
      Келiссөздер және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың бiрлесiп алынған нәтижелерi туралы ақпарат Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша жариялануы мүмкiн.

                               8-бап

       Осы Келiсiм стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы Тараптар жасасқан өзге де шарттардан туындайтын мiндеттемелердi қозғамайды.

                                9-бап

       Осы Келiсiмнiң ережелерi қажет болған жағдайда Тараптар арасында жасалған қосымша келiсiмдермен және/немесе хаттамалармен нақтыланатын болады. 
      Осы Келiсiмдi орындаумен және түсiндiрумен байланысты барлық даулар келiссөздер арқылы шешілетiн болады. 

                            10-бап

       Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 5 жыл iшiнде қолданылады және егер Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң күшiн тоқтатуға өз ниетi туралы Келiсiм қолданылуының кезектi кезеңi аяқталудан 6 ай бұрын басқа Тарапқа жазбаша нысанда хабарламаса, келесі 5 жылға өздігінен ұзартылады.

     Ашгабат қаласында 2000 жылғы "___"___________ екi түпнұсқа данада қазақ, түркiмен және орыс тiлдерiнде жасалды.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.     

     Қазақстан Республикасының                Түркіменстан
           Yкiметi үшiн                       Yкiметi үшiн     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады