Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Юрий Алексеевич Кимді мәңгі есте қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қаңтар N 110

      Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек

 

сіңірген заңгері Ю.А. Кимді мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан

Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Алматы қаласының әкімі:

     1) Ю.А.Кимге ескерткіш құлпытас орнатсын;

     2) белгіленген тәртіппен Алматы қаласы көшелерінің біріне Ю.А.Кимнің

есімін берсін;

     3) Алматы қаласының Зейін Шашкин көшесіндегі 36а тұрғын үйге

ескерткіш тақта орнатсын.

     2. Алматы қаласының әкіміне ескерткіш құлпытасты жасау мен орнату

және Ю.А.Кимді мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шаралар бойынша шығыстарды

қаржыландыруды 2001 жылға арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат

есебінен және шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады