Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 153 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 1170 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.12 N 1170 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Z990349_ Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарына шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың кiруiне, қабылдаушы мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы мәселенi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен және Ішкi iстер министрлiгiмен келiскеннен кейiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) рұқсат етедi.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тiзбесiн Қазақстан Республикасында тiркелген шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiнiң назарына жеткiзсiн.
       Қазақстан Республикасында тiркелген шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдықтарына шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына республиканың басқа да аумақтарының қосымша уақытша жабылуы туралы хабарлансын. 4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 153 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының ТIЗБЕСI Жамбыл облысы Гвардейский қала үлгісiндегi кентi, шекпен шектелген аумағы: Алматы және Жамбыл облыстары түйiскен жерлерде орналасқан Россавел кентi, Отар стансасынан 10 шақырым жерде орналасқан Құлжабасы темiр жол айрығы - 2006 жылға дейiн. Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы және Жаңақала аудандары - 2006 жылға дейiн. Қарағанды облысы Приозерск қаласы, Гүлшат кентi - 2006 жылға дейiн. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы, Қармақшы және Қазалы аудандары - 2006 жылға дейiн. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 153 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
      1. "Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық қалалары мен аудандарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 тамыздағы N 646-25 қаулысы.
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 тамыздағы N 646-25 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 1461-62қ қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 тамыздағы N 646-25 және 1993 жылғы 27 тамыздағы N 744-28 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 7 мамырдағы N 802-30қ қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасы. Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады