Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына тұз қышқылының транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 ақпан N 193

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мөлшерде және бағыт бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына "Каустик" жабық акционерлік қоғам (Стрерлитамак қаласы, Башқұртстан Республикасы) 2000 жылғы 19 мамырдағы N 3/188 жеткізу шартына сәйкес "Тони" өндірістік-коммерциялық фирмасына (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы) беретін тұз қышқылының транзитіне рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тұз қышқылын темір жол көлігімен тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы тұз қышқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

                                                       Үкіметінің

                                           2001 жылғы 6 ақпандағы

                                                  N 193 қаулысына

                                                          қосымша


       "Каустик" жабық акционерлік қоғамы 2000 жылғы

     19 мамырдағы N 3/188 жеткізу шарты бойынша "Тони"

     өндірістік-коммерциялық фирмасына беретін өнімнің

                    Өзіндік ерекшелігі

_________________________________________________________________________

Р/с ! Өнімнің толық атауы! Өлшем ! Мөлшері ! Бағасы  ! Жалпы құны

  N  !                    !бірлігі!         !1 тоннаға! ресейлік рубльмен

     !                    !       !         !ресейлік !

     !                    !       !         !рубльмен !

_________________________________________________________________________

  1           2               3        4        5             6

_________________________________________________________________________

1    Техникалық тұз       тонна     120        840       100800

      қышқылы

_________________________________________________________________________


     СЭҚ ТН коды - 280610000

     Келісім-шарттың жалпы сомасы: ҚҚС-н (20%) есепке

     алынған жүз мың сегіз жүз ресей рублі.


     Тұз қышқылының қозғалыс бағыты:

     Жөнелту станциясы: Ресей Федерациясы Куйбышев темір

     жолы, Косяковқа

     Мақсатты станциясы: Қырғыз темір жолы, Беловодское

     Шекарадан өту станциясы: Елек - Луговая.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.

















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады