Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 наурыз N 380

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 қыркүйектегі N 444қ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанындағы Үкіметтік байланыс агенттігінің "Құлагер" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қаңтардағы N 75 P000075_ қаулысына:
      тақырыбында және 1, 2-тармақтарында "комитетінің жанындағы Үкіметтік байланыс агенттігінің" деген сөздер "комитетінің Үкіметтік байланыс қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "комитетінің жанындағы Үкіметтік байланыс агенттігі" деген сөздер "комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі (келісім бойынша) заңда белгіленген тәртіпте "Құлагер" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады