Сапа саласындағы конкурс туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 наурыз N 384. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N 1059 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. 2001 жылдан бастап "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын алуға конкурстар және "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсы жыл сайын ұйымдастырылсын. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.27.  N 1727 , 2005.07.08.  N 715  қаулыларымен. 
       Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын алуға конкурстар
      2. Қосымшаға сәйкес құрамда "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 
      3. Қоса беріліп отырған: 
      1) "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру ережесі; 
      2) "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткізу ережесі; 
      3) "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 
      4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға материалдарды ресімдеу, ұсыну және сараптау ережесін, Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесін, Өнімдерге сараптық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлесін және бекітсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2001 жылғы 26 наурыздағы        
N 384 қаулысына             
қосымша                 

  "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi
комиссияның құрамы   <*>

       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.07. N  1593 , 2003.09.29. N  999 , 2004.11.04. N  1147 , 2005.07.08.  N 715  қаулыларымен. 

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхамбетбайұлы           Премьер-Министрiнiң орынбасары -
                               Қазақстан Республикасының Индустрия
                               және сауда бiрiншi министрi, төраға

Кравченко                    - Қазақстан Республикасының
Иван Михайлович                Индустрия және сауда бiрiншi вице-
                               министрi, төрағаның орынбасары

Мусина                       - Қазақстан Республикасының
Лилия Сәкенқызы                Ауыл шаруашылығы вице-министрi

Кәкен                        - Қазақстан Республикасының
Қарлығаш Ғазизқызы             Көлiк және коммуникациялар
                               министрлiгi аппаратының басшысы

Кононова                     - Қазақстан Республикасы
Татьяна Ильинична              Сауда-өнеркәсiп палатасының
                               вице-президентi (келiсiм бойынша)

Белоног                      - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович         сақтау вице-министрі, Қазақстан
                               Республикасының бас мемлекеттік
                               санитарлық дәрігері

Әбдiмомынов                 - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы           ғылым вице-министрi

Мәтiшев                     - Қазақстан Республикасы Индустрия
Әлиақпар Болатұлы             және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi
                              қорғау комитетiнiң төрағасы

Құсайынов                   - Қазақстан Республикасы
Әбiлғазы Қалиақпарұлы         Индустрия және сауда министрлiгi
                              Техникалық реттеу және метрология
                              комитетiнiң төрағасы

Қазақстан Республикасы           
Үкіметінің                 
2001 жылғы 26 наурыздағы           
N 384 қаулысымен              
бекітілген                  

  "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру
ережесi   <*>

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 

      1. Сапа саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) ұйымның өнімдер немесе көрсетілетін қызметтер сапасы - саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізген, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқаруда жоғары тиімді әдістерді енгізгені үшін жыл сайын конкурстық негізде беріледі. 
      2. "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия ұсынысымен (бұдан әрі - Комиссия) жыл сайын салтанатты жағдайда 12-ден аспайтын сыйлық беріледі. Марапаттау рәсімі Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 
      3. Сыйлықты беру жөніндегі конкурс тиісті қаржы жылына арналған тиісті республикалық бюджетте осы мақсат үшін көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады. Комиссия шешімнің негізінде конкурс жеңімпаздарына "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлығының иегері атағы беріледі.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 
      4. Сыйлықты алуға тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын, жұмыстарды жүзеге асыратын (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар үміткер бола алады. 
      Конкурсқа ұйымдар мынадай номинациялар бойынша қатысады: 
      1) өндiрушi салалар мен металлургия өнеркәсiбi ұйымдары;
      2) машина жасау өнiмдерiн шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
      3) жеңiл өнеркәсiп ұйымдары;
      4) құрылыс индустриясы ұйымдары;
      5) тамақ өнiмдерiн шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
      6) қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар.      Номинациялардың әрқайсысы бойынша сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығы иегерінің екі дипломын тапсыру көзделген.
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29. N 999
қаулысымен .
      5. Белгiлi бiр номинацияда сыйлық алған иегер ұйымды оны алуға сол түрі бойынша қайталап ұсынуға екі жыл бойы жол берілмейді.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 
      6. Ұйымдардың сапа саласында конкурсқа ұсынатын жұмыстарының нәтижесі, конкурсқа қатысуға өтінім бергенге дейін бұл нәтижелер практикада кемінде жарты жыл бұрын іске асырылған жағдайда ғана, қарауға қабылданады. 
      7. Комиссия жыл сайын, кезекті конкурс өткізілетін жыл алдындағы желтоқсан айында, бұқаралық ақпарат құралдарында осы конкурстың өткізілетіні туралы хабарлайды.
      Комиссия тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетi Қазақстан Республикасының ұйымдарына шақыру, конкурсқа қатысу талаптарына және шарттарына сәйкестікке ұйымдардың өзін-өзі бағалауы басшылығын жібереді.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29.  N 999,  2005.07.08.  N 715  қаулыларымен
       8. Конкурсқа қатысқысы келген ұйымдар Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетiне белгіленген үлгідегі өтінімді береді. <*>
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29.  N 999,  2005.07.08.  N 715  қаулыларымен
      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің  Техникалық реттеу және метрология комитетi конкурсқа қатысушы ұйымдар ұсынған материалдарды сараптау үшін Комиссияға береді. <*>
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29.  N 999,  2005.07.08.  N 715  қаулыларымен
     10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия конкурсқа қатысушыларға кеңес хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру туралы шешім қабылдайды.
     11. Сыйлыққа ие болған ұйымдарға "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлығының иегері" атағы беріледі, диплом мен сыйлық эмблемасы тапсырылады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 
     12. "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлығы иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 
     13. Сыйлық эмблемасының және иегер дипломының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
     14. Иегер ұйым сапа саласындағы өз жұмысының тәжірибесімен танысуға, көмек көрсетуге міндетті.
     15. Конкурсқа қатысқан барлық ұйым сапа саласындағы қызметіне баға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар алады.

Қазақстан Республикасы          
Үкіметінің                
2001 жылғы 26 наурыздағы         
N 384 қаулысымен              
бекітілген                 

            "Қазақстанның жақсы тауарлары" 
       республикалық конкурсын өткізу ережесі

      1. "Қазақстанның жақсы тауарлары" конкурсын ресми ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетi. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29.  N 999,  2005.07.08.  N 715  қаулыларымен
      2. Конкурстың негізгі мақсаты: 
      1) мемлекеттік, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың отандық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарын жандандыру; 
      2) Қазақстан рыногын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен молықтыруға көмек көрсету; 
      3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқарудың және қамтамасыз етудің осы заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және көмек көрсету; 
      4) сапа проблемаларын шешу қажеттігіне мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару; 
      5) қазақстандық сапалы өнімдер өндірушілер аттарын қалыптастыру; 
      6) халық арасында сапа идеясын кең тарату болып табылады. 
      3. Конкурсқа өнеркәсiптiк және азық-түлiк тауарларын өндiрудi жүзеге асыратын барлық меншiк нысанындағы ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшiн Техникалық реттеу және метрология комитетiне белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өтiнiм беру және белгілi бiр құжаттар жиынтығын тапсыру қажет.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің               
2001 жылғы 26 наурыздағы         
N 384 қаулысымен              
бекітілген                  

  "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi
комиссия туралы ереже   <*>

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен. 

      1. Сапа саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультациялық-кеңесші орган болып табылады және мемлекеттік басқару органдарының басшылары, сапаны басқару саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері ішінен құрылады. 
      Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетi қызметкерлері ішінен құрылған Комиссияның жұмыс органның ұсынысы бойынша қайта қаралады. <*>
      Комиссия құрамы және оның өзгерісі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
        Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29.  N 999,  2005.07.08.  N 715  қаулыларымен
      2. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледi:  <*>
      1) Сапа саласында Қазақстан Республикасы Үкіметі сыйлығын (бұдан әрі - сыйлық) алуға конкурс өткізу туралы хабарлау; 
      2) конкурсқа қатысушылар ұсынатын материалдарды ресімдеу жөніндегі талаптарды және оларды ұсыну шарттарын белгілеу; 
      3) конкурсқа қатысушылардан түсетін материалдарды қабылдау және конкурсқа одан әрі қатысушы ұйымдарды іріктеу; 
      4) түскен материалдарды сараптауға сапа жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және білімнің тиісті салаларындағы мамандарды тарта отырып, қарау; 
      5) конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілмеген конкурс қатысушыларына сараптық қорытындыларды жіберу; 
      6) сыйлық беру туралы ұсыныстық хаттамалық шешім қабылдау; 
      7) сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімін ұйымдастыру; 
      8) сыйлық иегерлерінің тәжірибесін және жетістіктерін таратуға көмек көрсету.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.08.  N 715  қаулысымен
      3. Комиссия жұмысын мемлекеттік басқару органдарымен, атқарушы өкіметпен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады. 
      Комиссия сыйлық алуға ұсынылған материалдарды алдын ала қарау және жан-жақты бағалау, олар бойынша қорытындылар мен ұсыныстар дайындау үшін секциялар мен сарапшылар топтарын құрады.
     4. Комиссия мәжілісі оның жұмыс органының бастамасы бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.
     Комиссия мәжілісі Комиссия мүшелері құрамының кемінде 2-3-сі болған ретте құқықты деп есептеледі.
     Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы жәй көпшілік дауыспен қабылданады.
     Ұйымға сыйлық беру үшін оған кемінде 3/4 дауыс берілуі тиіс.
     5. Комиссияның сыйлық беру туралы шешімі Комиссияның ашық дауыс беруі нәтижесі бойынша қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
     Шешім хаттамамен ресімделеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі үшін ұсыныстық сипатта болады.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады