Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 сәуір N 485

      2001 жылғы көктемгi дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.18. N 652
               қаулысымен. P010652_
      1. Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi:
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қор) 2001 жылға арналған облыстық бюджеттерде осы қаулының 5-тармағына сәйкес алынған несиелер бойынша түсетiн түсiмдi және өтеудi көздейтiн тиiстi мәслихаттардың шешімдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушiлерiн жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе сатып алуға несиелендiру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды ұсынсын;
      көктемгi дала және егін жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерiн жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе сатып алуға несиелендiрудiң iшкi ережесiн әзiрлесiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.18. N 652
               қаулысымен. P010652_
      2. Осы қаулының 1-тармағының шарттарын орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне кейiннен жергiлiктi атқарушы органдарды несиелендiру үшiн, Қорды 2001 жылғы 3 желтоқсанға дейiнгi мерзiмге нөлдiк сыйақы ставкасымен несиелендiру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 428 000 000 (төрт жүз жиырма сегіз миллион) теңге мөлшерінде сома бөлінсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қормен тиісті несие келісімін жасауды қамтамасыз етсін.
      4. Көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне осы қаулының 5-тармағына сәйкес көктемгi дала және егін жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн несиелендiруге бөлiнетiн қаражатты Қордан қарызға алуларына рұқсат етiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.18. N 652
                қаулысымен. P010652_
      5. Қор көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне тиiстi несие келісiмдерiн

 

жасай отырып, нөлдiк сыйақы ставкасымен 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi

мерзiмге несие қаражатын бөлсiн, оның iшiнде:

     Алматы облысына - 236 100 000 (екi жүз отыз алты миллион бiр жүз мың)

теңге;

     Қызылорда облысына - 45 300 000 (қырық бес миллион үш жүз мың) теңге;

     Жамбыл облысына - 85 300 000 (сексен бес миллион үш жүз мың) теңге;

     Оңтүстiк Қазақстан облысына - 61 300 000 (алпыс бiр миллион үш жүз

мың) теңге.

     6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады