Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1961 және 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 сәуір N 492

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем тартуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1961 P001961_ қаулысына:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "2000" деген сан "2001" деген санмен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 P001963_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002

 

жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада:

     "Көлік және байланыс" салалық секторында реттік нөмірі 11-жолда:

     "Кепіл мөлшері" деген жолдың 9-бағанындағы "9,00" деген сан  алынып

тасталсын, 10-бағаны "9,00" деген санмен толықтырылсын;

     "Барлығы" деген жолдағы:

     "Кепіл мөлшері" деген жолдың 9-бағанындағы "254,40" деген сан

"245,40" деген санмен ауыстырылсын.

     "Кепіл мөлшері" деген жолдың 10-бағанындағы "219,66" деген сан

"2228,66" деген санмен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады