Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету жөніндегі шаралары туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 мамыр N 586


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2001 жылғы 24 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы 
арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және 
тереңдету жөніндегі шаралары туралы хаттама бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
       Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк
       Республикасының Бас штабы арасындағы Әскери-техникалық
           ынтымақтастықты одан әрi кеңейту және тереңдету
                   жөнiндегi шаралары туралы
                           ХАТТАМА
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс 
министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы,


      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы 1993 жылғы 23 ақпандағы Әскери бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы 1994 жылғы 8 тамыздағы Әскери ғылым, техника және білiм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi P990065_ басшылыққа ала отырып,
      әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтудiң және тереңдетудiң маңыздылығын мойындай отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

                     1-бап. Мақсат

      Осы Хаттаманың мақсаты әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, осы саладағы қолда бар және перспективалық бағдарламаларды үйлестiру үшiн құрылатын Қазақстан Республикасындағы Түрiк Республикасы Бас штабы Әскери-техникалық өкiлдiгiнiң (бұдан әрi - Өкiлдiк) негiзгi принциптерiн, қызметiнiң шарттарын және мәртебесiн айқындау болып табылады.

                      2-бап. Жалпы ережелер

      1. Өкiлеттiктiң заңды мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
      2. Тиiмдi және жедел қызмет үшiн жағдай жасау мақсатында Өкiлдiк Астана қаласында орналасады және жұмыс iстейдi. Өкiлдiктi орналастыру үшiн Қазақстан Тарапының қолда бар мүмкiндiктерi қарастырылатын болады. Бұл орайда, ұсынылған үй-жайды жөндеуге және қосымша жабдықтауға байланысты шығындарды өтеудi түрiк Тарапы жүзеге асырады.
      Өкiлдiктiң жұмыс iстеуi үшiн жеке ғимарат берiлген жағдайда меншiк түрi және ғимаратты ұстауға, оның сыртқы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ коммуналдық және басқа шығыстарды төлеуге жауаптылар көрсетiле отырып жеке хаттама жасалады.
      3. Өкiлдiк пайдаланатын қызметтiк автокөлiк құралдарын тiркеу Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.

                     3-бап. Қызмет принциптерi

      1. Өкілдік Тараптардың әскери-техникалық ынтымақтастық iс-қызметтерiн үйлестiрудi, тылдық қамтамасыз ету, әскери және медициналық бiлiм салалары мен қолда бар және перспективалық бағдарламаларға сәйкес өзге де салаларда материалдық-техникалық көмек берудi қамтамасыз етедi.
      2. Өкілдік құжаттамаларды дайындауда және әскери бiлiм, тылдық қамтамасыз ету және кадрларды даярлау жөніндегi шараларды жоспарлауда техникалық көмек көрсетедi.
      3. Өкiлдiк материалдық-техникалық қамсыздандырудың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне қарасты жөндеу кәсiпорындарының мүмкiндiктерiн кеңейту, көмек көрсетудi уақытылы жүзеге асыру, сондай-ақ осы топтардың жұмыстарына қатысу мақсатында Тараптардың бiрлескен жұмыс топтарын құруды үйлестiредi.
      4. Өкiлдiктiң персоналы осы Хаттаманың мәтiнiнде аталмаған мәселелер бойынша мақсаттарға қол жеткiзу үшiн және осы Хаттаманың қолдану саласы шеңберiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк уәкiлеттi органдарымен келiссөздер жүргiзе алады және Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттiк органдары қабылдаған шешiмдерге сәйкес әрекет етедi.
      5. Өкілдiктiң қызметiн үйлестiру Қазақстан Республикасындағы Түрiк Республикасы Әскери атташесiнiң аппаратына жүктеледi.

                  4-бап. Өкiлдiктiң персоналы

      1. Өкiлдiктiң персоналы түрiк Қарулы Күштерiнiң үш әскери қызметшiсiнен тұрады. Өкiлдiктiң персоналын үлестiң ақшалай және өзге де түрлерiмен Түрiк Тарапы қамтамасыз етедi. Өкiлдiктiң жұмыс iстеуiне көмек көрсету мақсатында Қазақстан Тарапынан Өкiлдiкке байланыс офицерi iссапарға жiберiлетiн болады.
      2. Қазақстан Тарапы Өкiлдiктiң персоналына келiсілген үлгіде фотосуретi бар және әскери атағы, аты-жөнi, тегi, азаматтығы және оның қолданылу мерзiмi көрсетiлген жеке куәлiктер бередi.
      3. Өкiлдiк өзiнiң қызметiн (әкiмшiлiк және техникалық) жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарына сәйкес Қазақстан Тарапының персоналын жұмысқа қабылдай алады. Бұл жағдайда Қазақстан Тарапының персоналын ақшалай ұстау Түрiк Тарапы есебінен қамтамасыз етiледi.
      4. Өкiлдiк персоналының Түрiк Республикасынан Қазақстан

Республикасына және кейiн қарай жол жүруiне байланысты шығыстары толық 
көлемде Түрiк Тарапының есебінен қамтамасыз етiледi.
     5. Өкiлдiктің персоналы әлеуметтік-сауықтыру мекемелерiнің қызметін 
ақылы негiзде пайдаланады.
     
                  5-бап. Қосымша ережелер
     
     Өкiлдiктiң персоналы Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға 
тиiстi.
     
                6-бап. Даулы мәселелердi реттеу
     
     Осы Хаттаманы iске асыру барысында туындайтын Тараптар арасындағы 
даулы мәселелер өзара консультациялар мен келiссөздер арқылы реттеледi.
     
                   7-бап. Өзгерiстер енгізу
     


      Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.

                8-бап. Қолданылу мерзiмi және тоқтатылуы

      1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi

мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламалары 
келiп түскен күннен бастап күшiне енедi.
     2. Осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап бес жыл бойы әрекет етедi 
және егер Хаттаманың қызмет мерзiмi аяқталғанға дейiн 90 күн бұрын 
Тараптардың бiрi оның әрекет етуiн тоқтату туралы өзiнiң ниетiн екiншi 
Тарапқа жазбаша хабарламаса, ол өздiгiнен бiр жылға ұзартылады.
     2001 жылғы 24 наурызда Астана қаласында, әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс 
тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
     
     Қазақстан Республикасының        Түрік Республикасының
       Қорғаныс министрлігі                Бас штабы
               үшін                           үшін
     
     Қолы:                          Қолы:
     Тегі: генерал-майор            Тегі: генерал-лейтенант
     
     Лауазымы: Қорғаныс             Лауазымы: Бас штаб Тыл
     Министрінің орынбасары         басқармасының бөлім бастығы
     Күні: 2001 жылғы 24 наурыз     Күні: 2001 жылы 24 наурыз
     
    Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады