Қазақстан Республикасы мен Румыния Сыртқы істер министрлерінің хат алмасуы нысанында дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелеріне арналған рұқсатнамалардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасында келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 мамыр N 610

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасы мен Румыния Сыртқы істер министрлерінің хат

алмасуы нысанында дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелеріне

арналған рұқсатнамалардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы келісімінің жобасы мақұлдансын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                        Жоба


     Жоғары мәртебелi !


     Сіздiң 2000 жылғы 9 тамыздағы мәтiнi төменде келтiрiлiп отырған

хатыңызды алғанымды хабарлауды өзiме мәртебе санаймын.


     "Жоғары мәртебелi !



 
       Румыния мен Қазақстан Республикасы арасында келу рәсiмдерiн оңайлату мақсатында Румыния Үкiметi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен мынадай шарттарда Келiсiм жасасуға әзiр екендiгiн Сiзге хабарлауды өзiме мәртебе санаймын:
 
      1. Румыния Үкiметi Қазақстан Республикасының азаматтары - қолданыстағы дипломатиялық және қызметтiк паспорттар иелерiн келген кезiнен бастап 90 тәулiктен аспайтын мерзiмге келу немесе болу үшін Румынияға келу мақсатымен рұқсатнама алу қажеттiгiнен босатады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Румыния азаматтары - қолданыстағы дипломатиялық және қызметтiк паспорттар иелерiн келген кезiнен бастап 90 тәулiктен аспайтын мерзiмге келу немесе болу үшiн Қазақстан Республикасына келу мақсатымен рұқсатнама алу қажеттiгiнен босатады.
      3. 90 күннен артық мерзiмге екiншi елдiң аумағына келгiсi келетiн екi елдiң азаматтары - дипломатиялық және қызметтiк паспорттар иелерi алдын ала рұқсатнама алуы тиiс. Рұқсатнаманы тиiстi мемлекеттiң дипломатиялық қызметi ақысыз ресiмдейдi.
      4. Қазақстан Республикасында дипломатиялық қызмет қызметкерлерi ретiнде қызметтiк iссапарда жүрген Румыния азаматтары - дипломатиялық және қызметтiк паспорттар иелерi және олардың отбасы мүшелерi өздерi тiркелген кезеңiне рұқсатнама ресiмдемей Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және онда қалуына болады.
 

     Румыния Премьер-Министрiнiң орынбасары

            Сыртқы iстер министрi

     Жоғары мәртебелі Петре Роман мырзаға


 
 
       5. Румынияда дипломатиялық қызмет қызметкерлерi ретiнде қызметтiк iссапарда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары - дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерi және олардың отбасы мүшелерi өздерiнiң тiркелген кезеңiне рұқсатнама ресiмдемей Румыния аумағына келуiне және онда қалуына болады.
      6. (i) Румыния Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Yкiметi осы Келiсiм күшiне енгiзiлгенге дейiн 30 күннен кешiктiрмей дипломатиялық арналар арқылы қолданыстағы дипломатиялық және қызметтiк паспорттар үлгiлерiмен алмасады.
      (ii) Дипломатиялық және қызметтiк паспорттарда әлдебiр өзгерiстер болған жағдайда, олар күшiне енгiзiлгенге дейiн 30 күннен кешiктiрмей мүдделi ел екiншi елге жаңа үлгілердi оларды қолдану жөнiндегi ақпаратпен қоса жiбередi.
      7. Келiсiмнiң күшi бiр Yкiмет 30 күн бұрын екiншi Үкiметке алдын ала

 

жазбаша түрде хабарлама жасауы арқылы тоқтатылуы мүмкiн.

     Егер жоғарыда көрсетiлген ұсыныстар Қазақстан Республикасының Үкiметi

үшiн қолайлы болса, онда осы нота және Жоғары мәртебелi Сiздiң жауап

нотаңыз дипломатиялық және қызметтiк паспорттар иелерi үшiн рұқсатнамалық

режимдi жою жөнiнде екi Yкiмет арасындағы келiсiмдi бiлдiредi ол Сiздiң

жауабыңыз берiлген күннен бастап 90 күн өткеннен кейiн күшiне енедi деп

ұсыныс жасауды өзiме мәртебе санаймын.

     Жоғары мәртебелi, Сiзге деген аса жоғары құрметiме сендiруiмдi қабыл

алыңыз.



                             Румыния Премьер-Министрiнiң орынбасары

                             Сыртқы iстер министрi


     Қазақстан Республикасының

     Сыртқы iстер министрi

     Жоғары мәртебелi Е.Ыдырысов мырзаға"



     Қазақстан Республикасының Үкіметі Румыния Үкіметінің ұсынысымен

келісетінін және Жоғары мәртебелі Сіздің 2000 жылғы 9 тамыздағы хатыңыз

бен осы жауап хат екі ел Үкіметтері арасындағы Келісім болып

табылатындығын, ол осы хат жазылған күннен бастап 90 күннен кейін күшіне

енетінін хабарлауды өзіме мәртебе санаймын.


     Жоғары мәртебелі, менің терең құрметімді қабыл алыңыз.



                                   Қазақстан Республикасының



                                     Сыртқы істер министрі




                                    Астана, 2001 жылғы ___________



 
Мамандар:
      Багарова Ж.А.
      Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады