Жабайы жануарлардың экспортына рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 мамыр N 717

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің тиісті мемлекеттік кәсіпорындары аулаған жабайы жануарлардың мынадай түрлерінің экспортына:
      1) Солтүстік Қазақстан облысынан (Петропавл қаласы) еліктің 35 басына;
      2) Шығыс Қазақстан облысынан (Өскемен қаласы) асыл тұқымды бұғылардың 35 басына;
      3) Қарағанды облысынан (Қарағанды қаласы) қабанның 35 басына лицензиялар берсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен экспортталатын жабайы жануарларды кедендік ресімдеуді жүргізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен шетке шығарылатын жабайы жануарларға ветеринарлық құжаттар ресімдеуді және беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген жабайы жануарларды табиғаттан алуға байланысты республикалық бюджеттің кірісіне жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдердің түсуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

 

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады