Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына тұз қышқылының транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 маусым N 763

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына 1999 жылғы 13 мамырдағы N 9/99 шарт бойынша "Сирек кездесетін металдардың шығыс комбинаты" мемлекеттік кәсіпорны үшін (Чкалов қаласы, Тәжікстан Республикасы) "Химэкс" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) жеткізетін тұз қышқылының қосымшада көрсетілген сандағы транзитіне рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімге және басқа да нормативтік кесімдерге сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол көлігімен жүк тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тұз

қышқылының транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                       Қазақстан Республикасы

                                           Үкіметінің

                                      2001 жылғы 7 маусымдағы

                                         N 763 қаулысына

                                               қосымша


        1999 жылғы 13 мамырдағы N 9/99 шарт бойынша "Сирек"

    кездесетін металдардың шығыс комбинаты" мемлекеттік кәсіпорнына

          (Чкалов қаласы, Тәжікстан Республикасы) "Химэкс"

       жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей)

              Федерациясы) жеткізетін өнімнің саны

_______________________________________________________________________

Р/с !  Стандарт бойынша   ! СЭҚ ТН   !Өлш. ! Саны  ! АҚШ долларымен

N   ! өнімнің толық атауы ! коды     !бір. !       ! жалпы құны

_______________________________________________________________________

1    Тұз қышқылы           280610000  тонна  8.440  9749.6

_______________________________________________________________________

     Жөнелту станциясы: Икша Мәскеу облысы

     Бағытталған станциясы: Ленинабад Тәжік темір жолы

     Шекарадан өту станциялары: Илецк-1-Шеңгелді Қазақ темір жолы



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады