Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 789.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік көзқарасты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 11 маусымдағы
N 789 қаулысымен
бекiтiлген

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ереже

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.12.01 N 1179 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      1. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

      2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан, ал облыстық, қалалық, қаладағы аудандық, аудандық комиссиялар тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қажет болған кезде Комиссия аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жанынан құрылуы мүмкін. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жанындағы Комиссия аудандық Комиссияның құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Кенттік, ауылдық Комиссияны және ауылдық округ Комиссиясын құру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды, ал дербес құрамын тиісті ауданның мәслихаты бекітеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi Комиссия төраға, төрағаның орынбасары, Комиссия мүшелерi және хатшы құрамында құрылады. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық Комиссияны және ауылдық округ Комиссиясын қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы жергілікті атқарушы орган аппаратында (әкімдікте) штаттық лауазымды атқарады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алуға мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.

      6. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Бала құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырады.

      7. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Комиссияның негізгі функциялары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі мемлекеттiк органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;

      3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың жай-күйiн зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

      5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;

      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтайды және таратады, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

      7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

      8) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;

      9) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруда, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;

      10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;

      11) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған Комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;

      12) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған Комиссиялардың қызметін үйлестіреді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      9. Комиссияның негізгі функциялары:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;

      2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз, панасыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдарды үнемі хабардар ету;

      3) өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк оңалту, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi өздерiнiң мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына терiс әсер ететiн немесе оларға қатігездікпен қарайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдердi белгілеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;

      5) белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiну;

      6) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды қолдау туралы ұсыныстар енгiзу;

      7) кәмелетке толмағандарды физикалық және психикалық күш көрсетуден, қылмыстық кемсiтушіліктің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;

      8) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейiн кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс және (немесе) қылмыстық теріс қылық белгiлерi бар қоғамдық қауiптi әрекеттер фактiлерi бойынша материалдарды қарау;

      9) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдар, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер жұмысының оң тәжірибесін жинақтау және тарату, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      10) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының профилактикасымен айналысатын тиiстi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, өзге де органдар мен ұйымдарға:

      кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босатылған;

      арнайы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған;

      әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;

      бiлiм беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзудiң қажеттiгi туралы ақпарат жiберу;

      11) спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық немесе есеңгiрететiн заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдік-профилактикалық және оңалту шараларын жүргiзу үшiн ата-аналарының келiсiмiмен денсаулық сақтау мекемелерiне жiберу;

      12) мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына ұзақ уақыт келмей жүргені туралы бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң ұсынымдарын қарау;

      13) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Ережеде көзделген жағдайларда және тәртiппен ықпал ету шараларын қабылдау;

      14) арнайы білім беру ұйымының, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемелерде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ онда болу мерзімін ол қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайларда ұзартуға немесе кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша оны басқа арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына ауыстыруға байланысты мәселелер бойынша сотқа ұсыным дайындау;

      15) кәмелетке толмаған сотталушыны жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы жазаны орындайтын мекеме әкімшілігінің ұсынысын қарау бойынша кәмелетке толмағандар құқықтарының өкілі ретінде сот отырысына қатысу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерге, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ тиiстi аумақтарда орналасқан арнаулы бiлiм беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың денсаулығын сақтау жағдайларын және құқықтары мен заңды мүдделерiнің қорғалуын тексеру мақсатында оларға бару (кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзу);

      17) бiлiм беру ұйымдарында олардың меншiк нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбиелік, құқықтық, бiлiм беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерделеу;

      18) кәмелетке толмағандардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде – тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуына жәрдемдесу;

      19) кәмелетке толмағандардың кепілдендірілген мемлекеттік көмек алуына жәрдемдесу;

      20) кәмелетке толмағандардың мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды алуына жәрдемдесу;

      21) кәмелетке толмағандардың демалуға, сауықтырылуға және бос уақытын өткізуге құқығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      22) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

      23) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруды үйлестіру;

      24) кәмелетке толмағандардың отбасында тұру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;

      25) қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттің салдарынан дене жарақатын немесе психологиялық жарақат алған кәмелетке толмағандарға жәрдемдесу, денсаулығын қалпына келтіруге және әлеуметтiк бейiмделуге қажеттi көмек көрсету болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3-тарау. Комиссия қолданатын шаралар

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегi Комиссия қабылдайтын шаралар:

      1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылығының және қараусыз қалуының профилактикасына жауапты басқа органдармен бiрлесiп, өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайға тап болған, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, бiлiм беру ұйымдарына ұзақ уақыт бойы бармай жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың жеке есебiн жүргiзедi, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;

      2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiмдi бiлiм беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарына, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жiбередi, олар өз кезегiнде екi апта мерзiмде қабылданған шаралар туралы Комиссияны хабардар етеді;

      3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң болмауына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты арнайы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан шыққан, тәрбие колониясынан немесе кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн емес немесе қажет болмаған жағдайларда, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртiбiне терiс әсер ететiн өзге де себептерге байланысты көрсетiлген мекемелердiң орналасқан жерi бойынша Комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерiн есепке ала отырып, бiлiм беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiнде көмек көрсетедi. Комиссия мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтiнiшi мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелдi қорытындысы берiлген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлеу үшiн Комиссия тиiстi қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11. Комиссияның кәмелетке толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары.

      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа жеткенге дейiнгi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгiлерi бар қоғамға қауiптi әрекеттерi жөнiндегi iстердi сот қараған кезде комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелiгiн, өмiр сүру және тәрбие жағдайларын, психикалық даму деңгейiн, жеке адамның өзге де ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайы мен мiнез-құлқын, жасы үлкендердiң рөлi мен ықпалын, сондай-ақ әкiмшiлiктiк заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағанды арнайы білiм беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жiберу туралы сотқа өтiнiш беру.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.01 N 1179 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.01.15 № 12 (қолданысқа енгізілц тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      12. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Комиссия қолданатын ықпал ету шаралары.

      Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың дене бітімінің және рухани қалыпты дамуына керi әсерiн тигiзетiн ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:

      кәмелетке толмағандарға келтiрілген зиянды өтеу туралы сотқа өтiнiшхат беру;

      кәмелетке толмағанның өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған өзге де заңды өкiлдерiнен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы, баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың бұзылуы туралы не асырап алуды (қыз бала асырап алуды) сот тәртібімен жою туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтiнiшхатпен жүгіну;

      ата-аналық құқығын шектеу жөнiнде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар қолдану туралы өтiнiшпен он бес жұмыс күні ішінде сотқа жүгіну.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 12 (қолданысқа енгізілц тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды:

      кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша;

      өзiнiң жеке бастамасы бойынша;

      азаматтардың ақпараттары бойынша;

      бiлiм беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi;

      қылмыстық жауапкершiлiк туындаған жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты iшкi iстер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.

      Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық кесiмдерiмен белгiленген тәртiппен қарайды.

      15. Комиссия отырыстарын дайындау.

      Комиссияның қарауына келiп түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын-ала зерттейдi.

      Комиссияның қарауына келiп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесiнде ол:

      осы материалдардың деректерiн қарау оның құзыретiне жататындығын;

      комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберiн;

      материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшiн маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргiзу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттiлiгiн анықтайды.

      Комиссия материалдарды алдын-ала зерттеу нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдер қабылдай алады:

      материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн, отырысқа қатысуы мiндеттi деп танылған басқа да адамдарды комиссия отырысының күнi мен орны туралы хабардар ету;

      келiп түскен материалдардағы мәлiметтерге тексеру жүргiзу немесе оны жүргiзудi тиiстi мамандарға тапсыру;

      комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердiң нақтылығы бойынша кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшiн қарау;

      кәмелетке толмағанның комиссия отырысына келуiн қамтамасыз ету жөнiнде осы Ереженiң 16-тармағында көзделген шараларды қабылдау. <*>

      Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокат комиссия отырысы басталғанға дейiн оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетiлген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды комиссия отырысына шақыру туралы шақыру қағазында түсіндіріледі.

      Комиссияның алған материалдары олардың комиссияға келiп түскен күнiнен бастап он бес күн iшiнде қаралуы тиiс.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.06.14 N 646 қаулысымен.

      16. Комиссия отырысына қатысушы адамдардың келуiн қамтамасыз ету.

      Кәмелетке толмаған комиссия отырысына қатысудан жалтарды деуге негiз болған кезде, комиссия келуiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктi ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне, не ол тәрбиеленетiн бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiне жүктейдi, олар осы мәселе бойынша жазбаша мiндеттемелер бередi.

      Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне хабарланғаннан кейін комиссия отырысына дәлелді себептерсіз келмеген ретте:

      қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған.

      Кәмелетке толмағандар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген жағдайда мәжбүрлеп жеткізілуге олардың заңды өкілдері тартылады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.06.14 N 646, 2010.01.15 № 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      17. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi.

      Облыстық Комиссияның отырысы екі айда бір рет өткізіледі. Қалалық, қаладағы аудандық, аудандық Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бiрақ айына екi реттен сиретпей өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткiзу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады.

      Комиссия қажет болған кезде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады.

      Егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, ол заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасының орынбасары төрағалық етеді.

      Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды Комиссия тек кәмелетке толмағанның өзінің, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.

      Кәмелетке толмағанның тiлегi бойынша Комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi.

      Комиссия отырысын өткiзу күнi, орны мен уақыты туралы прокурорды хабардар ету мiндеттi.

      Қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезiнде отырысқа прокурор шақырылады.

      Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатынын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Содан кейiн қажеттi құжаттар жарияланады, келiп түскен материалдар, сондай-ақ негiзделген шешiм қабылдау үшiн маңызы бар жағдайлар зерттеледi, өтiнiшхаттар қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзi тыңдалады.

      Қаралатын материалдардың мәнi бойынша өтiнiшхаттарды кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ Комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтiнiш бiлдiрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мәлімдей алады. Мәлімделген өтiнiшхаттарды қарау нәтижелерi Комиссия отырысының хаттамасына енгiзiледi.

      Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға керi ықпал ететін жағдайларды зерттеу кезінде Комиссияның оны залдан шығаруға құқығы бар, бұл туралы Комиссия отырысының хаттамасында жазылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Комиссия қаулысы.

      Кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдары, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу үшiн жауапты органдардың ұсынымдары олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi, азаматтардың ақпараттары бойынша комиссия қаулы қабылдайды, онда:

      кәмелетке толмағанды орналастыру жөнiнде осы Ереженiң 10-тармағында көзделген шараларды белгіленген тәртiппен қабылдау туралы;

      осы Ереженiң 11, 12-тармақтарында көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы;

      дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты iшкi iстер органдарына жіберу туралы шешiм баяндалады.

      Комиссия қаулысына төрағалық етушi және оның хатшысы қол қояды, Комиссия отырысында жарияланады және шағым беру үшін белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды күшiне енедi.

      Комиссия қаулысында:

      комиссияның атауы және жеке құрамы;

      комиссия отырысының күнi мен жерi;

      материалдар қаралуға қатысты адам туралы мәлiметтер;

      материалдарды қарау кезiнде белгiленген жағдайлар;

      шешiм қабылдауға негiз болған дәлелдер;

      кәмелетке толмағанның құқық бұзушылығы үшiн жауапкершiлiк көзделетiн не құқықтарына кепiл беретiн нормативтiк құқықтық кесiм;

      комиссия қабылдаған шешiм;

      кәмелетке толмағанға комиссия ұсынған әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi шаралар, олар тапсырылған органдар мен адамдар;

      осы қаулы бойынша шағымданудың мерзiмдерi мен тәртiбiн түсiндiру туралы мәлiметтер көрсетiледi.

      Комиссия қаулысына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгiленген мерзiм өткеннен кейiн, заңды күшiне енедi.

      Комиссия қаулысы орындау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсiз ұйымдарға жiберiледi.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.06.14 N 646, 2010.01.15 № 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      19. Комиссияның ұсынысы.

      Егер материалдарды қарау барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға оларды жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.

      Осы тармақта көрсетiлген органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары комиссия ұсынысын алған күнiнен бастап бiр айдың iшiнде оны қарауға және тиiстi комиссияға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.

      Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасында белгiленген жауапкершiлiкте болады.

      20. Комиссия отырысының хаттамасы.

      Комиссия отырысында Комиссияның хатшысы хаттама жүргiзедi, онда:

      комиссияның атауы мен жеке құрамы;

      комиссия отырысының күнi мен жерi;

      қаралатын материалдардың мазмұны;

      материалдары қаралатын адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, оның тұрғылықты жерi, сондай-ақ материалдардың қаралуы үшін маңызы бар өзге де мәлiметтер;

      комиссия отырысына қатысушылардың келуi және оларға олардың құқықтары мен мiндеттерін түсіндiру туралы мәлiметтер;

      комиссия отырысына қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi;

      материалдарды қарау кезiнде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтар;

      берiлген өтiнiштер мен оларды қарау нәтижелерi, комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау туралы мәлiметтер;

      қабылданған қаулы немесе ұсыныс бойынша шағымдану мерзiмдерi мен тәртiбiн түсiндiру туралы мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.

      Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның хатшысы қол қояды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттерiне, сондай-ақ қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды зерттеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық iстердi есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады, өзiнің аумағының шегінде осы есепке алудың деректерiн қорытындылайды.

      22. Комиссия қаулысына немесе ұсынысына шағым беру.

      Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қаулы немесе ұсыным ол кiмге қатысты қабылданса, сол адам, оның заңды өкiлдерi, адвокаты, сондай-ақ жәбiрленушi сотқа немесе жоғары тұрған комиссияға шағым бере алады.

      Көрсетiлген мерзiмде шағым беру тиiстi қаулының немесе ұсынымның орындалуын тоқтатады.

      Комиссияның қаулысы немесе ұсынымы бойынша сотқа шағым беру мерзiмдерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

      Комиссия қаулысына немесе ұсынымына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен прокурор қарсылық бiлдiре алады.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.06.14 N 646 қаулысымен.

5-тарау. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету әкімнің аппаратына жүктеледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады