Тәжікстан Республикасына Украинадан және Ресей Федерациясынан жарылғыш заттардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 791

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Украинадан және Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына қосымшаға сәйкес номенклатура және сан бойынша 2001 жылғы 6 ақпандағы N 280 және 2001 жылғы 13 ақпандағы N 25/2001-НВ келісім-шарты бойынша "Химзавод" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (Исфара қаласы, Ленинабад облысы, Тәжікстан Республикасы) үшін "Заря" Рубежное қазыналық химиялық зауыты (Рубежное қаласы, Луганск облысы, Украина), сондай-ақ "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) жеткізетін жарылғыш заттардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Халықаралық темір жол жүк тасымалы туралы келісімге және басқа да нормативтік кесімдерге сәйкес ерекше қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің темір жол көлігімен транзиттік тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы жарылғыш заттардың транзитіне бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                            Қазақстан Республикасы

                                                        Үкіметінің

                                          2001 жылғы 11 маусымдағы

                                                   N 791 қаулысына

                                                           қосымша


         2001 жылғы 06 ақпандағы N 280 және 2001 жылғы

      13 ақпандағы N 26/2001-НВ келісім-шарттары бойынша

    "Химзавод" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (Исфара қаласы,

      Ленинабад облысы, Тәжікстан Республикасы) үшін "Заря"

      Рубежное қазыналық химиялық зауыты және "Нитро-Взрыв"

    Мәскеу ашық акционерлік қоғамы жеткізетін тауарлардың саны

_________________________________________________________________________

Р/с!   Тауардың    ! СЭҚ ТН   ! Өлшем ! Саны  ! АҚШ       ! АҚШ

N !    атауы      !  коды    !бірлігі!       !долларымен ! долларымен

   !               !          !       !       !бір бірлік.! құны

   !               !          !       !       !тің бағасы !

_________________________________________________________________________

     2001 жылғы 06 ақпандағы N 280 келісім-шарт бойынша

_________________________________________________________________________

1.  Тринитротолуол !290420100 !тонна  !1500   !670        !1 005 000

_________________________________________________________________________

   Жиынтығы:                                               1 005 000

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

     2001 жылғы 13 ақпандағы N 26-20 келісім-шарт бойынша 01-НВ

_________________________________________________________________________

2.  Қабыршақты     !290420100 !тонна  !1500   !935        !1402500

    тротил

_________________________________________________________________________

   Жиынтығы:                                               1402500

_________________________________________________________________________


     Жөнелтуші: "Заря" Рубежное қазыналық химиялық зауыты

     Баратын станциясы: Рубежное Дон темір жолы

     Шекарадан өту станциясы: Озинки (Ресей), Шеңгелді (Қазақстан)


     Жөнелтуші: Нитро-Взрыв, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы

     Жөнелту станциясы: Жоғары Свердлов темір жолы

     Шекарадан өту станциясы: Никель-тау (Ресей), Шеңгелді (Қазақстан)


     Жүк алушы: "Химзавод" АҮАҚ (Исфара қаласы, Тәжікстан Республикасы)

     Баратын соңғы станциясы: Исфара Тәжік темір жолы



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Шарипова М.Е.  






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады