"Қазақстан Республикасы әскерінің санитарлық қызметінің эмблемасы және айырымдық белгісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 маусым N 863

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасы әскерінің санитарлық қызметінің эмблемасы

және айырымдық белгісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                                 Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы

           Қазақстан Республикасы әскерінің санитарлық қызметінің

                  эмблемасы және айырымдық белгісі туралы




 
       1-бап. Қазақстан Республикасы ақ түс аясында салынған қызыл айшық

 

геральдикалық белгісін әскердің санитарлық қызметінің эмблемасы және

айырымдық белгісі ретінде қолдансын.

     2-бап. Қазақстан Республикасы "Соғыс құрбандарын қорғау туралы 1949

жылғы Женева Конвенцияларына және Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева

Конвенцияларына қатысты 1977 жылғы І және ІІ Қосымша Хаттамаларға

Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2060-ХІІ қаулысында көрсетілген

ескертпелерді алып тастасын.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады