"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Ассоциациясына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң көп жақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi және қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 маусым N 870

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Ассоциациясына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң көп жақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi және қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                            Жоба



 
                         Қазақстан Республикасының Заңы
 
       Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық
        Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына,
       Халықаралық Даму Ассоциациясына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң көп
          жақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi
          Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне,
      Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi және қатысуы туралы
 
      Осы Заң Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Ассоциациясына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң көп жақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне (бұдан әрi - халықаралық ұйымдар) мүшелiгi мен қатысуының құқықтық шарттарын айқындайды.
 
      1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгi
 
      1. Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрi - ХВҚ), Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң (бұдан әрi - ХҚДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясының (бұдан әрi - ХҚК), Халықаралық Даму Ассоциациясының (бұдан әрi - ХДА), Инвестициялар Кепiлдiгiнiң көп жақты Агенттiгiнiң (бұдан әрi - ИККА), Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталықтың (бұдан әрi - ИДРХО), Еуропа Қайта құру және Даму Банкiнiң (бұдан әрi - ЕҚДБ), Азия Даму Банкінiң (бұдан әрi - АДБ), Ислам Даму Банкiнiң (бұдан әрi - ИДБ ) мүшесi болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДА келiсiмiне барлық түзетулерiмен қоса, ИДБ құрылтай шартына, ИККА құру жөнiндегi конвенцияға және Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасында инвестиция саласындағы дауларды реттеу туралы конвенцияға, ЕҚДБ, АДБ құру туралы келiсiмдерге қатысушы мемлекет болып табылады және ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДА, ИККА, ЕҚДБ, АДБ Басқарушыларының Кеңесi Қарарларының осы халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының мүше болуына қатысты ережелерi мен талаптарын қабылдады.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы ХВҚ-ның Қарыз алу арнайы құқықтары департаментi қатысушысының барлық мiндеттемесiн өзiне қабылдады және Қарыз алу арнайы құқықтары департаментi қатысушысының барлық мiндеттемесiн орындауға мүмкiндiк беретiн барлық қажеттi шараны қолданды.
 
      2-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгiне
             байланысты қаржылық өзара қарым-қатынастары
 
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тұлғасында заемдар тартуға, қаржыландырудың басқа нысандарын пайдалануға уәкiлеттi және Қазақстан Республикасының атынан ХҚДБ-ге, ХҚК-ге, ХДА-ға, ИККА-ға, ЕҚДБ-ге, АДБ-ге, ИДБ-ге заемдар туралы тиiстi келiсiмдердiң шарттарына және Қарарлардың, Келiсiмдердiң Құру туралы келiсiмнiң, Конвенциялардың немесе Құрылтай шарты тиiстi Баптарының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының осы халықаралық ұйымдарға мүше болуына қатысты сомаларды төлеп отыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХҚДБ, ХҚК, ХДА келiсiмдерiнiң, ЕҚДБ, АДБ құру туралы келiсiмнiң Баптарына және ИККА құру жөнiндегi конвенцияға сәйкес сыйақысыз кез келген көзделмеген борыштық мiндеттемелердi шығаруға уәкiлеттi, бұл мiндеттемелер Қазақстан Республикасының ХҚДБ, ХҚК, ХДА, ИККА, ЕҚДБ, АДБ мүшелiгiне қажет болуы немесе сай келуi мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ХВҚ қаражатын оны сатып алу түрiнде тартуға уәкiлеттi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ХВҚ мүшелiгiне қатысты Қарарлардың шарттары мен ережелерiне және Келiсiмнiң Баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан соманы ХВҚ-ға төлеп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ХВҚ-ның Қарыз алу арнайы құқықтары департаментiнiң қызметiне қатысуына байланысты төлемдердi жүзеге асыруға мiндеттi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсiмiмен басқа халықаралық ұйымдардан заемдар тартуға, заем тартудың қаржылық шарттарын айқындауға және осындай заемдар бойынша келiсiмдi дербес жасауға құқылы.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ХВҚ келiсiмiнің Баптарына сәйкес сыйақысыз кез келген көзделмеген борыштық міндеттемелерді шығаруға уәкілетті, бұл міндеттемелер Қазақстан Республикасының ХВҚ-дағы мүшелiгiне қажет болуы немесе сай келуі мүмкін.
 
       3-бап. Халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға уәкілетті
              мемлекеттiк органдар
 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХҚДБ келiсiмi Баптарының 2-бөлiмi III бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы органы ретiнде iс-қимыл жасайды.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының атынан ХҚДБ Келiсiмi, ЕҚДБ-нi, АДБ-нi құру туралы келiсiмдер, ИДБ құрылтай шарты Баптарының ережелерiнде рұқсат етiлген барлық операция мен мәмiленi орындауға уәкiлеттi.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ХВҚ келiсiмi Баптарының І-бөлімі V бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы органы ретiнде iс-қимыл жасайды.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан ХВҚ келiсiмi Баптарының түрлi ережелерiнде рұқсат етiлген барлық операция мен мәмiлені орындауға уәкілеттi.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi халықаралық ұйымдармен ХҚК келiсiмi Баптарының 10-бөлiмi IV бабының, ХДА келiсiмi Баптарының 10-бөлiмi VI бабының, ИККА құру жөнiндегi конвенция 38-бабының, ЕҚДБ құру туралы келiсiм 34-бабы VI тарауының, АДБ құру туралы келiсiм 38-бабы VI бөлiмiнiң, ИДБ құрылтай шарты 40-бабы V тарауының талаптарына сәйкес ресми байланыс арнасы ретiнде белгiлендi.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Келiсiмдердiң, Құру туралы келiсiмдердiң, Конвенциялардың немесе Құрылтай шартының тиiстi Баптарына сәйкес сыйақысыз көзделмейтiн борыштық мiндеттемелердiң, сондай-ақ ХВҚ-ның, ХҚДБ-нiң, ХҚК-ның, ХДА-ның, ИККА-ның, ЕҚДБ-нiң, АДБ-нiң, ИДБ-нiң басқа да активтерiнiң депозитарийi болып тағайындалады.
      5. Қазақстан Республикасының Yкiметi ХВҚ-ның, ХҚДБ-нiң, ХҚК-ның, ХДА-ның, ИККА-ның, ЕҚДБ-нiң, АДБ-нiң, ИДБ-нiң Басқарушылар Кеңесiне, ИДРХО Әкiмшiлiк Кеңесiне Қазақстан Республикасының өкiлi (Басқарушысы) ретiнде Қазақстан Республикасының атынан мiндеттердi орындау үшiн тиiстi лауазымды адамды, сондай-ақ Басқарушы болмаған кезде мiндеттердi орындау үшiн барлық өкiлеттiктерiмен оның орынбасарын тағайындауға уәкiлетті.
 
      4-бап. Халықаралық ұйымдардағы мүшелiкке байланысты
              операцияларды жүзеге асыру
 
      ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДА Келiсiмдерiнiң, ИККА құру жөнiндегi Конвенцияның, ЕҚДБ, АДБ құру туралы Келiсiмдердiң, ИДБ-нiң Құрылтай шарты Баптарының ережелерiнде рұқсат етiлген операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы төлеуге тиiстi немесе Қазақстан Республикасына төленуге тиiстi кез келген ақша сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы аударылады.
 
      5-бап. Қазақстан Республикасы Қордың қызметiне қатысқан кезде
             Yкiметтiң құзыретi
 
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi ХВҚ-мен өзара iс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының ХВҚ-ның Арнайы қарыз алып пайдалану бөлiмінің қызметiне қатысуы үшiн қажеттi шаралар қолданады.
      2. Қазақстан Республикасының ХВҚ-ға мүшелiгiмен байланысты Қазақстан Республикасы мiндеттемелерiн орындаған кезде пайда болатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп қажеттi шаралар қолданады.
 

 

     6-бап. Мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi


     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары осы Заңның 1-бабының

2-тармағында көрсетiлген Келiсiмдердiң, Құру туралы Келiсiмдердiң,

Құрылтай шартының, Конвенциялар мен Қарарлардың Баптарын сақтау мақсатында

өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау үшiн

қажеттi нормативтiк құқықтық актілер қабылдауға құқылы.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады