Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 маусым N 880

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi N 1095  қаулысына және "Ел Президентiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына "Еркiн, тиiмдi және қауiпсiз қоғамға" Жолдауында қойылған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 1826   қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
 

      1. Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бекiтiлсiн.
 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.05.02. N 489  қаулысымен .
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2001 жылғы 27 маусымдағы  
N 880 қаулысымен      
бекітілген      

Мемлекеттік мүліктік басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасы

Астана - 2001 жыл

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы        Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және
                           жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың
                           2001-2002 жылдарға арналған салалық
                           бағдарламасы

Бағдарламаны               "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
әзiрлеуге арналған         мүлiктi басқару және жекешелендiру
негiздеме                  тұжырымдамасын мақұлдау туралы"
                           Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                           2000 жылғы 21 шiлдедегi N 1095 қаулысы

Бағдарламаның              Қаржы министрлiгi,
негiзгi                    Экономика және сауда министрлiгi,
әзiрлеушiлерi              Энергетика және минералдық ресурстар
                           министрлiгi,
                           Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,
                           Ауыл шаруашылығы министрлiгi,
                           Білiм және ғылым министрлiгi,
                           Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
                           министрлiгi,
                           Туризм және спорт жөнiндегi агенттiк,
                           Табиғи монополияларды реттеу,
                           бәсекелестiктi қорғау және шағын
                           бизнестi қолдау жөніндегi агенттiк,
                           Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiк

Бағдарламаны iске          2001-2002 жылдар
асырудың
мерзiмдерi

Бағдарламаны               Республикалық және жергiлiктi
қаржыландырудың            бюджеттердiң қаражаты
көздерi

2. Кiрiспе

      Экономикадағы жүргiзiлетiн реформалардан туындаған республикадағы экономикалық ахуалды өзгерту мемлекеттiк мүлiктi басқаруда және оған билiк етуде жаңа тәсiлдердi әзiрлеудi қатаң талап етедi. Сол сияқты мемлекеттiк меншiктiң бөлiгiн коммуналдық меншiкке беру, министрлiктерге, ведомстволарға, агенттiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегi өкiлеттiктердi, республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң өкiлеттiктерiн беру басқарудың әртүрлi субъектiлерiнiң аталған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқарудың мақсаттарын, мiндеттерiн және әдiстерiн нақтылауды талап етедi. 
      "Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын мақұлдау туралы" (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 шілдедегi N 1095  қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасында мемлекеттiк мүлiктi басқарудағы және билiк етудегi жаңа тәсiлдер толық көрсетілген. 
      Осы Бағдарлама 2001 жылдан бастап 2002 жылды қоса алғандағы кезеңдi қамтитын Тұжырымдаманың бiрiншi кезеңiн iске асыру мақсатында әзiрленген. 
      Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша: 
      мемлекеттiк меншiктiң жекелеген объектiлерiн басқарудың мақсаттарын анықтау; 
      мақсаттарға жету тәсiлiн және оның жүзеге асырылуы үшiн жауапкершiлiктi таңдау; 
      мемлекеттiк мүлiктi тиiмдi басқару жүйесiн орнату. 
      мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне қарай мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге экономикалық негiзделген тәсiл ұйымдастыру iс-шараларының кешенiн дайындауды және орындауды болжайды. 
      Бағдарламада мемлекеттiк мүлiкке билiк ету жөнiндегi бiрыңғай уәкiлеттi органды анықтаудың және мемлекеттiк басқару органдары мен уәкiлеттi орган арасындағы осы мүлiктi басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi шектеудiң қажеттiлiгiне назар аударылған. 
      Бұдан басқа, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржылық көрсеткiштердi есепке алу жүйесiн жетiлдiру көзделген.

3. Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың жай-күйiн талдау

         3.1. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерi (қатысудың мемлекеттiк үлестерi) 

       2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық меншiкте - 280 акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктер акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi), коммуналдық меншiкте - 760 акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерi акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) болған. 
      Мемлекет акционердiң (қатысушының) құқығын "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi    Заңына және "Жауапкершілiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуiрдегi  Заңына сәйкес жүзеге асырады. 
      Мемлекеттiк меншік болып табылатын акцияларды (қатысу үлестерiн) басқару жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрқатар қаулыларымен реттелген. 
      Осылай, мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысымен бекiтiлген тiзiмдемеге сәйкес акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктер акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысудың мемлекеттiк үлестерi) коммуналдық меншiкке берiлген болатын. Сол мақсатта "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысымен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне (қатысудың мемлекеттiк үлестерiне) иелiк және пайдалану құқықтары министрлiктерге, ведомстволарға, агенттiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлген болатын. Сондай-ақ акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысудың мемлекеттiк үлестерi) басқару мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң басқа да қаулылары қабылданған болатын. 
      Алайда, қолданылатын шараларға қарамастан акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысудың мемлекеттiк үлестерiн) басқару тетiгiнде кейбiр әлсiз жақтары кездеседi: 
      басқару органдарында және акционерлiк қоғамдардың тексеру комиссияларында мемлекет өкiлдерiн iрiктеу, дайындау және қызметiн бағалау жүйесi, мемлекеттiң мақсаттарына жету тәсiлдерi, сондай-ақ мемлекет өкілдерiнiң, олардың қызметiн бақылау, олардың өкiлеттiктерiнiң шегiн анықтауға негiзделген тәсiлдерi жеткiлiксiз пысықталған; 
      акционерлiк қоғамдар мен мемлекеттiң қатысуы бар шаруашылық серiктестiктерде iстердiң жағдайы туралы ақпаратты алу және қорытындылау тәртiбi толық көлемде анықталмаған; 
      акционерi (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердi жүйелендiру толық көлемде жүргiзілмеген; 
      акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң мониторингi мен талдау жүйесi жеткілiктi деңгейде пысықталмаған.
      Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және мемлекеттiк үлестердi басқару жөнiндегi қызмет нәтижелерiнiң бiрi мемлекеттiк бюджетке дивидендтердiң түсуi болып табылады. Мемлекеттiк бюджетке акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне арналған дивидендтердiң түсу серпiнi, тұтастай алғанда, соңғы бес жылда былайша көрінiс табады:

-------------------------------------------------------------------                 !    Мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың
               !     пакеттерiне дивидендтердiң түсуi, мың теңге
    Жылдары    !-------------------------------------------------
               !  Барлығы    !    Республикалық      !  Жергілікті
               !             !        бюджет         !  бюджеттер
-------------------------------------------------------------------
   1996             679 703           679 205               498
   1997             802 131           802 131                -
   1998           1 039 563         1 039 563                -
   1999           1 612 322         1 536 462              75 860 
   2000           1 251 892         1 169 485              82 407
-------------------------------------------------------------------

      Келтiрiлген деректерден көргенiмiздей, 2000 жылы республикалық бюджетке акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне арналған дивидендтердiң түсуi өткен жылмен салыстырғанда төмендетілдi. Сонымен қатар, 1999 жылғы нәтижелер бойынша таза табыс алған акционерлiк қоғамдар 3 924 576 мың теңге мөлшерiнде акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер аударған 2000 жылы республикалық бюджетке iс жүзiнде 1 169 485 мың теңге аударылды, акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша, аударылған дивидендтердiң қалған сомасы 2001 жылы республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылатын болады.

       3.2. Мемлекеттiк кәсiпорындар 

      Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқару жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 19 мамырдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығының нормаларымен реттеледi. Осы Жарлыққа сәйкес министрлiктер, ведомстволар, агенттiктер мен осыған уәкiлеттi өзге де орталық және жергілiктi атқарушы органдар мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органдар және басқару органдары болып табылады.
      Мемлекеттiк бюджетке таза табыс бөлiгiнiң түсу серпiнi соңғы төрт жылда былайша көрiнiс табады:
-------------------------------------------------------------------
                ! Мемлекеттiк бюджетке мемлекеттік кәсіпорындардың
                !       таза табыс бөлігінің түсуі, мың теңге
      Жылдары   !-------------------------------------------------
                !  Барлығы    !    Республикалық      !  Жергілікті
                !             !        бюджет         !  бюджеттер
------------------------------------------------------------------
     1997             328 801           179 414          149 387
     1998             113 737            95 257          18 480
     1999             34 084            34 084               -    
     2000             67 775            55 098            12 677
------------------------------------------------------------------

      Келтiрiлген деректерден көргенiмiздей, бұл бiр жағынан, мемлекеттiк кәсiпорындар санының кейбiр қысқартылуына байланысты, өткен жылдармен салыстырғанда мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiнiң түсуi соңғы екi жылда төмендедi. 
      2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жалпы саны 517 кәсiпорынды, оның iшiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағысы - 182 кәсiпорынды, жедел басқару құқығындағысы - 335 кәсiпорынды құрады. Осы күнге коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың жалпы саны 4 625 кәсiпорынды, оның iшiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағысы - 792 кәсiпорынды, жедел басқару құқығындағысы - 3 833 кәсiпорынды құрады. 
      1999 жылдың қорытындылары бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша 97 кәсiпорын 4 285 409 мың теңге сомасында таза табыс алды, алынған бұл ретте республикалық бюджеттiң кiрiсiне 55 098 мың теңге аударылған, алынған таза табыс сомасының 1,3%-ын құрайды 79 кәсiпорын 9 220 438 мың теңге сомасында шығын жiбердi. 
      Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: 
      мемлекеттiк кәсiпорындарды басқарудың қолданылатын жүйесi жеткiлiктi түрде тиiмдi емес және маңызды реформалауды талап етедi; 
      мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк бюджетке түсетiн таза табысының бөлiгi алынған таза табыстың жалпы сомасына баламалы емес.

       3.3. Негiзгi проблемалар 

      Қолданылып нормативтiк құқықтық база мемлекеттiк мүлiктi оңтайлы басқару талаптарына толық көлемде жауап бермейдi, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi басқарудың әр түрлi субъектiлерiнiң өкiлеттiктерiн жеткiлiктi көрсетпейдi; 
      басқару органдарында және мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың тексеру комиссияларында мемлекеттiң өкiлдерiн iрiктеу, дайындау және аттестациялау жүйесi жеткiлiктi пысықталмаған, сондай-ақ мемлекеттiң өкілi басшылыққа алуы мүмкiн басқарушылық шешiмдер қабылдаудың регламентi жоқ; 
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердiң тiзiлiмiнде қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы ақпаратты көрсету тетiгi толық көлемде пысықталмаған; 
      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiнiң мөлшерлерiн және акционерлiк қоғамдардың бюджетке аударуға жататын акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне арналған дивидендтердi анықтау жөнiндегi өлшемдер жоқ; 
      нормативтiк құқықтық кесiмдер мемлекеттiң экономикасында стратегиялық маңызы бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметi туралы қажеттi және дұрыс ақпаратты толық көлемде алу мүмкiндiгiн бермейдi.

4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi 

      Тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттiк мүлiктi басқару саласындағы мемлекеттiк саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағдарлануы тиiс: 
      мемлекеттiк мүлiктi пайдаланудан түсетiн салықтық емес түсiмдер есебiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiн арттыру; 
      белгiлi бiр салалар мен нақты кәсiпорындардың қызметiн реттеу жөнiндегi мемлекеттiк экономикалық саясат мүдделерiн және мемлекеттiң стратегиялық мiндеттерiн шешуiн ескере отырып, мемлекеттiк мүлiктiң құрылымын (құрамын) оңтайландыру; 
      экономикаға инвестицияларды тарту құралы ретiнде мемлекеттiк мүлiктi пайдалану; 
      шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында мемлекеттiк мүлiктi пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiң қатысу үлесi бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржылық-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту. 
      Қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешудiң бiрiншi дәрежелi маңызы бар: 
      өкiлеттiктердi шектеу және нақтылау, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқару субъектiлерiн жауапкершiлiгiн күшейту; 
      мемлекеттiк мүлiктi оның түрлерi, тағайындалуы және басқа да өлшемдерi бойынша есепке алуды жүйелендiру; 
      қаржылық көрсеткiштердi талдау жүйесiн әзiрлеу; 
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк қатысуы бар заңды тұлғалар қызметтерi қаржылық көрсеткiштерiнiң дерекқорын құру; 
      жекешелендiрiлген және мемлекеттiк шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тиiмдiлiгiн басқарудың дұрыс кешендi талдау үшiн тәуелсiз консалтингтiк ұйымдарды тартудың тәжiрибесiн кеңейту. 

5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру тетiгi 

       5.1. Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың нормативтiк құқықтық негiзiн жетiлдiру

       5.1.1. Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары

      Көрсетiлген проблемаларды шешу үшiн атқарушы, өкiметтiң республикалық және жергiлiктi органдары заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай бағыттар бойынша нормативтiк базаны жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қажет: 
      "мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын орган" (бұдан әрi - "уәкiлеттi орган") және "мемлекеттiк басқару органы" ұғымдарын, сондай-ақ осы органдардың өкiлеттiктерiн шектеу бөлiгiнде заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу; 
      мемлекеттiк мүлiктi басқару және билiк ету мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтарды кесiмдердiң енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, заңнаманың талаптарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзу; 
      мемлекеттiк мүлiктi басқару рәсiмдерiнiң құқықтық регламенттелуiн жетiлдiру; 
      мемлекеттiң меншiктенушi ретiнде де және заңды тұлғаның акционерi (қатысушы) ретiнде де құқығын тiркеудi ұйымдастыру; 
      мемлекеттiк кәсiпорындарға бекiтiлген мүлiктiң сақталуына және тиiмдi басқарылуына пәрмендi бақылауды қамтамасыз ету; 
      жекешелендiрiлген және мемлекеттiк меншiктегi кәсiпорындарды тиiмдi басқару мониторингiн қамтамасыз ету.

       5.1.2. Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқару субъектiлерiнiң өкiлеттiктерiн шектеу және нақтылау

      Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдi тетiгiн құру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк мүлiктi басқару және билiк ету саласындағы уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк басқару органдарының өкілеттiктерiн шектеу және нақтылау бөлiгiнде заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтыруларға ынтагерлiк бiлдiрiледi. 
      Өкiлеттiктердi шектеу мен, нақтылаудың мынадай мақсаттары болуы тиiс: 
      мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiң қатысуы бар акционерлiк қоғамдар (шаруашылық серiктестiктер) қызметінiң тиiмдiлiгін арттыру; 
      осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өндiрiсi мен әлеуметтiк саласын дамытудың негiздi бағдарламаларын iске асыруды ескере отырып, мемлекеттiк кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктер акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне арналған дивидендтердiң және таза табысының бөлiгi есебiнен мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдердi арттыру; 
      мемлекеттiк мүлiктi басқару процесiнде уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк басқару органдарының (министрлiктердiң, ведомстволардың, агенттiктер мен осыған уәкiлеттi өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың) өзара iс-қимылын үйлестiру; 
      "жасырын жекешелендiрудi", сондай-ақ мемлекеттiң мүддесiне қайшы келетiн кәсiпорындарды санкцияланбаған қайта ұйымдастыруды болдырмау; 
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың банкроттығын жүргiзу туралы шешім қабылдау кезінде уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк басқару органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. 
      Өкiлеттiктердi шектеу мен нақтылау уәкілетті органға мемлекеттiк мүлiктi басқару және билiк ету жөніндегі мынадай функцияларды беруді бiлдiредi: 
      министрлiктермен, ведомстволармен, агенттiктер және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған өкiлеттiктер шеңберiнде мемлекеттiк мүлiкке билiк ету жөнiндегi шешiмдердi заңнамаға сәйкес қабылдау; 
      министрлiктермен, ведомстволармен, агенттiктер және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттiк мүлiктi сатуға және пайдалануға берудi (сенiмгерлiк басқару, мүлiктiк жалдау және басқалар) ұйымдастыру және жүзеге асыру; 
      мемлекеттiк мүлiктiң жүйелендiрiлген есебiн жүргiзу; 
      мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларды басқару органдарының қызметiне қатысу; 
      мемлекеттiк мүлiктiң мониторингi мен жай-күйiн талдау және оны пайдаланудың тиiмдiлiгi; 
      сатып алу-сату шарттары мен заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттiк мүлiктi пайдалануға (сенiмгерлiк басқару, мүлiктiк жалдау және басқалар) беру жөнiндегi шарттардың ережелерiн сатып алушылардың орындауын бақылау; 
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi консалтингтiк фирмалардың кешендi мерзiмдi тексерулерi жолымен басқарудың мониторингi және тиiмдiлiгiн талдау; 
      мемлекеттiк мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету саласында меңгеру саласында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен анықталған өзге де функцияларды iске асыру. 
      Салалық ерекшелiктердi ескере отырып мемлекеттiк мүлiктi ағымдағы басқаруды жүзеге асыру мақсатында уәкiлетті орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар аудан (қала) әкiмiнiң (бұдан әрi - әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң әкiмi) шешiмi бойынша мемлекеттiк басқару органдарына мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi бере алады. 
      Мемлекеттiк басқару органдарына мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мынадай функциялар жүктеледi: 
      мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын анықтау; 
      мемлекеттiк кәсiпорындар шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде қаржы-шаруашылық қызметтiң мерзiмдiлiгi мен оларды ұсыну тәртiбiнiң жоспарлы көрсеткiштерiн қарау және бекiту; 
      қаржы-шаруашылық қызметтiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын, мемлекеттiк кәсiпорындар мүлкiнiң тағайындалуы бойынша пайдаланылуын және сақталуын бақылау; 
      мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң жекелеген мәселелерiн реттейтiн iшкi құжаттарды бекiту; 
      Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындардың бiрiнші басшыларын конкурстық iрiктеудi және аттестациялауды жүргiзу; 
      акциялары мен қатысу үлестерi Қазақстан Республикасының Үкiметi (әкімшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi) анықтаған өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк меншiк болып табылатын заңды тұлғалардың басқару органдарына қатысу; 
      мемлекеттiк мүлiктi басқару және билiк ету мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзу. 
      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен анықталған өзге де өкілеттiктердi iске асыру.

       5.1.3. Мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың басқару органдарындағы мемлекет өкiлдерiнiң, компания басқарушыларының және мемлекеттiк кәсiпорын басшыларының қызметiн тағайындау (ірiктеу) және бағалау тәртiбi

      Мемлекеттiк қатысуы бар заңды тұлғалардың басқару органдарындағы мемлекет өкiлдерi (директорлар кеңесi, тексеру комиссиялары).
      Мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың басқару органдарына мемлекеттiк қызметкерлердi өкiл етiп тағайындау осындай тағайындаудың объективтi қажеттілiгi болған кезде жүзеге асыру ұсынылады (экономиканың стратегиялық салаларындағы кәсiпорындар, акциялардың 100%-ы не акциялардың бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi және т.б.). 
      Ол үшiн басқару органдарында және бақылау органдарында мемлекет өкiлдерiнiң қатысуы мiндеттi мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларды iрiктеу өлшемдерiн анықтау қажет. 
      Қазақстан Республикасының Yкiметi акционерлiк қоғамдардың басқару органдарында мемлекеттiк қызметшiлер қызметiнiң нәтижелерi жөніндегi бағалау және жауапкершiлiк тәртiбiн көздейтiн, акционерлiк қоғамдардың (директорлар кеңестердiң, тексеру комиссиялардың) басқару органдарында мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiм бекiтiлетiн болады. 

      Сенiмдi басқарушылар 
      Басқару органдарында мемлекет өкiлдерiнiң қатысуы мiндеттi акционерлiк қоғамдардың тiзбесiне енбеген мемлекеттiк қатысуы бар акционерлiк қоғамдар бойынша басқару саласында тиiстi қызмет тәжiрибесi бар жеке және заңды тұлғаларды сенiмдi басқарушылар ретiнде тартудың басымдылық қағидатын қолдану ұсынылады. 
      Сенiмдi басқарушыларды iрiктеу конкурстық негiзде жүргiзiледi бұл ретте басқаруға беру шарттарында сенiмді басқарушылардың өкілеттiктерiн және келiсуге жататын шешiмдердi қабылдау кезiнде уәкiлеттiк органмен өзара iс-қимыл тәртiбiн көздеу қажет. 

      Мемлекеттiк кәсiпорындардың басшылары 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілгеннен кейiн мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын iрiктеу және тағайындау жөнiндегi конкурстарды жүргiзудiң тәртiбi мен ережесiн, мерзiмдi аттестациялауды өткiзу тәртiбiн бекiтедi, сондай-ақ олардың қаржылық жай-күйi үшiн жауапкершілiк шаралары және жасасқан келiсiм-шарттарда мемлекеттiк кәсiпорындар қызметтерiнiң нәтижелерi анықталады.

       5.2. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу 

       5.2.1. Негiзгi проблемалар 

      Министрлiктердiң, ведомстволардың және Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентiнде болған жиналыста қабылданған 1997 жылғы 19 маусымдағы шешiмдi, сондай-ақ "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246  қаулысын орындау үшiн қазiргi уақытта Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердiң тiзiлiмiн енгiзу жүзеге асырылуда.
      Тiзiлiм мемлекеттiк кәсiпорындар және жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын дерекқор базасы болып табылады. 
      Тiзiлiмдегi мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың проблемалары: 
      Тiзiлiмде мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың дұрыстығы мен нақтылығы үшiн республикалық және коммуналдық мемлекеттiк басқару органдарының және өзге де ұйымдардың жауапкершiлiгi анықталмаған; 
      республикалық және коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың бiрыңғай әдiсi жоқ. 

       5.2.2. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың мақсаттары мен мiндеттерi 

      Мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың мақсаты мемлекеттiк мүлiктiң мониторингi және оның жай-күйiн бақылау және мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны пайдалану жөнiнде негiздi шешiмдер қабылдау үшiн жағдайлар жасау болып табылады. 
      Республикалық және коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк мүлкiн есепке алудың нәтижелерi Тiзiлiмде көрiнiс табуы тиiс. 
      Тiзiлiм өзiне мемлекеттiк кәсiпорындарға, мекемелерге және мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларға бекiтілген мемлекеттiк мүлiктiң құрамын, орналастырылуы мен пайдаланылуын құндық тұлғада сипаттайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке арналған меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. 
      Қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттерді шешу қажет: 
      мемлекеттiк мүлiк туралы ақпаратты ақпараттандыруға мүмкiндiк беретiн Тiзiлiмнiң құрылымын оңтайландыру, оның пайдаланылу қозғалысын және тиiмдiлiгiн бақылау; 
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен және мерзiмде мiндеттi түрде ақпарат беруiнiң құқықтық регламентiн әзiрлеу; 
      оған сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар Тiзiлiмде көрсету үшiн ақпаратты беретiн нысандарды әзiрлеу; 
      мемлекеттiк мүлiктiң жай-күйiне және оның пайдаланылу тиiмділiгiне талдау жүргiзу жөнiндегi ереженi әзiрлеу. 

       5.2.3. Есепке алу объектiлерi 

      Есепке алу объектiсi болып табылатын мемлекеттiк мүлiк Тұжырымдаманы iске асырудың бiрiншi сатысында: 
      мүлiктiк кешендер ретiнде мемлекеттiк кәсіпорындарды; 
      акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысудың мемлекеттiк үлестерiн бiлдiредi. 
      Тiзiлiмде активтердiң, меншiктi капиталдың, мiндеттемелердiң, кiрiстердiң құны және есепке алу объектілерiнiң қаржылық жай-күйiн сипаттайтын басқа да көрсеткiштер көрсетiлетiн болады. 

       5.2.4. Мемлекеттiк мүлiктi түгендеу 

      Тiзiлiмдi мемлекеттiк мүлiк туралы ақпаратпен толықтыру алдында мемлекеттiк мүлiкке түгендеу жүргiзiлуi тиiс. 
      Түгендеудiң мақсаты - мемлекеттiк кәсіпорындарға бекiтiлген мүлiктiң, акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң, қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң iс жүзiнде болуын анықтау, есепке алынбаған және бекiтiлмеген мемлекеттiк мүлiктi анықтау және қолданылып жүрген заңнамада көзделген тәртiппен оларды заңды тұлғаларға одан әрі бекiту болуы тиiс. 
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және қатысудың мемлекеттiк үлестерiне түгендеу жүргiзудi ұйымдастыру және бақылау мемлекеттiк басқару органдарының функцияларын жүзеге асыратын министрлiктерге, ведомстволарға, агенттiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға жүктелуi тиiс. 
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ коммуналдық меншiкке берілген акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттiк үлестерiне түгендеу жүргiзудi ұйымдастыру және бақылау мемлекеттiк басқару органдарының функцияларын жүзеге асыратын жергіліктi басқару органдарына жүктелуi тиiс. 

       5.2.5. Мемлекеттiк мүлiкке арналған меншiк құқығын рәсiмдеу 

      Мемлекеттiк мүлiкке қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын бiрыңғай уәкiлеттi органды анықтау туралы тұжырымдаманың ережелерiн iске асыру мақсатында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк меншiк объектiлерiне арналған меншiк құқығын уәкiлеттi органға тiркеу жөнiнде шаралар қабылдануы тиiс. 

       5.2.6. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу объектiлерiн жүйелендiру 

      Есепке алу объектiлерiн басқару әдiстерiн анықтау мақсатында оларды басқару ерекшелiгiн анықтайтын өлшемдер бойынша жүйелендiру қажет. 

      Мемлекеттiк кәсiпорындар 
      Тiзiлiмде ескерiлген мемлекеттiк кәсіпорындар жарғылық қызметiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығының талаптарына сәйкестiгi тексерiлуi тиiс. Қызметi аталған Жарлықтың талаптарына сәйкес келмейтiн кәсiпорындарға қатысты оларға жүктелген мiндеттерге қарай оларды басқа ұйымдық-құқықтық нысандардың заңды тұлғалары етiп қайта ұйымдастыруды жүргiзу не оларды таратуды жүргiзу қажет.
      Одан әрi мемлекеттiк кәсiпорындарды мынадай белгiлерi: 
      ұйымдық-құқықтық нысаны; 
      салалық тиесiлiлiгi; 
      жарғылық қызметiнiң негiзгi түрi; 
      жұмыс iстейтiндердiң саны; 
      қаржылық жағдайы (кәсiпорындардың активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемi, меншiктi капиталы және с.с.) бойынша жiктеу қажет.
      Жүргiзiлген жiктеменiң нәтижесiнде анықталған кәсiпорындардың әрбiр тобы бойынша мемлекеттiк басқару органдары қызметтi басқарудың мақсаттарын, қажет мүлiктiң құрамын, сондай-ақ қаржылық  қарым-қатынастардың және олардың шаруашылық қызметiн бақылаудың тәртiбiн анықтауы қажет.

      Акциялардың мемлекеттiк пакеттерi және қатысудың мемлекеттiк үлестерi 
      Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысудың мемлекеттік  үлестерiн жiктеу мынадай белгiлерi бойынша:
      акционерлiк қоғамның (шаруашылық серiктестiктiң) салалық тиесілілiгi;
      жарғылық қызметiнiң негiзгi түрi;
      акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң (қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң) мөлшерi;
      жұмыс iстейтiндердiң саны;
      қаржылық жағдайы (кәсiпорындардың активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемi, меншiкті капиталы және с.с.) бойынша жүргiзiлуi тиiс.
      Акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен қатысудың мемлекеттiк үлестерінің әрбiр тобы бойынша уәкiлеттi орган және мемлекеттiк басқару органдары үшiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысудың мемлекеттiк үлестерiн) басқарудың мақсаттары анықталуы тиiс. 

       5.2.7. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды ұйымдастыру

        Республикалық меншiктiң мемлекеттiк мүлкiн есепке алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi органға жүктелген. 
      Коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк мүлкiн есепке алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi анықтаған уәкiлеттi органдарға жүктелген. 
      Республикалық және коммуналдық меншiктiң мүлкiн есепке алу Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтаған тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттiк мүлiктi есепке алу, бақылау және талдау көрсеткiштерiнiң бiрыңғай жүйесi, деректердi жаңартудың ережелерi мен рәсiмдерi, қатынау, шынайы емес ақпаратты бергенi үшiн жауаптылық шарасы әзiрленуi тиiс. 

       5.3. Жекешелендiрудiң айқындылығын қамтамасыз ету және оның тиiмдiлiгiн арттыру 

      2001-2002 жылдары жекешелендiру саласында шешiлуi қажет негiзгi мiндеттер: 
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң ең көп санын жекешелендiру жолымен бәсекелi ортаға ауыстыру; 
      мемлекеттiк мүлiктi инвестициялық және/немесе әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi мiндеттемелердi өзiне алуға және орындауға дайын инвесторларға сату жолымен экономикаға (нақты секторға) инвестициялар тарту; 
      мемлекеттiк мүлiктi сатып алушылардың келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауын бақылауды қамтамасыз ету; 
      сатып алушы мен сатып алу-сату келiсiм-шарттары мiндеттемелерiнiң орындалуын бақылау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия өзара келiскен кезде жасалған сатып алу-сату келiсiм-шарттарының жекелеген ережелерiн нақтылау, түзету жөнiндегi қосымша келiсiмдердi дайындауды, келiсудi және оларға қол қойылуын қамтамасыз ету болып табылады. 
      Жекешелендiру саласындағы мемлекеттiк саясат мынадай қағидаттар негiзiнде құрылатын болатын. 
      Бiрiншiден, мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне қарай мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге деген сараланған тәсіл. 
      Жоғары өтiмдi кәсiпорындарды әлемдiк деңгейге барынша жақындатылған олардың нақты бағасын ескере отырып, кәсіпорындарды дамытуға бағытталған инвестициялардың мөлшерi мен мемлекеттiк бюджетке кәсiпорынды сатудан түсетiн қаражаттың мөлшерi арасындағы теңгерiмнiң сақталуын ескере отырып жекешелендiру ұсынылады. 
      Акциялардың жоғары өтiмдi мемлекеттiк пакеттерiн рыноктың қолайлы рынок конъюнктурасы кезiнде республикалық бюджетке ақша қаражатының елеулi түсуiн алу үшiн әлемдiк тәжiрибесi бар қаржылық консультанттарды тарта отырып, жекешелендiру ұсынылады. 
      Төмен өтiмдi кәсiпорындарды, акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiрудi меншiктенушiнiң инвестициялар, экологиялық ахуалды жақсарту, қосымша жұмыс орындарын құру, әлеуметтiк проблемаларды шешу және с.с. жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдау шартымен оңтайлы баға бойынша сату жолымен жүзеге асыру ұсынылады. 
      Мемлекеттiк меншiкте болуы оларды оңтайландыру нәтижесiнде орынсыз деп танылған мемлекеттік кәсiпорындардың (мекемелердiң) мүлкiн және мүлiктiк кешендерiн жекешелендiру жалғасатын болады. Бұл ретте мемлекеттiк кәсiпорындардың олардың теңгерiмдерiндегi мүлiктi сату тәртiбiн қосымша реттемелеудiң қажетi бар. 
      Екiншіден, кәсіпорындардың ұзақ мерзімдi даму жоспарларын әлеуеттi инвесторлар ұсынған мұқият талдаудың негiзiнде шешiмдер қабылдау және инвесторлардың мiндеттемелерiн толық көрсететiн және олардың атқарылуын бақылау тәртiбiн егжей-тегжейлi реттейтiн сатып алу-сату шарттарын жасасу. 
      Үшiншіден, мемлекеттiк мүдделерге сөзсiз сәйкес болған кезде әлеуеттi инвесторлардың мүдделерiн есепке алу. 
      Төртiншiден, әлемдiк жекешелендіру тәжiрибесiн, оның iшiнде кәсiпорындарды сату алдындағы дайындау бойынша, мiндетті түрде есепке алу. 
      Бесiншiден, менеджмент, заң және қаржы мәселелерi жөнiндегi аудиторларды, бағалаушыларды, консультанттарды тарту. 
      Жекешелендiру қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективада салық салынатын базаны кеңейту нысанында жекешелендiруден, қосымша жұмыс орындарын құрудан, отандық рынокты отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларымен және қызметтерiмен толтырудан, барлық халықшаруашылық кешеннің жұмыс істеу тиiмдiлiгiн арттырудан қайтарым алуға бағытталған мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясат ретiнде қарастырылатын болады. 

       5.4. Жекешелендiруден кейінгi бақылауды қамтамасыз ету

        Жекешелендiруден кейiнгi бақылау саласында негiзгi мiндеттер: 
      мемлекеттiң мүдделерiн сақтай отырып, жекешелендiрiлген шаруашылық жүргiзушi субъектілер үшiн қолайлы ортаны құру; 
      өздерiне алған мiндеттемелерiн меншiктенушiлердiң орындауын бақылау, сатып алу-сату шарттарын аяқтау; 
      консалтингтiк ұйымдардың кешендi зерттеулерi жолымен жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi туралы объективтi ақпарат алу проблемалар мен келеңсiз жағдайларды анықтау; 
      инвесторлармен диалогты негiздi түрде жүргiзу, туындайтын проблемалардың өзара қолайлы шешiмдерiн табу; 
      тартымды инвестициялық климатты құру мақсатында құқықтық жиектi жетілдiру; 
      жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметiн, экономиканың базалық салаларын көрсететiн ақпараттық дерекқор құру болып табылады. 

6. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 

      Бағдарламада көзделген және министрлiктердiң, ведомстволардың, агенттiктер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының тiкелей функцияларына жатқызылған iс-шараларды iске асыру жөнiндегi шығыстар осы органдарды республикалық және жергілiктi бюджеттерден ағымдағы қаржыландыру есебiнен жабылуы тиiс. 
      Республикалық меншiктiң мемлекеттiк мүлкiн есепке алуды ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру: 2001 жылы - 75 млн. теңгенi, 2002 жылы - 104 млн. теңгенi құрайды (болжамды деректер). Қаржыландыру көзi - республикалық бюджет. 
      Республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сату алдындағы дайындау, мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау және жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетiн лимиттер шегiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 36 "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, басқару және мемлекеттiң жекешелендiруден кейiнгi қызметi" бағдарламасы шеңберiнде көрсетiлген жұмыс түрлерiн қаржыландырудың 2001 жылға арналған көлемi 336 965 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлдi. 2002 жылға арналған болжамды деректер бойынша аталған жұмыстарды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi 525 000 мың теңгенi құрауы тиiс, оның iшiнде кеңесшілердiң қызметтерiне ақы төлеуге - 150 000 мың теңге, жекешелендiру объектiлерiн бағалау жөнiндегi қызметтерге - 93 000 мың теңге, жер учаскелерiн бағалау жөнiндегi қызметтерге - 10 000 мың теңге, жарнамалар мен ақпараттық хабарландыруға - 21 000 мың теңге, шаруашылық жүргiзушi субъектілердi мерзiмдi кешендi зерттеу жөнiндегi консалтингтiк фирмалардың қызметтерiне - 251 000 мың теңге. 
      Жергiлiктi бюджеттер 2001 жылға "Коммуналдық меншiктi жекешелендiрудi ұйымдастыру" деген 30-бағдарлама бойынша 42 323 мың теңге, "Коммуналдық меншiкке мүлiк сатып алу" деген 30-бағдарлама бойынша 286 900 мың теңге, "Заңды тұлғалардың акциялар сатып алу" деген 32-бағдарлама бойынша 7 000 мың теңге мөлшерiнде қаржыландыруды көздедi. 

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже 

      Бағдарламаны iске асырудан мынадай нәтижелер күтiледi: 
      мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру; 
      мемлекеттiк мүлiктi толық және дұрыс есепке алу; 
      мемлекеттiк мүлiктi пайдаланудан мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдердi арттыру (акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне арналған дивидендтер, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердiң таза табысының бөлiгi және т.б.);     мемлекеттiк мүлiктiң мониторингi және оның жай-күйiн және пайдаланылуын жедел бақылау үшiн жағдайлар жасау;
      мемлекеттiк мүлiктi басқару және оған билiк ету жөнiнде экономикалық негiздi және өлшемдi шешiмдер қабылдау үшін ақпараттық және ұйымдық базаны құру.

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2001 жылға арналған іс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспар өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.13. N 1631  қаулысымен .

-------------------------------------------------------------------
Р/с N!      Іс-шаралар      !Аяқтау нысаны! Орындау үшін ! Орындау
     !                      !             !   жауаптылар ! мерзімі
-------------------------------------------------------------------
1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

1.1. Жекешелендірілген және  Нормативтік-   ҚМ ММжЖК      2001
     мемлекеттің меншігіндегі  құқықтық                   жылдың
     объектілерді басқарудың   кесім                      3-тоқсаны
     тиімділігіне мониторинг 
     өткізуді ұйымдастыруды 
     реттейтін нормативтік-
     құқықтық кесім әзірлеу 

1.2. Мемлекеттің қатысуымен   Нормативтік-  ҚМ ММжЖК,      2001
     акционерлік қоғамдардың   құқықтық      Салалық       жылдың 
     (шаруашылық               кесім        министрліктер  3-тоқсаны
     серіктестіктердің)                     (ведомстволар),
     басқару органдарында                    Әділетмині,
     мемлекеттік өкілдерін                   әкімшілік-
     (мемлекеттік                            аумақтық
     қызметшілерді)                          бірліктердің
     іріктеудің,                             әкімдері
     тағайындаудың тәртібін, 
     өкілеттіктері мен
     жауапкершіліктерін 
     реттейтін нормативтік 
     құқықтық кесімді әзірлеу

1.3.  Мемлекеттiк кәсiпорын.    Нормативтік-  ҚМ ММжЖК,      2001 
      дардың бiріншi            құқықтық      Салалық       жылдың
      басшыларын конкурстық     кесім        министрліктер 4-тоқсаны
     iрiктеудің, тағайындау.                 (ведомстволар),
     дың тәртiбін,                           Әділетмині,
     өкiлеттiктерi мен                       әкімшілік-
     жауапкершіліктерін                      аумақтық
     реттейтiн нормативтiк                   бірліктердің
     құқықтық кесiм әзiрлеу                  әкімдері
 

  1.4. Қазақстан Республикасы    Үкімет        ҚМ ММжЖК,      2001 
     Yкiметінің 1998 жылғы     қаулысы       Әділетмині,    жылдың
     21 наурыздағы N 246                     Салалық      4-тоқсаны
      қаулысымен бекiтiлген                  министрліктер    <*>
     Мемлекеттiк кәсіпорындар                (ведомстволар),
     мен мекемелердің,                       "Ақпарат-есептеу
     мемлекет үлестік                        орталығы" РМК,
     қатысатын шаруашылық                    әкімшілік- 
     серiктестiктердiң                       аумақтық
     тiзiлiмi туралы ережеге                 бірліктердің
     өзгерiстер мен                          әкімдері
     толықтырулар енгізу
     туралы

1.5. Мемлекеттiк мүлiктi       Үкімет        ҚМ ММжЖК, Әділет 2001 
     басқарудың және           қаулысы       министрлігі,     жылдың
     жекешелендiрудiң                        Салалық      желтоқсаны
     тиiмдiлiгін арттырудың                  министрліктер
     2001-2002 жылдарға                      (ведомстволар)
     арналған бағдарламасын 
     iске асыру жөнiндегi 
     2002 жылға арналған 
     іс-шаралар жоспарын 
     әзiрлеу

1.6. Шаруашылық жүргізу        Үкімет        ҚМ, Әділетмині, 2001
     құқығындағы               қаулысы       Экономика және  жылдың
     республикалық                           сауда         2-тоқсаны
     мемлекеттік                             министрлігі,
     кәсіпорындар таза                       Салалық
     пайдасын үлестірудің                    министрліктер
     нормативтерін                           (ведомстволар)
     белгілеудің тәртібін 
     анықтайтын нормативтік 
     құқықтық кесім әзірлеу

2. Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру

2.1. Қазақстан Республикасы.   Үкіметке      ҚМ ММжЖК,       2001 
     ның аумағындағы және      есеп беру     Салалық         жылдың
     шетелдегі меншіктің                    министрліктер желтоқсаны
     мемлекеттік және жеке                  (ведомстволар),
     нысанындағы заңды                       әкімшілік-
     тұлғалардың балансын.                   аумақтық
     дағы мемлекеттiк                        бірліктердің
     мүлiктi түгендеу өткiзу                 әкімдері
     жөнiндегi дайындық 
     iс-шараларын өткізу

2.2. Уәкiлеттi органға         Үкіметке      ҚМ ММжЖК,       2001
     - акцияларының мемлекет.  ақпарат       Салалық         жылдың
     тiк пакеттерi мен                      министрліктер желтоқсаны
     қатысудың мемлекеттiк                   (ведомстволар),
     үлестеріне;                             әкімшілік-
     - мемлекеттiк емес заңды                аумақтық
     тұлғалардың балансына                   бірліктердің
     берiлген және олардың                   әкімдері
     жарғылық капиталына
     енгiзілмеген өзге де 
     мемлекеттiк объектілерге
     мемлекеттiк меншік 
     құқығы субъектiсінің
     функцияларын тiркеудi 
     өткiзу

2.3. Ұлттық компаниялардың     Үкіметке      ҚМ ММжЖК,      1, 2, 3-
     қаржы-шаруашылық қызметі  ақпарат       Салалық       тоқсанның
     туралы тоқсандық және                  министрліктер нәтижелері
     жылдық жиынтық ақпарат                 (ведомстволар), бойынша
     беріп отыру                             Ұлттық          есепті
                                           компаниялардың  мерзімнен
                                             директорлар    кейінгі
                                            кеңестерінің     екінші
                                             төрағалары      айдың
                                                          10-күнінен
                                                        кешіктірмей,
                                                         4-тоқсанның
                                                         және жылдың
                                                          нәтижелері
                                                            бойынша
                                                             есепті
                                                            кезеңнен
                                                            кейінгі
                                                            төртінші
                                                           айдың 15-
                                                            күнінен
                                                         кешіктірмей
 

      2.4. Мемлекеттiк мүлiктi      Үкіметке       ҚМ ММжЖК,       2001
     есепке алу объектілерін  есеп           Салалық         жылдың
     жүйелеу және оларды                    министрліктер желтоқсаны
     мынадай белгiлерi:                     (ведомстволар),
     - Жарғылық қызметінің                  әкімшілік-
     негiзгi түрi;                          аумақтық
     - Салалық тиiстiлiгi;                  бірліктердің
     - Жұмыс iстеушілердiң                  әкімдері
     саны;
     - Қаржы жағдайы бойынша
     сыныптау.

2.5.  Республикалық          Үкіметке есеп, Салалық         2001 
      мемлекеттік              ҚМ ММжЖК-не  министрліктер  жылдың 
      кәсіпорындардың 2002     ақпарат      (ведомстволар) 4-тоқсаны
      арналған жыл сайынғы 
      бизнес-жоспарлары мен 
      бюджеттерін (шығыс 
      сметаларын) (әкімшілік 
      шығыстар сметасын қоса 
      алғанда) қарау және 
      бекіту

2.6.  Шаруашылық жүргізу       Үкіметке есеп, МКМ
      құқығындағы мемлекеттiк  ҚМ ММжЖК-не
      кәсіпорындар таза        ақпарат
      пайдасының бөлігiн, 
      сондай-ақ 2000 жылдың 
      нәтижелерi бойынша 
      сметаның үстінен алынған
      кiрiстердi тиiсті 
      бюджеттiң кiрiсіне
      есептеудiң және 
      аударымның уақытылығы 
      мен толықтығына 
      бақылауды жүзеге асыру
 

  2.7.  Мемлекеттiк кәсiпорын.   Қаржы          ҚМ ҚБК, ҚМ     2001 
      дардың қаржы-шаруашылық  министрлігінің ММжЖК,         жылдың        қызметiне тексеру        бұйрығы,       Салалық     1 шілдесі
      өткiзудiң 2001 жылға     Әкімдердің     министрліктер
      арналған кестесін        шешімдері      (ведомстволар),
      әзiрлеу және бекiту                     облыстардың,
                                              Астана мен 
                                              Алматы 
                                              қалаларының 
                                              әкімдері

2.8.  Республикалық мемлекет.  Үкіметке       Салалық         Жылдың
      тiк кәсiпорындардың      есеп беру,     министрліктер қорытын.
      2001 жылға арналған      ҚМ ММжЖК-не    (ведомстволар) дылары
      бизнес-жоспарлары мен    ақпарат                       бойынша
      бюджеттерінің (шығыс 
      сметаларының) (оның 
      iшінде әкімшілік 
      шығыстар сметаларын
      қоса алғанда)
      орындалуына бақылауды 
      жүзеге асыру

2.9. Мемлекеттік кәсiпорын.   Үкіметке есеп, Салалық         Жарты 
     дар қызметiне талдау     ҚМ ММжЖК-не    министрліктер   жылдық,
     өткiзудiң бекiтiлген                   (ведомстволар),  жыл
     ережесiне сәйкес                        әкімшілік-      аяқтал.
     ақпарат                                 аумақтық        ғаннан
     жылдың, жарты жылдықтың                 бірліктердің    кейін
     нәтижелерi бойынша                      әкімдері       45 күн
     мемлекеттiк кәсiпорын.                                 ішінде
     дардың қаржы-шаруашылық
     қызметіне талдау өткiзу

2.10. Директорлар кеңестеріне  ҚМ ММжЖК-нің   ҚМ ММжЖК,       2001 
      уәкiлеттi органдар және  бұйрығы        Салалық       жылдың
      мемлекеттiк басқару    Әкімдер шешімі министрліктер, 3-тоқсаны
      органдарының өкiлдерi                   әкімшілік-
      міндетті қатысатын                      аумақтық
      акционерлік қоғамдардың                 бірліктердің
      тізбесін анықтау                        әкімдері     

2.11. Акцияларының мемлекеттiк ҚМ ММжЖК-нің   ҚМ ММжЖК,      2001 
      пакеттерi басқару        бұйрығы,       Салалық       жылдың
      мемлекеттiк емес заңды   Әкімдердің    министрліктер 3-тоқсаны
      және жеке тұлғаларға     шешімдері     (ведомстволар),
      сенiмгерлiк басқаруға                   әкімшілік-
      берiлуi мүмкін                          аумақтық
      акционерлiк қоғамдардың                 бірліктердің
      тiзбесін анықтау                        әкімдері     

2.12. Акцияларының мемлекеттiк  Үкіметке      ҚМ ММжЖК,       Жыл 
      пакетi мемлекетке         ақпарат       ҚМ ҚБҚ, Салалық ішінде
      тиесiлi акционерлiк                     министрліктер
      қоғамдардың Директорлар                 (ведомстволар),
      кеңестеріне және тексеру                әкімшілік-
      комиссияларының                         аумақтық
      құрамдарына мемлекеттiк                 бірліктердің
      басқару органдарының                    әкімдері
      өкілдерін тағайындауды
      ұйымдастыру     

2.13. Қолданыстағы заңнама     ҚМ ММжЖК-не    Салалық         2001 
      талаптарына сәйкес       ақпарат,       министрліктер  жылдың
      акцияларының мемлекеттік Үкіметке есеп (ведомстволар),1-жарты.
      пакеттері мемлекетке                    басқарушы     жылдығы
      тиесілі акционерлік                     компаниялар,
      қоғамдардың 2000 жылдың                 ҚМ ММжЖК
      нәтижелері бойынша 
      акционерлердің жылдық 
      жалпы жиналыстарын 
      өткізудің кестесін 
      қалыптастыру     

2.14. 2000 жылдың нәтижелері    ҚМ ММжЖК-не  МКМ,        Жарты жылда
      бойынша акциялардың       ақпарат,     ҚМ ҚБК, Салалық  1 рет
      мемлекеттік пакеттеріне   Үкіметке     министрліктер
      дивидендтерді және        есеп         (ведомстволар),
      мемлекеттің қатысумен                   басқарушы
      шаруашылық серіктестік.                 компаниялар,
      тердің таза пайдасының                  әкімшілік-
      бөлігін тиісті бюджеттің                аумақтық
      кірісіне есептеудің                     бірліктердің
      және аударымының                        әкімдері
      уақытылығына және
      толықтылығына бақылауды
      жүзеге асыру

2.15. Ұлттық компаниялардың     ҚМ ММжЖК-не  Салалық     2001 жылдың
      2002 жылға арналған       ақпарат,     министрліктер 4-тоқсаны
      жылдық бизнес-жоспарла.   Үкіметке     (ведомстволар),
      рын және бюджеттерін      есеп         ұлттық
     (әкімшілік шығыстар                     компаниялардың
      сметаларын қоса алғанда)               Директорлар
      қарау және бекіту                      кеңестері, ҚМ,
                                             әкімшілік-
                                             аумақтық
                                             бірліктердің
                                             әкімдері

2.16. Мемлекеттік меншік        ҚМ ММжЖК-не   ҚМ ММжЖК,     Тоқсан 
      объектілерін, оның        ақпарат,      Салалық        сайын
      ішінде мемлекеттік        Үкіметке      министрліктер
      кәсіпорындардың мүлкін    есеп          (ведомстволар),
      мүліктік жалға (жалдауға)               әкімшілік-
      берудің мониторингін                    аумақтық
      өткізуді қамтамасыз ету                 бірліктердің
                                              әкімдері     

3. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру

3.1. "2000-2001 жылдары        ҚМ ММжЖК-не   ҚМ ММжЖК, ТМР БҚ 2001        жекешелендіруге жататын    ақпарат,     ж ШКҚА, Салалық  жылдың
     республикалық мемлекет.   Үкіметке      министрліктер    соңына
     тік кәсіпорындар мен      есеп          (ведомстволар)    дейін
     мекемелердің тізбесі                    
     туралы" Қазақстан                       
     Республикасы Үкіметінің                 
     2000 жылғы 17 маусымдағы                
     N 912  қаулысына сәйкес
     республикалық мемлекеттік
     кәсіпорындардың
     акционерлеуін аяқтау

3.2. 2002 жылы жекешелендіруге  Үкімет       ҚМ ММжЖК,        2001
     жататын республикалық      қаулысы      Салалық         жылдың
     мемлекеттік кәсіпорындар.               министрліктер 4-тоқсаны
     дың тізбесін анықтау                    (ведомстволар)

3.3.  Қолданыстағы заңнамаға     ҚМ ММжЖК-не  Салалық          Жыл
      сәйкес жекешелендiруге     ақпарат      министрліктер  ішінде
      жататын мемлекеттiң        беру         (ведомстволар)
      қатысуымен заңды
      тұлғалардың жекешелендi.
      руге дейінгi дайындығын
      қамтамасыз ету     

3.4.  2001 жылы жекешелендiруге  Үкіметке     ҚМ ММжЖК,      Тоқсан
      жататын мемлекеттiк        ақпарат      әкімшілік-     сайын
      меншік объектiлерiнің                   аумақтық
      сатылуын қамтамасыз ету                 бірліктердің
                                              әкімдері

4. Жекешелендiруден кейінгi бақылауды жүзеге асыру

4.1.  Мемлекеттік меншік         Үкіметке     ҚМ ММжЖК,       Жыл
      объектілерін сатып         есеп         әкімшілік-     ішінде
      алушылардың және сенiмдi                аумақтық
      басқарушылардың                         бірліктердің
      (концессияшылардың,                     әкімдері
      жалгерлердің) келісім-
      шарттық міндеттемелерін
      (қолданылып жүрген
      келiсiм-шарттар бойынша) 
      орындауына тексерудi
      жүзеге асыру

4.2.  Шаруашылық ететін          Үкіметке     ҚМ ММжЖК     Есепті 
      субъектілердің басқару     есеп                      жарты.
      тиімдiлігін консалтингтiк                           жылдықтан
      ұйымдардың зерттеуін                                 кейінгі 
      ұйымдастыру және                                     екінші
      зерттеудің нәтижелерi                               күнінен
      бойынша шаралар қабылдау                         кешіктірмей

4.3.  Сатып алушылармен және     Үкіметке     ҚМ ММжЖК    Жыл ішінде
      сатып алу-сату келiсiм-    ақпарат
      шарттарының орындалуын 
      бақылау жөніндегi
      ведомствоаралық 
      комиссиямен келісім 
      бойынша жекелеген 
      ережелерін нақтылау 
      және түзету мақсатымен 
      сатып алу-сату келiсiм-
      шарттары бойынша қосымша 
      келiсiмдер әзірлеу
-------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады