"Қазақстан Республикасының 2001-2030 жылдарға арналған "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 шілде N 903

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367

 



P000367_


  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002

жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі

іс-шаралардың жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы

етеді:

     "Қазақстан Республикасының 2001-2030 жылдарға арналған "Ауыз су"

мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті

Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


             Қазақстан Республикасы Президентінің

                          Жарлығы


          Қазақстан Республикасының 2001-2030 жылдарға арналған

              "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы туралы



 
       Еліміздің тұрғындарын қажетті мөлшерде және кепілді сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2001-2030 жылдарға

 

арналған "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бағдарламаны іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір ай мерзім ішінде әзірлесін және бекітсін.

     3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және

жариялануға тиіс.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


     Астана, 2001 ж. ________


     N _____

                                        Қазақстан Республикасы

                                           Президентінің

                                        2001 жылғы "___"_____

                                         N ____ Жарлығымен

                                             бекітілген


             Қазақстан Республикасының

            2001-2030 жылдарға арналған

         "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы


                   Бағдарлама паспорты


     Атауы                     Қазақстан Республикасының 2001-2030 жылдарға

                               арналған "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы

                               (бұдан әрі - Бағдарлама)

     Қысқаша мазмұны           Осы Бағдарламада еліміздің тұрғындарын

                               ауыз сумен қамтамасыз етудің қазіргі

                               уақыттағы жағдайына талдау берілген,

                               облыстар бойынша нақты іс-шаралар кешені,

                               оларды іске асыру жоспарлары, нормативтік-

                               құқықтық базаны жетілдіру белгіленіп,

                               мынадай басымдықтар анықталды:

                               1) құрылысын қаржыландыру мәселелерін

                               шұғыл шешуді талап ететін өте маңызды

                               объектілер;

                               2) жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау

                               жүйелері мен құрылыстарды оңалту және

                               орталықсыздандыру;

                               3) қала мен ауылдық елді мекендерді ауыз

                               сумен жабдықтайтын жаңа жүйелер мен        

                               құрылыстарды салу;

                               4) судың сапасын жақсарту;

                               5) жерасты суын пайдалануды жандандыру;

                               6) тұрғындарға су жеткізіп беру жөнінде

                               рынок қызметін қалыптастыру;

                               7) су ресурстарын ұтымды пайдалану және

                               қорғау;

                               8) сумен жабдықтау үшін құралдар шығаратын

                               жоғары технологиялық өндіріс қуаттарын

                               жасау;

                               9) нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;

                               10) ауызсулық сапасы бар су ресурстарын

                               ұтымды пайдалану проблемалары бойынша

                               тұрғындарға ақпарат және білім беру,

                               тұрғындарда экологиялық мәдениет

                               қалыптастыру;

                               11) ғылыми-зерттеу мен жобалау-іздестіру

                               институттарының және білім беру

                               базасының рөлін күшейту;

                               сондай-ақ іске асырудың негізгі бағыттары

                               мен амалдары, қажетті инвестициялар көлемі

                               және қаржыландыру көздері.

     Бағдарламаны іске асыру   2001-2030 жылдар

     мерзімі


                             Кіріспе



 
       Қазақстан Республикасының "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 U984153_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес әзірленді.
      Осы Бағдарламаның әзірленуі тұрғындардың су факторы арқылы берілетін түрлі науқастармен және жұқпалы аурулармен аурушаңдық деңгейінің өсуі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы және тұрғындарды кепілді сапалы ауыз сумен жабдықтау қажеттігімен байланысты.
 
                 1. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
 
      Халық санағына сәйкес 1999 жылғы 1 қаңтарға республикамызда 14,96 млн. адам, соның ішінде 8,38 млн. адам қалалар мен кенттерде, 6,58 млн. адам ауылдық елді мекендерде тұрды.
      300 мыңдай адам ауыл тұрғындары мәдени-тұрмыстық қызмет ететін мекемелер кешені жоқ әрі сапалы ауыз сумен тиісті дәрежеде қамтамасыз етілмеген шағын кенттерде тұрып келді.
      Қалалар тұрғындарының шаруашылық-ауыз су мұқтаждарының қамтамасыз етілуі 62-90 пайызды және орта есеппен республика бойынша 83 пайызды құрайды, ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қамтамасыз етілуі 70-76 пайыз.
      Қалалар тұрғын үй қорларының су құбырларымен жабдықталуы түрлі облыстарда 35 пайыздан 85 пайызға дейінгіні құрайды. Орта есеппен республика бойынша қала тұрғындарының 70-75 пайызы су құбырының суымен қамтамасыз етілген, 15-18 пайызы орталықтандырылмаған су көздерінің суымен, ал тұрғындардың қалған бөлігі (500 мыңнан астам адам) тасымалды суды және ашық су тоғандары суын пайдаланады.
      Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуде түйінді проблема бар. Ауылдық кенттерді орталықтандырылған сумен жабдықтау жергілікті (бір кент үшін) және топтық (кенттер тобы үшін) су құбырларын салу арқылы шешіліп келді.
      Су ресурстары шектеулі аудандарда ондаған және жүздеген елді мекенге қызмет ететін ұзындығы 50-ден 2000 километрге дейін болатын топтық су құбырларын салу жүзеге асырылды. Салынған топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 90-шы жылдардың басында 17,1 мың километрге жетті, олармен 1276 ауылдық кент қамтамасыз етілді.
      Екі онжылдықтан астам уақыт ішінде республикамыздың солтүстік облыстарында өзінің параметрлері бойынша бірегей жалпы ұзындығы 6 мың километрден астам Есіл, Преснов, Булаев және Беловод топтық су құбырлары пайдаланылып келді.
      Батыс Қазақстан облысы аумағында ұзындығы 1,7 мың километр болатын Фурманов, Тайпақ және Камен сияқты ірі топтық су құбырлары пайдаланылып келді, олар 100-ден астам кентке қызмет етті. Ұзындығы тиісінше 1125,6 және 406,4 километр Нұра және Сілеті топтық су құбырлары Ақмола облысының 73 ауылдық елді мекенін сумен қамтамасыз етіп отырды.
      Ауылдағы барлық ірі су құбырлары мемлекеттік дотация есебінен ұсталынып, пайдаланылып келді.
      2,6 мың ауылдық елді мекен жергілікті су құбырларымен қамтамасыз етілген болатын. Кентішілік желілерінің жалпы ұзындығы 29,0 мың километрді құрайды. Тұтас алғанда республика бойынша 3,5 миллиондай адам (ауыл халқының 60 пайызына дейін) су құбырының суымен қамтамасыз етілген болатын. Тұрғындардың қалғаны құбырлы және шегенді құдықтардың, сондай-ақ ашық су тоғандарының суын және тасымалды суды пайдаланды. Бұндай сумен жабдықтаудың техникалық және санитарлық сенімдік дәрежесі өте төмен.
      Барлық су құбырының іске қосылғанына немесе оларға күрделі жөндеу жүргізілгеніне 20-25 жылдан астам болғанын да айта кету керек. Бірқатар су құбыры мен олардың жекелеген тармақтарының қызмет ету мерзімі біткен, ал қалған су құбырының құбырлары мен құрылыстарының тозу деңгейі 70 және одан да жоғары пайызға жеткен. Сондықтан апаттар саны жиілеп кетті. Тек қана 2000 жылы 7097 апат тіркелген, оның ішінде Қарағанды облысында - 4818, Атырауда - 1022, Жамбылда - 688. Жоғарғы апаттық жағдай судың қайталап ластануына, су беруде ұзақ мерзімді іркілістерге, жүйелерде кей жағдайларда 30 және одан да жоғары пайызға жететін үлкен ысыраптарға, судың өнімсіз ысырабына ұрындырады, ол электр қуатының артық шығынына, ақырында судың 1 текше метрінің өзіндік құнының өсуіне әкеледі.
      Нәтижесінде көптеген ауылдық елді мекен топтық су құбырларының қызметінен бас тартты. Пайдаланушы ұйымдар біраз елді мекенді қарыздарын өтей алмайтын болған соң топтық су құбырынан ажыратып тастады. Кейбір аймақтың тұрғындары ауыз суға өте-мөте зәру немесе су ішу үшін жете тазартылмаған суды тұтынуда.
      Бұрын Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 100-ден астам кентін ауыз сумен қамтамасыз етіп келген Беловод топтық су құбыры экономикалық қиыншылықтарға байланысты қазіргі кезде жұмыс істеуін мүлдем тоқтатты.
      Тұтынушылардың төлем қабілеті болмауына және жекелеген тармақтары істен шығуына байланысты Батыс Қазақстан облысында Фурманов, Қаратөбе және Тайпақ топтық су құбырлары, Оңтүстік Қазақстан облысында Дарбаза және Жетісай су құбырлары және түрлі облыстарда басқа да бірқатары жұмыс істемей тұр.
      Топтық су құбырларының арбиған жүйесі және олардың қанағаттанғысыз техникалық жағдайы, пайдалануға кететін жоғары шығындар және елді мекендерді сумен жабдықтау үшін барланған жер асты суларының көздері болған кезде жыл сайын қайта жаңартуға кететін шығындар осы су шаруашылығы кешенін басқарудың тиімділігі нашар екендігін көрсетеді және оны қайта ұйымдастыру жөнінде іс-шаралар орындауды талап етеді.
      Еліміздің халқын ауыз сумен жабдықтаудың 1991 жылға қол жеткізген деңгейі көрсетілген себептерге байланысты, сондай-ақ соңғы он жылда су құбырларының қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін инвестициялық қолдаудың болмауы салдарынан күрт түсіп кетті. Қазіргі кезде топтық су құбырларынан 513 ауылдық кент, жергіліктерінен - 2,1 мың кент қана қамтамасыз етілуде. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілу республика бойынша орта көрсеткішінің жыл сайынғы төмендеуі 3-5 пайызға жетті.
      Бірқатар қаладағы сумен жабдықтау жүйелері ұзақ мерзімді пайдалануға, ескірген су тазарту технологияларына байланысты нормативтік сапалы су беруді қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан да республикадағы көптеген жұмыс істеп тұрған су құбыры санитарлық талаптарға сай келмейді. Республика бойынша жұмыс істеп тұрғандарының ішінен санитарлық талаптарға 25,8 пайызы, ал Жамбыл облысында 89,7 пайызға дейіні, Павлодарда - 57,1 пайызы, Шығыс Қазақстанда - 50,8 пайызы, Батыс Қазақстанда - 46 пайызы, Қарағандыда - 36 пайызы сай келмейді. Су құбырларының тиісінше 50 пайызы және 31,2 пайызы санитарлық талаптарға сай келмейтін Астана мен Алматы қалаларында да жағдай оңып тұрған жоқ.
      Еліміздің кейбір аймағында жұқпалы аурулармен аурушаңдық жағдайына ауыз сумен жабдықталу ахуалы өз әсерін тигізбей қоймады. Бұл бірінші кезекте су факторы арқылы берілетін жұқпалы аурулар: іш сүзегі, қандытышқақ, бауырдың қабынуы (сары ауру) вирусының А түрі.
      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің деректері бойынша соңғы кезде су құбырлары суына байланысты топтық жұқпалы аурушаңдық жүйелі сипат алды. Егерде 1992 жылы саны 181 адам зардап шеккен 4 іш сүзегі ошағы тіркелсе, 1995 жылы саны 305 адам зардап шеккен 5 оқиға тіркелді, ал 2000 жылы 3220 адам зардап шеккен 7 оқиға болды. Бұл ретте 2000 жылы Қарағанды (Шахтинск, Абай қалалары) және Шығыс Қазақстан (Қатонқарағай ауданының Фыколка селосы) облыстарында су құбыры суын ішуімен байланысты 1,5 мың адам (1995-1997 жылдарды бірге алғандағыдан үш есе көп) зардап шеккен жұқпалы іш сүзегінің 3 ошағы тіркелді. 2001 жылдың ақпан айында ғана Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Қарағанды облысының Теміртау қаласында жалпы саны 448 адам зардап шеккен іш сүзегінің 2 ошағы тіркелді.
      2000 жылы республика бойынша бауырдың қабыну ауруы 1999 жылға қарағанда 1,8 есе, оның ішінде Қызылорда облысында - 5,4 есе, Оңтүстік Қазақстанда - 4,1 есе, Маңғыстау мен Жамбыл облыстарында - 17, есе, Алматы қаласында 1,9 есе өсіп кетті.
      Республика бойынша орта есеппен алғанда су арқылы берілетін бауырдың қабыну ауруының үлес салмағы 22,6 пайызды құрайтыны анықталды, бұл көрсеткіш Ақмола облысында 47,9 пайызды, Қызылордада - 41,8 пайызды, Қостанайда - 31,1 пайызды, Қарағандыда - 27,6 пайызды құрайды.
      1994-1997 жылдарғы жиыны 867 адамға қарағанда 2000 жылы бауырдың қабыну ауруы бойынша саны 1720 адам зардап шеккен 4 эпидемиологиялық шиеленіс пайда болды, олардың себептері судың қанағаттанғысыз сапасы мен оның жетімсіздігі болып отыр.
      Бауырдың қабынуының ең ірі ошағы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары арасында тіркелді. Елді мекендер су ішіп келген Жиделі су құбырының ажыратылуы нәтижесінде тұрғындар кез келген су көзі суын пайдаланған. Ауданда аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1995,9-ға жеткен.
      Бауырдың қабынуының ошақтық аурушаңдығы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Сарытоғай кентінде орын алды, онда техникалық су құбырынан суды ауыз су мақсатында ішуге байланысты 2000 жылғы қазан-қараша айларында 81 адам (көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 9293-6-ны құрады) ауырып қалған.
      Атырау облысының Жылыой ауданында бауырдың қабыну аурушаңдығы да ошақтық сипат алып, бір мезетте 1342 адам науқастанып қалды. Себебі - халықтың ауыз сумен жетімсіз қамтамасыз етілуінде.
      Солтүстік Қазақстан облысының М.Жұмабаев атындағы ауданында тұрғындарды таза ауыз су суымен қанағаттанғысыз қамтамасыз етудің нәтижесінде 2000 жылдың 20 тамызынан 3 қазанына дейін бауырдың қабынуымен саны 20 адам науқастанған топтық аурушаңдық тіркелді.
      Қалыптасқан жағдай су көздерінің барған сайын ластануының, су құбырларының құрылыстары мен тарату жүйелерінің санитарлық-техникалық қанағаттанғысыз жағдайының, бірқатар су құбырында тазалау құрылыстары мен залалсыздандыру қондырғыларының қажетті кешені жоқтығының, коммуналдық-шаруашылық ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайы нашарлығының, техникалық пайдалану бригадалары жоқтығының, әсіресе ауылдық елді мекендерде, заңды салдары болып табылады.
      Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің пікірі бойынша, егер індеттерге қарсы іс-шаралар (вакцинация, эпидемиологиялық күрделі аймақтарда тұрғындарды фагтау, науқастарды барынша анықтау, санитарлық-эпидемиологиялық бұзушылығы бар объектілерді тоқтата тұру немесе жабу) мезгілінде жүргізілмегенде, республика тұрғындары арасында іш сүзегімен аурушаңдық іс жүзінде бұдан да жоғары болар еді. Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты, әсіресе ауылдық жерлерде, науқастанғандардың бәрі медициналық көмек сұрай қоймайды, сондықтан статистикалық деректер аурушаңдықтың өсуін жеткілікті дәл көрсетпейтінін де атап айту қажет.
      Қазақстан өзендер ағынының көлемі бойынша сумен ең аз қамтамасыз етілген елдер қатарына жатады. Сумен қамтамасыз етілу үлесі аумақтың бір шаршы километріне 37 мың текше метрден және бір адамға жылына 6,7 мың текше метрден келеді. Жер үсті суларының ресурстары сулылығы орташа жылы 100,5 текше километрді құрайды, оның 56,5 текше километрі республиканың аумағында құралады. Қалған көлемі көршілес мемлекеттерден (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей) келеді.
      Сулылығы орташа жылы шаруашылыққа пайдалануға болатын су ресурстарының көлемі су ағынының ысырапқа кететін міндетті шығындарын, экологиялық, санитарлық, көліктік-қуаттық талаптарды қанағаттандыруға жіберілетінін алып тастағанда 46 текше километрден аспайды. Су аз жылдары су ресурстарының жалпы көлемі 58 текше километрге дейін, ал бар судың көлемі тиісінше 26 текше километрге дейін түсіп кетеді. Бұдан басқа, жер үсті суларының ресурстары біркелкі орналаспаған, бұл оларды тасымалдауға көп шығын жұмсауға себеп болады.
      Жекелеген аймақтар жалпы су ресурстарына да, сапалы ауыз суға да аса тапшылық көріп отырғанына қарамастан, республиканың жер асты суымен қамтамасыз етілу көрсеткіші тұтас алғанда жоғары.
      Республика аумағында әр түрлі мақсат үшін жылына 15,84 текше километр пайдалану қоры бар 623 жер асты суларының кен орны барланды. Оның ішінде тұщы су жылына 12,68 текше километрді құрайды. Тікелей шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін жылына 6,13 текше километр жалпы қоры бар 494 жер асты суы кен орны барланған.
      Суды шаруашылық-ауыз су мұқтажына пайдалану 1991 жылы 1,89 текше километрді және 1999 жылы 0,83 текше километрді құрады, бұл еліміз экономикасы барлық саласының жалпы пайдалануының 4-6 пайызы шегінде.
      Барланған пайдалануға арналған ауыз судың қорлары республиканың жалпы тұтынуынан 2 еседен асады және 1 адамға тәулігіне 1,12 текше метрді құрайды. Сонымен қатар, пайдалану қорлары біркелкі орналаспаған: сумен қамтамасыз ету үлесі Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тәулігіне 0,8 текше метрден Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарындағы 1,6-2,3 текше метрге дейін өзгереді.
      Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жарамды болжамды ресурстардың шектеулі таралуы және бар барланған қорлар Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарының аумақтарын нашар және ішінара қамтамасыз етілгенге жатқызуға мүмкіндік береді.
      Жалпы тұщы жер асты суларының біркелкі таралмауына байланысты оның қорларының тапшылығына қарамастан, жер асты сулары барланған кен орындарының өзінде толығымен пайдаланылмауда (барланған қорлар мөлшерінің 0,2 пайызынан 10 пайызына дейін), ол жекелеген (қала, кент) тұтынушылардың да, тұтас аймақтардың да сумен қамтамасыз етілу деңгейіне әсерін тигізеді. Барланған кең орындарының жалпы санынан (623) пайдаланылатыны небәрі 330, олардың су шығару жиынтығы барланған қорлардың 7 пайызын ғана құрайды.
      Қазіргі кезде жер үсті мен жер асты суларының ластану проблемасы өте өткір тұр.
      Республикамыздың едәуір бөлігінде ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау үшін пайдаланатын жер асты суларының минералдылығы жоғары, сондай-ақ басқа да нормалық көрсеткіштері жоғары немесе төмен.
      Айталық, Қызылорда оң жағалау топтық су құбыры жер асты суларының минералдылығы 1,3-1,4 г/л болатын кен орнына негізделген. Батыс Қазақстан облысындағы Камен топтық су құбыры бойынша құрамында темір шекті жол берілетін шоғырланудан (бұдан әрі - ШЖШ) 1,5-2,5 есе жоғары су беріледі. Ақмола облысының Зеренді және Яблоновск топтық су құбырларының көздері - жер асты суларының кен орындарында фтордың құрамы жол берілетін нормадан жоғары. Орал кен орнында сағадағы судың құрамында марганец ШЖШ-дан 3-5 есе жоғары.
      Іс жүзінде барлық ірі ағын сулар бойынша жер үсті суларының сапасы ауыз су стандарттарына сәйкес емес. Шекарааралық болып келетін ең ірі Ертіс, Іле, Жайық, Сырдария өзендері қатты ластанған және алдын-ала дайындаусыз шаруашылық-ауыз суымен жабдықтау үшін пайдалануға болмайды.
      Жайық өзені фенолмен (3 ШЖШ), синтетикалық жер үсті белсенді заттарымен (1,4 ШЖШ) ластанған. Жер үсті суларының ішінде Елек өзенінің броммен (21,8 ШЖШ) және алты валентті хроммен (14 ШЖШ) ластануы өткір экологиялық проблема болып отыр. Нұра және Шерубай - Нұра өзендері "екінші рет сынаппен ластанған" объектілер санатына көшті. Нұра өзені табанының тұнбаларындағы, суының құрамындағы сынап бойынша республикада ең ластанған өзен болып отыр. Ертіс өзені жезбен (2 ШЖШ) және мырышпен (25 ШЖШ) ластануы әлі де өте жоғары күйде.
      Қазіргі уақытта тұрғындардың жартысынан астамы сапалық нормативтерге сәйкес келмейтін ауыз суын пайдалануда немесе суға зәрулік көруде.
      Сонымен, елімізде тұрғындарды ауыз сумен жабдықтауда қалыптасқан өте қиын жағдайдан негізгі себептері мыналар:
      сумен жабдықтау жүйелерінің өте қиын техникалық жағдайы;
      су шаруашылығын басқарудың, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану жөніндегі баға саясаты амалдарының жетілдірілмеуі мен кемшіліктері;
      су ресурстарының, әсіресе жер үсті суларының, жалпы техногендік ластануы;
      тұтынылатын судың қамтамасыз етілуінің төмендігі және қанағаттанғысыз сапасы;
      шаруашылық-ауыз су суымен жабдықтау үшін арнайы барланған кен орындарын толығымен пайдаланбау және тұщы жер асты суын мақсатты пайдаланбау;
      Қазақстанның жекелеген аймақтарында ауыз сумен қамтамасыз етуде жергілікті көздердің жоқтығы.
      Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына жасалынған талдау, сумен жабдықтау көздерінің химиялық және микробиологиялық ластануы, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы көрсеткеніндей, шұғыл шаралар қолданбау одан әрі ушығуға әкеліп соғады әрі бұл проблема бағдарламалық шешімді талап етеді.
 
              2. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері
 
      Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасы тұрғындарын кепілді сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және оған стратегиялық ресурс мәртебесін беру.
      Бағдарламамен көзделген шаралар және проблемаларды шешу жолдары мемлекетіміздің әлеуметтік және экономикалық қайта құру салаларында бұрын қабылданған бағыттарды толық ескереді.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      тұрғындарды кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын

 

жақсарту жөнінде іс-шараларды әзірлеу, оларды іске асыру жөніндегі

басымдықтарды айқындау;

     халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің нормативтік құқықтық базасын

жасау;

     Бағдарламаны іске асыру үшін инвестициялар мен қаржыландыру

көздерінің қажетті көлемін анықтау.


         3. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру амалдары


     Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі бағыттары мен проблеманы

шешудің жолдары мынадай:

     жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру,

жетілдіру, жаңаларын салу және кеңейту;

     тұтынылатын судың сапасын жақсарту;

     жер асты суын пайдалануды жандандыру;

     су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау;

     сумен жабдықтау үшін жабдықтар шығаратын жоғарғы технологиялы

өндірістерді құру;


 
       ауыз судың сапасын бақылаумен айналысатын қызметтердің материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етілуін нығайту;
      ауыз сумен жабдықтау саласында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тұғырдан қолдау;
      ауыз суды үнемді пайдалануды хабардар ету және насихаттау;
      халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық кесімдердің жаңаларын әзірлеу және қолданылып жүргендерін жетілдіру.
      Жоғарыда аталған басымдықтардың бәрін өзара байланыстыра қарау әрі проблемаларды шешуге арналған іс-шараларда республикалық және аймақтық деңгейлерде іске асыру керек.
      Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың кезектілігі жекелеген аймақтар мен тұтынушыларды сумен қамтамасыз етудегі шиеленісті жою қажеттілігіне негізделеді және су құбырларын салу мен қайта жаңарту мемлекеттік инвестицияларының жыл сайынғы жоспарларында қарастырылады.
      "Экономикасы тоқыраған аудандарға көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 мамырдағы N 561 P990561_ қаулысына сәйкес осы аудандардың елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларын салу жөніндегі іс-шаралар басымдықтар қатарына жатқызылды.
      Сумен жабдықтау жүйелері мен көздеріне түгендеу жүргізу шешуші мәселе болып табылады, оның нәтижесі проблеманың ауқымын бағалауға және оны шешудің балама жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
      Еліміз экономикасының тұрақты дамуы су ресурстарының молдығы және жай-күйімен анықталады. Тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқаттылығы судың сапасына тәуелді болғандықтан, оның стратегиялық маңызы жылдан жылға артып келеді.
      Бағдарламамен өте таза, жақсы қорғалған, пайдаланушыға жақын орналасқан көз ретінде жер асты суларын пайдалануды кеңейту көзделіп отыр, бұл пайдалану шығынын әжептәуір төмендетеді.
      Коммерциялық негізде тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің баға негізін қалыптастыру бойынша белгілі бір амалдарды іске қосу қажет. Тұтынушыға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін қызмет көрсету рыногының маңызды қозғаушы күші адал бәсекелестік болуы тиіс. Судың бағасы халыққа қол жетерліктей болуы, ал суды жеткізуге кеткен шығындар су тұтынушылардың төлемдері есебінен өтелуі тиіс.
      Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтаудың техникалық-экономикалық негіздемесін және жобаларын әзірлеу кезінде пайдаланылатын нормативтер, стандарттар мен түрлі әдістемелік нұсқамалықтар ескірген және нарықтық қайта құру нәтижесінде өзгерген республика жағдайының ерекшеліктерін ескермейді. Сондықтан да "Су үнемдеу жөніндегі мақсатты бағдарлама" әзірлеу, "халықтың су тұтыну нормативтерін" және басқа да бірқатар, оның ішінде ауыз суды ыдысқа құю жөніндегі қызметті реттейтін нормативтік кесімдерді қайта қарау қажет.
      Осы саладағы мемлекеттік саясат республикада су дайындау және суды тазарту жөнінде қазіргі заманғы жабдықтарды, құбырларды, түрлі сантехникалық және басқа да қосалқы жабдықтарды өнеркәсіптік шығару бойынша қуаттарды құруға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институттарының желілерін қалпына келтіруге бағытталуы тиіс.
      Саланың қажеттіліктеріне байланысты тар мамандықтар бойынша мамандар даярлау мен қайта даярлауды күшейту керек.
      Еліміздің жекелеген аймақтарында тұщы судың өте тапшылығына байланысты ауызсулық сапасы бар су ресурстарын пайдалану жөніндегі су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу қажет.
      Адамның табиғатқа, әсіресе су объектілеріне деген көзқарасы тікелей оның тұтынып отырған ұтымды пайдалану мен сапасына байланысты.
      Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау, су объектілерінің ластануына жол бермеу саласында алғышарттар жасаудың маңызды сәті тұрғындарда жалпы санитарлық-гигиеналық және экологиялық мәдениетті, олардың осы мәселелерге хабардар болуын тереңдету арқылы қалыптастыру болып табылады.
      Бағдарламаның іске асырудың мынадай амалдары көзделуде:
      республикалық, облысаралық маңызы бар сумен жабдықтау объектілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік инвестициялар бағдарламаларына сәйкес тиісті жылға қаржыландырылады;
      облыстық, аудандық және жергілікті маңызы бар сумен жабдықтау объектілері мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары бекіткен немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған мақсатты бағдарламалар негізінде жергілікті бюджет қаражаты, заемдар, отандық және/немесе шетелдік тікелей инвестициялар мен басқа да бюджеттік емес қаражат есебінен қаржыландырылады.
      Бағдарламалық іс-шаралардың іске асуын Су ресурстары жөніндегі комитеттің, Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің облыстық бөлімшелері, құрылыс және коммуналдық шаруашылық жөніндегі облыстық департаменттер, "Су арнасы" қалалық басқармалары және басқа мемлекеттік емес сектордың сушаруашылық ұйымдары жүзеге асырады.
      Осы Бағдарламаның іске асырылуы әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол тұрғындарды ауыз сумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемаларға атқарушы органдардың, сушаруашылық ұйымдарының назарын шоғырландыруға, осы саладағы жағдайды өзгерту үшін әрекет етуге, шаралардың тиімділігі мен нақты нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Бағдарламаның іс-шараларын 3 кезеңде іске асыру көзделуде:
      І кезең (2001-2005 жылдар) - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық және облыстық маңызы бар объектілер құрылысын жалғастыру. Сумен жабдықтау құрылыстарын, жер асты суларының кен көздерін және су жинағыштарды түгендеуден өткізу. Ірі топтық су құбырларына жан бітіру және орталықсыздандыру. Астана, Алматы, Атырау және басқа қалалардың қалалық тораптарын қайта жаңарту. Сумен жабдықтау үшін жабдықтар, құралдар мен жинақтаушы бұйымдар шығаратын салалық база, жаңа технологиялық өндірістер құру. Жер асты суларын пайдалануды жандандыру жөніндегі іс-шаралар.
      ІІ кезең (2006-2015 жылдар) - топтық суағарларды қалпына келтіру және орталықсыздандыру; жаңа жергілікті сумен жабдықтау жүйелерін құру; қалалық су құбырлары жүйелерін қайта жаңарту, жаңа технологияларды ескере отырып, жер үсті және жер асты суларын пайдалану жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
      ІІІ кезең (2006-2030 жылдар) - ауызсулық сапасы бар сумен жабдықтау және дайындау жүйелерін салуға озық технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу жұмысын одан әрі жалғастыру. Еліміздің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жүйелер мен құрылыстар салу және қайта жаңарту.
 
      4. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
 
      "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы іс-шараларын іске асыру үшін қажет инвестицияның жалпы көлемі 118,168 млрд. теңге көлемінде деп жорамалданады. Күрделі қаржылардың жалпы көлемінде қалалық сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға және қайта жаңартуға кететін шығындар 66,528 млрд. теңгені, ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту 51,64 млрд. теңгені құрайды. Бірінші кезектегі бағдарламалық іс-шараларды (І кезең: 2001-2005 жылдар) іске асыруға инвестициялардың көлемі 60,378 млрд. теңгеге жорамалданады. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін қажетті қаражаттың көлемі қоса беріліп отыр.
      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттер, сыртқы заемдар мен гранттар қаражатынан басқа, меншік нысанына қарамастан су құбырларын пайдаланушы ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, түрлі бюджеттен тыс көздер тартылуы мүмкін.
      Әлдебір инвестицияның үлес салмағы әртүрлі болуы мүмкін және сумен

 

жабдықтаудың белгілі бір жүйелері мен құрылыстарына жіберілген шығындардың

бағытталуына және құрылымына байланысты болады.

     Сыртқы заемдарды экологиялық апат аймақтарында су құбырларын салу

жөніндегі ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға, сондай-ақ бірегей және

бірінші кезекті сумен жабдықтау объектілеріне бағыттаған жөн.

     Бағдарламаны республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру

осы мақсаттарға бөлінген қаражат көлемінде жүзеге асырылады.


        "Ауыз су" бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға қажетті

            ресурстар көлемі және қаржыландыру көздері

                                                              млн.теңге

---------------------------------------------------------------------------

                        Барлығы             оның ішінде кезеңдері бойынша

                                 __________________________________________

                                 I кезең    жылдар бойынша қаржыландыру   

                                 2001-

                                 2005       2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004-

                                 жылдар                             2005жж.

---------------------------------------------------------------------------

1. Жалпы көлемі,         118168   60378   6423    11686    12630   29639

оның ішінде көздер  

бойынша:

республикалық бюджеттен,  70048   37718   5458     9721     7430   15109

барлығы

оның ішінде:

республикалық бюджет      41773   11343   2648     4940     1146   26090  

сыртқы заемдар            25834   23934   2708     3715     5011   12500

бірігіп қаржыландыру       1220    1220      2      478      740     -

гранттар                   1221    1221    100      588      533     - 

жергілікті бюджет         19300    7990    520      960     1840    4670

бюджеттен тыс қаражат     28820   14670    445     1005     3360    9860


2.Қалаларды сумен         66528   50388   5807    10111    10530   23940

қамтамасыз ету,

оның ішінде көздер бойынша:

республикалық бюджеттен,  33048   29418   4937     8351     5630   10500  

барлығы

оның ішінде:

республикалық бюджет      10123    6493   2227     4120      146     -

сыртқы заемдар            20584   20584   2708     3165     4211   10500 

бірігіп қаржыландыру       1220    1220      2      478      740     -

гранттар                   1121    1121     -       588      533     -

жергілікті бюджет         11300    6570    450      800     1600    3720

бюджеттен тыс қаражат     22180   14400    420      960     3300    9720


3. Ауылдық елді мекендерді

сумен қамтамасыз ету,     51640    9990    616     1575     2100    5699

оның ішінде көздер бойынша:

республикалық бюджеттен,

барлығы                   37000    8300    521     1370     1800    4609

оның ішінде:

республикалық бюджет      31650    4850    421      820     1000    2609

сыртқы заемдар             5250    3350     -       550      800    2000

бірігіп қаржыландыру        -       -       -        -        -       -

гранттар                    100     100    100       -        -       -

жергілікті бюджет          8000    1420     70      160      240     950

бюджеттен тыс қаражат      6640     270     25       45       60     140  

---------------------------------------------------------------------------

  таблицаның жалғасы

--------------------------------------

N    II кезең          III кезең     !

     2006-2015         2016-2030     !

     жылдар            жылдар

-------------------------------------    

1. Жалпы көлемі,         31500             26290  

оның ішінде көздер  

бойынша:

республикалық бюджеттен,  14330             18000

барлығы

оның ішінде:

республикалық бюджет      12430             18000  

сыртқы заемдар            1900               -

бірігіп қаржыландыру       -                 -

гранттар                   -                 -

жергілікті бюджет         8090              3220

бюджеттен тыс қаражат     9080              5070


2.Қалаларды сумен         16140              -

қамтамасыз ету,

оның ішінде көздер бойынша:

республикалық бюджеттен,   3630              - 

барлығы

оның ішінде:

республикалық бюджет      3630                -

сыртқы заемдар              -                 - 

бірігіп қаржыландыру       -                  -

гранттар                   -                  -

жергілікті бюджет         4730                -

бюджеттен тыс қаражат     7780                -


3. Ауылдық елді мекендерді

сумен қамтамасыз ету,     15360             26290

оның ішінде көздер бойынша:

республикалық бюджеттен,

барлығы                   10700             18000

оның ішінде:

республикалық бюджет      8800             18000

сыртқы заемдар            1900               -

бірігіп қаржыландыру        -                -      

гранттар                    -                -

жергілікті бюджет         3360              3220

бюджеттен тыс қаражат     1300              5070      

______________________________________________________________________ 

     Ескерту: Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2001 жылдың шығыстары "2001

жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының

Заңына сәйкес алынды.

     Келесі жылдардың шығыстары тиісті жылға арналған республикалық және

жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде анықталады.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады