Солонички-Қарағайлы темір жол учаскесін сенімгерлік басқаруға беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 шілде N 949

      Жұмыс орындарын құру және мардымсыз жұмыс істеп тұрған темiр жол учаскелерiн оңалту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Қазақстан темiр жолы" РМК) мүлкiнiң құрамындағы мардымсыз жұмыс істейтін Солонички-Қарағайлы темiр жол учаскесiн, Солонички станциясын қоспағанда, осы учаскедегі коммуникациялармен, жайлармен және тиiстi қызмет көрсету техникасы бар жылжымалы құраммен (бұдан әрi - Мүлiк) бiрге заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақмыс корпорациясы" ашық акционерлiк қоғамына сенiмгерлiк басқаруға берудi қамтамасыз ету туралы ұсынысы мынадай шарттарда қабылдансын:
      1) Мүлiктi сатып алу, оны кепiлге беру және сенiмгер басқарушының iс жүзiнде Мүлiктен айырылуға, сондай-ақ оның жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтыратын кез келген шаралар мен шешімдер қабылдау құқығынсыз;
      2) сенiмгер басқарушы:
      қолда бар жүк және жолаушылар қатынастарын сақтау және оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;
      белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес учаскеде техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
      учаскеде жұмыс iстейтiн темiр жол көлiгi қызметкерлерiнің штатын

 

басқаруға беру сәтіндегі санынан төмен болмауын сақтау;

     жүк және жолаушылар тасымалдау операторларының учаскеге тең қол

жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

     беру сәтiнде учаскеде бар әлеуметтiк инфрақұрылымды сақтау бойынша

мiндеттемелер қабылдау.

     2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

заңнамада белгiленген тәртiппен Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру

мерзiмiн анықтасын және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды

қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады