Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Греция Республикасының Yкiметi арасында экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 шілде N 956

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Греция Республикасының Үкiметi арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Жақсыбек

Әбдiрахметұлы Құлекеевке, қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар 
енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан 
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Греция Республикасының Үкiметi 
арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келiсiмдi 
жасасуға өкiлеттік берiлсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                                               Жоба

       Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Греция Республикасының
            Үкiметi арасындағы экономикалық және технологиялық
                          ынтымақтастық туралы
                                Келісім
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi 
мен Греция Республикасының Yкiметi,


      Теңдiк, өзара тиiмдiлiк және өзара алысу негiзiнде өзара мүдделер аясында Тарап мемлекет арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге ниеттене отырып,
      әртүрлi деңгейлерде және атап айтқанда, шаруашылық субъектiлерi деңгейiнде Тарап мемлекеттер арасында ынтымақтастықты табысты дамыту және байланыстарды нығайту үшiн ұзақ мерзiмдi шаралардың маңыздылығын тани отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

                                1-бап

      1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамалары шеңберiнде және сондай-ақ, 1995 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы мен Европа Қоғамдастығы арасындағы Келiсiм және атап айтқанда, Европа Қоғамдастығы мен оның мүше мемлекеттерi және Қазақстан Республикасы арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiм Z970113_ сияқты, өздерiнiң халықаралық мiндеттемелерiн назарға ала отырып, жалпы мүдде және тиiмдiлiгi бар барлық салада экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшiн барлық күш-жiгердi жұмсайтын болады.
      Осы Келiсiм ережелерiн қолдануда Қазақстан Республикасы Евразия

экономика қоғамдастығына мүшелiктен, ал Греция Республикасы Европа Одағына 
мүшелiктен туындайтын мiндеттемелермен санасатын болады.
     2. Тараптардың ынтымақтастығы:
     - Тарап мемлекеттер арасында экономикалық байланыстарды нығайтуға 
және түрлендiруге;
     - жаңа рыноктар ашуға;
     - инвестициялауға, бiрлескен кәсiпорындар және ынтымақтастықтың басқа 
да нысандарын құруға ықпал жасау мақсатымен, шағын және орта 
кәсiпорындарды қоса алғанда, шаруашылық субъектiлерi арасындағы 
ынтымақтастықты ынталандыруға бағытталатын болады.

                               2-бап

     1. Осы Келiсiмнiң 1-бабында көзделген ынтымақтастық, мына секторларда 
жүзеге асырылатын болады:
     - өнеркәсiп;
     - кеме жасау құрылысы және кеме жөндеу;
     - агроөнеркәсiптi қоса алғанда, ауыл шаруашылығы;
     - құрылыс және тұрғын үй құрылысы;
     - көлiк, теңiз көлiгiн қоса алғанда;
     - банк жүйесi, сақтандыру және басқа да қаржылық қызметтер;
     - туризм;
     - басшы кадрларды кәсiби оқыту және даярлау;
     - өзара мүдде бар басқа салалар.
     2. Тараптар экономикалық және технологиялық ынтымақтастықтың басымды, 
сондай-ақ жаңа секторларын айқындау мақсатымен өзара консультациялар 
өткiзетiн болады.

                               3-бап



      1. Осы Келiсiмде көзделген экономикалық ынтымақтастық, басты түрде, Тарап мемлекеттердiң қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, қазақстан және грек кәсiпорындары, ұйымдары және фирмалары арасында жасалған шарттар мен келiсiм-шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
      2. Тараптар:
      - қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
      - саудалық және экономикалық ақпарат алысуға ықпал жасау;
      - Тарап мемлекеттердiң шаруашылық субъектiлерi арасында iскерлiк қатынастарды жолға қоюға ықпал жасау;
      - жәрмеңкелер, көрмелер, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және басқаларын ұйымдастыру;
      - сауданы ынталандыру жөнiндегi қызметтi қолдау арқылы экономикалық ынтымақтастық үшiн қолайлы жағдайлар жасау жолымен осы қызметтi жүзеге асыру үшiн барлық қажеттi шаралар қолданатын болады.

                                4-бап

      1. Тараптар өздерiнiң ұлттық басымдықтарын назарға ала отырып және өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес, өз мемлекеттерi, сондай-ақ тиiстi ұйымдар, институттар немесе фирмалар арасында технологиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
      2. Мұндай ынтымақтастық, өзгелерi iшiнде, мынадай нысандарға ие болуы мүмкiн:
      - бiрлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      - арнайы делегаттар шақыруды және оқыту курстарын ұйымдастыру;
      - өзара мүдде салаларында оқу бағдарламаларын ұйымдастыру;
      - техникалық және ғылыми сараптамаларды қамтамасыз ету;
      - симпозиумдар және кеңестер өткiзу;
      - сарапшылар және ғылыми-технологиялық ақпарат алысу.
      3. Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық қызметi қорытындылары бойынша алынған ғылыми және технологиялық нәтижелер және басқа ақпарат екi ынтымақтасушы әрiптестiң келiсiмімен және интеллектуалдық меншiкке қатысты халықаралық ережелерге сәйкес хабарланатын, жарияланатын немесе коммерциялық тұрғыда жасалатын болады.

                                5-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен Бiрлескен Комиссия құруға келiсті.
      2. Бiрлескен комиссия Тараптардың өкiлдерiнен тұратын болады және

кезегiмен Қазақстан Республикасы мен Греция Республикасында Тараптардың 
кез-келгенiнiң бастамашылығымен шақырылатын болады. 
     3. Бiрлескен Комиссия осы Келiсiмнiң орындалу барысын қадағалайтын 
және қажет болған жағдайда, оны орындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдайтын 
болады.

                               6-бап

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде дау және 
келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара келiссөздер мен 
консультациялар жолымен шешетiн болады.

                               7-бап



      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.

                                8-бап

      1. Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн ішкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы жазбаша хабар алысқаннан отызыншы (30) күнде күшiне енедi. Ол бес (5) жыл мерзiмге күшiнде болады.
      2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады, егер Тараптардың бiр де бiрi тиiсті кезең өткенге дейiн кемi алты (6) ай ішiнде оның күшiн тоқтату ниеті туралы басқа Тарапқа жазбаша хабар жiбермесе, онда, Келiсiмнiң күшi әрдайым дереу 1 жылға ұзартылатын болады.
      3. Осы Келiсiм негiзiнде екi Тараптың шаруашылық субъектiлерi арасында жасалған шарттар мен келiсiм-шарттар бойынша мiндеттемелер осындай шарттар мен келiсiм-шарттарда көзделген жобалар толық аяқталғанға дейiн күшiн сақтайды.
      4. Тараптар олардың шаруашылық субъектілерi арасында жасалған шарттар

мен келiсiм-шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершiлiк 
алмайды.
     
     _______ жылғы "__"________ _______ қаласында екі данамен, әрқайсысы 
қазақ, грек, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған және барлық мәтіндердің 
күші бірдей.
     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туған 
жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
     
     
     Қазақстан Республикасының              Греция Республикасының
           Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады