Демалыс күндерін ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 тамыз N 1060

      Еңбекшілердің демалуына қолайлы жағдай жасау және 2001 жылдың тамыз-қыркүйек-қазан айларындағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мына демалыс күндері: 2001 жылғы 2 қыркүйек - жексенбі күнінен 31-

 

тамыз - жұма күніне және 28 қазан - жексенбі күнінен 26 қазан - жұма

күніне ауыстырылсын.

     2. Қажетті өнімдерді шығару үшін, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске

қосу үшін еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген

ұйымдарға кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша жұмысын 2001 жылғы 31

тамызда және 26 қазанда жүргізу құқығы берілсін.

     Көрсетілген күндердегі жұмыс қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес

өтеледі.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады