Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Құрылыс және әскерлерді жайластыру бас басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1211 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқару құрылымдарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Құрылыс және әскерлерді жайластыру бас басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бас басқарма) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде құрылсын.

      2. Бас басқарманы қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Бас басқарманың ережесін бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Құпия.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады