Ішкі және халықаралық газ тасымалы жүйелері мен шаруашылық қызметі концессиясының 1997 жылғы 14 маусымдағы шартына Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 10 қарашадағы шартты орындау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1241

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ішкі және халықаралық газ тасымалы жүйелері мен шаруашылық қызметі концессиясының 1997 жылғы 14 маусымдағы шартына Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 10 қарашадағы шарт бойынша Қазақстан Республикасы мен "Интергаз Орталық Азия" жабық акционерлік қоғамы арасындағы өзара міндеттемелерді орындау жөніндегі келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру комитетінің төрағасы Мақсұтбек Смағұлұлы Рахановқа Ішкі және

халықаралық газ тасымалы жүйелері мен шаруашылық қызметі концессиясының

1997 жылғы 14 маусымдағы шартына Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2000 жылғы 10 қарашадағы шарт бойынша Қазақстан Республикасы мен "Интергаз

Орталық Азия" жабық акционерлік қоғамы арасындағы өзара міндеттемелерді

орындау жөніндегі келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



             Ішкі және халықаралық газ тасымалы жүйелері мен

               шаруашылық қызметі концессиясының 1997 жылғы

            14 маусымдағы шартына Өзгерістер мен толықтырулар

               енгізу туралы 2000 жылғы 10 қарашадағы шарт

               бойынша Қазақстан Республикасы мен "Интергаз

            Орталық Азия" жабық акционерлік қоғамы арасындағы         

                   өзара міндеттемелерді орындау жөніндегі

                                  КЕЛІСІМ


     Астана қаласы                           2001 жылғы "__"__________


     Тараптар:



 
       Төрағасы Мақсұтбек Смағұлұлы Раханов арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті өкілдік ететін Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - Республика),
      бас директоры Нұрғали Сәдуақасұлы Әшімов тұлғасында, тіркелген кеңсесі Қазақстан Республикасы, 480012, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 46 мекен-жайы бойынша орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған "Интергаз Орталық Азия" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ИОА),
      Республика мен ИОА Ішкі және халықаралық газ тасымалы жүйелері мен шаруашылық қызметі концессиясының 1997 жылғы 14 маусымдағы шартына Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 10 қарашадағы шарттың (бұдан әрі - 2000 жылғы 10 қарашадағы шарт) 2.3-тармағына сәйкес бірін-бірі кешіргендігін және "... Концессия шартының, қызметтің немесе газ тасымалы жүйелерін басқарудың немесе оларға негіз болған мәмілелердің салдарынан немесе оларға тікелей не жанама байланысты ИОА-да немесе Республикада болған, болуы мүмкін немесе қазіргі уақытта бар осы Шарт жасалған күнге ИОА-ға немесе Республикаға белгілі де, сондай-ақ, белгісіз де кез келген түрдегі және сипаттағы барлық өткен кездегі және қазіргі уақыттағы кінәраттардан, талаптардан, борыштардан, қуынымдардан, залалдардан, міндеттемелерден және жауапкершіліктен" біржолата босатқандығын,
      кешіруге және босатуға жататын өзара кінәраттар мен міндеттемелердің нақты сипатталуы қажеттігін растай отырып,
      осы Келісімнің тараптары төмендегілер туралы уағдаласты:
      1. Осы арқылы Тараптар осы Келісімге қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 10 қарашадағы шартқа қол қою күнінде тараптар қабылдаған өзара міндеттемелер мен кінәраттардан бірін-бірі босатады.
      2. Осы Келісімге қол қойылған сәттен бастап Тараптардың қосымшаға сәйкес міндеттемелері мен кінәраттары түпкілікті және сөзсіз реттелді деп есептеледі және Тараптардың осы міндеттемелерді орындауымен байланысты болсын, олардың орындалуын кешіктірумен байланысты болсын бір-біріне кінәраттары болмайды.
      3. Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
      4. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік

 

және орыс тілдерінде екі данада жасалды.


     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитеті арқылы

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


     _________________________________________

     Аты: Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы

     Лауазымы: Төраға


     "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ


     __________________________________________ 

     Аты: Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы

     Лауазымы: бас директор




                                   Ішкі және халықаралық газ тасымалы



                                   жүйелері мен шаруашылық қызметі

                                   концессиясының 1997 жылғы 14 маусымдағы

                                   шартына Өзгерістер мен толықтырулар

                                   енгізу туралы 2000 жылғы 10 қарашадағы 

                                   шарт бойынша Қазақстан Республикасы мен

                                   "Интергаз Орталық Азия" жабық          

                                   акционерлік қоғамы арасындағы өзара    

                                   міндеттемелерді орындау жөніндегі     

                                   келісімге қосымша



 
 
               ӨЗАРА МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН КІНӘРАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
 
      Қазақстан Республикасы тарапынан:
      1. "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ Ақтөбе облысының "Бозой" ГЖСО сақтауындағы 250 млн. текше метр көлеміндегі табиғи газды "Қазақгаз" ААҚ-ның берешегі ретінде Батыс Қазақстан облысы бюджетінің кірісіне беруі туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының 1999 жылғы 6 қаңтардағы айқындамасынан туындайтын міндеттемесі.
      2. Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінің 1998

 

жылғы 29 маусымдағы ресей табиғи газының транзитіне байланысты 956 805 100

теңге сомасында айып салу бөлігіндегі тексеру актісіне сәйкес міндеттемесі.

     "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ тарапынан:

     1. "Маңғышлақ атом энергия комбинаты" республикалық мемлекеттік

кәсіпорнының "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-ының алдындағы "Ішкі және

халықаралық газ тасымалы жүйелері мен шаруашылық қызметі концессиясының

1997 жылғы 14 маусымдағы шартына Өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы" 1998 жылғы 30 наурыздағы N 2 шартқа сәйкес өтеуіне Қазақстан

Республикасы кепілгер болып табылатын табиғи газды тасымалдау үшін 203 233

170 теңге сомасындағы берешегіне байланысты міндеттемесі.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.  






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады