Сауда мақсатында теңiзде жүзуді дамытудың кейбiр мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 1263 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1102 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 ақпандағы N 267  қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық сауда флотын құру және Ақтау теңiз портының мұнай құятын айлақтарын қайта жаңарту мақсатында, сондай-ақ Ақтау теңiз порты арқылы жүк тасқынын көбейту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N  408 қаулысымен.
      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiнде:
      3-тармақта "Республикалық" деген сөз "Қазақстан Республика
сы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру жағдайларын қоспағанда, республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады