"Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының жарғылық капиталын көбейту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 қараша N 1402

      Астана қаласы әуежайының халықаралық жолаушылар мен жүктер тасымалын қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызын ескере отырып, Астана қаласы әуежайының дамуына қолдау көрсету және септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының жарғылық капиталын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің "Астана-қаржы" ашық акционерлiк қоғамына "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын несиелеу үшiн берген, 2001 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша есептелген сыйақымен қоса алғанда 16 556 874 (он алты миллион бес жүз елу алты мың сегiз жүз жетпiс төрт) АҚШ долларына балама соманы құрайтын қаражатты қайтару бойынша мiндеттемелер сомасына көбейту жөнінде iс-шаралар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Астана-қаржы" ашық

 

акционерлiк қоғамымен бiрлесiп (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген

тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген қаражатты қайтару бойынша

талаптардың тоқтатылуын қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады