Ғимараттарды республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қараша N 1535

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Курчатов қаласындағы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының таратылатын филиалының ғимараттарын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан

Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру 
комитетімен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының әкімімен келісім бойынша 
заңнамада белгіленген тәртіппен 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін осы қаулының 
1-тармағында көрсетілген ғимараттарды қабылдау-беру жөніндегі қажетті 
ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2001 жылғы 28 қарашадағы
                                            N 1535 қаулысына
                                                қосымша
     
      Курчатов қаласындағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық
     сақтау ісі жөніндегі агенттігінің Радиациялық медицина және
     экология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік
        қазыналық кәсіпорнының филиалы ғимараттарының тізбесі
      
     1. Емхана ғимараты.
     2. Жедел жәрдем станциясының ғимараты.
     3. Хирургиялық корпустың ғимараты.
     
     
     
Мамандар:
     Бағарова Ж.А.,
     Қобдалиева Н.М.    
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады