Құрамында cынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 8 желтоқсан N 1599 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.14. N 159 қаулысымен.

      Халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны сынаптың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинауды, сақтауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, Астана,Алматы қалаларының әкімдері Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылда 1 рет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін хабардар етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы               
Үкіметінің                     
2001 жылғы 8 желтоқсандағы            
N 1599 қаулысымен                 
бекітілген                     

              Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды
            кәдеге жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған
                       Бағдарламасы

                     Астана қаласы, 2001 жыл

                 1. Бағдарламаның паспорты

     Атауы                         - Құрамында сынап бар аспаптар мен
                                     бұйымдарды кәдеге жаратудың
                                     2002-2003 жылдарға арналған
                                     бағдарламасы

     Әзірлеу үшін негіздеме        - Қазақстан Республикасының
                                     Премьер-Министрі бірінші орынбасарының
                                     2001 жылғы 8 қаңтардағы N 13498
                                     тапсырмасы

     Негізгі әзірлеуші             - Қазақстан Республикасының
                                     Денсаулық сақтау министрлігі,
                                     Қазақ республикалық
                                     санитарлық-эпидемиологиялық
                                     станциясы

     Қаржыландыру көздері          - Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз
                                     ету жергілікті бюджеттердің
                                     қаражаты және Қазақстан
                                     Республикасының заңнамасымен
                                     тыйым салынбаған басқа да
                                     көздердің есебінен жүргізілетін
                                     болады

     Іске асыру бойынша            - Құрамында сынап бар аспаптар
     күтілетін соңғы нәтиже          мен бұйымдарды жинауды және
                                     пайдаға асыруды ретке келтіру

     Іске асыру мерзімдері         - 2002-2003 жылдар

                          2. Кіріспе

      Сынап пен оның қоспалары, әсiресе органикалық, адам ағзасында жиналуға және ағзасына зиян келтiруге қабiлеттi аса қауiптi уыттылығы жоғары заттар болып табылады. Созылмалы уланудың өрбуiнде сынаптың кез-келген нысандарынан құралған әртүрлi бұйымдар мен аспаптардан бөлiнiп шығатын сынап булары аса қауiп төндiретiн болып отыр. Сынап тек адам үшiн ғана емес, сонымен қатар тiршіліктің басқа да нысандары - өсiмдiктер, судағы омыртқасыздар мен балықтар үшiн де қауiптi.
      Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет атмосфералық ауаның және жұмыс аймағы ауасының, топырақтың, судың, су қоймаларының, азық-түлік шикiзаттары мен тамақ өнiмдерiнiң сынаптан ластану мүмкiндiгіне байланысты мәселелердi жиi-жиi шешуге тура келедi.

             3. Проблеманың қазiргі кездегі жай-күйiн талдау

      Соңғы уақытта Қазақстанда сынаптан ластанудың анықталуы мен сынапты сақтау шарттарының бұзылуына байланысты жағдайлар жиi тiркелуде. Бұл ретте сынап төгiлуiнiң және оларды адамдар тұратын жерлерде сақтау факторларының анықталуы кездейсоқ сипат алатындығын атап өткен жөн. Бұл кәсiпорындар мен ұйымдарда есепке алудағы және оның сақталу шарттарын сақтаудағы кемшiлiктерге байланысты, бұл оның ғимараттар мен көшелерде жоғалуы мен табылуының көптеген жағдайларымен расталады. Жыл сайын құрамында сынап бар аспаптардың едәуiр саны жарамсыз болып қалуда, қоқсықтар контейнерлерiне тасталынатын қалдықтарда жинақталады, қалалық және өзге де жерлердiң кездейсоқ пайда болған үйiндiлерiне тасылады. Бұл ретте олардың қорабының тұмшалылығы бұзылады, сынап пен оның буы ауаға, су мен топыраққа сіңедi.
      Республикада iс жүзiнде құрамында сынап бар қалдықтарды тиiмдi пайдаға асыруға және олардың халық денсаулығына терiс әсер етудің алдын алуға мүмкiндiк туғызатын қазiргi заманғы жабдықтармен, технологиялармен демеркуризацияланған өндiрiстер жоқ. Осының нәтижесiнде мамандардың бағалауы бойынша орта есеппен алғанда жыл сайын 50 тонна сынап қоршаған ортаға түседi.
      Қарағанды облысындағы Нұра өзенi бассейнiнiң "Карбид" АҚ (Темiртау қаласы) ацетальдегидтiк өндiрiсiнен келiп түскен сынап пен оның қоспаларынан жаппай ластану аса алаңдатушылықты туғызады. Болжамды деректер бойынша өзеннiң ластануының өн бойы 100 км болды және 150 тоннаға жуық сынаптан құралды. Сынап жалпы табиғи ортаға сiңдi, бұл одан тек өзендердiң түбi ғана емес, сонымен қатар онымен жапсарлас аумақтардың және ауылшаруашылық пайдалы жерлердiң және ауылшаруашылық өнiмдерi өсетiн, ластанған сумен суарылатын алқаптардың да ластануын туғызды.
      Осындай жағдай бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жаңғырық туғызған Павлодар "Химөнеркәсiбi" бiрлестiгiнде де болды.
      Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды (люминисценттiк шамдарды, термометрлердi, кинескоптарды, өлшеу аппаратурасын және т.б.) пайдаланудағы, сақтаудағы және пайдаға асырудағы бұзушылықтардың есебiнен қоршаған ортаны сынаппен ластау проблемасы шешусiз қалып отыр.
      Кейбiр ұйымдар мен тұрғындар пайдаланылатын сынап аспаптары мен шамдарды пайдалану мерзiмi өткеннен кейiн қоршаған ортаны ластай отырып, оларды қалалық қоқыс үйіндiлерiне, тұрғын үйлер мен т.б. аумақтарға бақылаусыз тастау жағдайларының болуы одан әрi жалғасып отыр. Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды қайта өңдеу және пайдаға асыру жөнiндегi пункттердiң қажеттi санының, сондай-ақ осындай iс-шараларды жүргiзудi ұйымдастыруды мiндеттейтiн заңнамалық кесiмдерінің болмауы жағдайды қиындата түсуде.
      Құрамында сынап бар материалдар мен бұйымдарды пайдалануға, сақтау мен пайдаға асыруға бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық жағдайлар туындаған жағдайда iс-шаралар жүргiзедi деп танылған министрлiктер мен ведомстволардың арасында қажеттi өзара iс-қимыл жоқ.
      Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды пайдаға асырудың бағдарламасы осындай өнiмдi жинауды және пайдаға асыруды ретке келтiредi, осындай iс-шаралардың тәртiбi мен оларды жүргiзуге жауаптыларды айқындайды деп танылған.

                4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның негiзгi мақсаты қоршаған ортаның сынаптан ластануына жол бермеу болып табылады.
      Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
      - құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинауды, сақтауды және пайдаға асыруды толық есепке алуды қамтамасыз ету;
      - құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды әкелуге, жинауға, сақтау мен пайдаға асыруға бақылауды ретке келтiру;
      - облыс орталықтарында құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинақтау және демеркуризациялау пункттерiн ұйымдастыру және пайдалануға қосу.

              5. Iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетігі

      Бағдарламаны iске асырудың жалпы мақсаты шеңберiнде жақсы ретке келтiрiлген және бәрiн қамтитын бақылау жүйесiнiң едәуiр маңызы бар, сондықтан:
      - меншiк нысанына қарамастан республиканың ұйымдарында құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды және металл сынаптарының болуын түгендеудi жүргiзу;
      - өндiрiстiк объектiлер мен мемлекеттiк бақылау органдарының зертханаларын газанализаторлармен жарақтандыру;
      - құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды әкелуге тиiстi бақылау жасау;
      - Қазақстан Республикасында пайдаланылатын құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдар тiзiлiмiн дайындау және бекiту;
      - құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдардың сақталу шарттарын айқындау, оларды демеркуризациялау және пайдаға асыру жөнiндегi iс-шараларды орындау мақсатында кешендi тексерудi жүргiзу үшiн ТЖ жөнiндегi басқармалардың, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық басқармалардың мамандарынан тұратын комиссиялар құру;
      - жедел-құтқару жасақтарының жергiлiктi жерлердегi жұмысын күшейту;
      - санитарлық-қорғау аймақтарының құрамында сынап бар ұйымдарына арналған нормативiн түзетудi жүргiзу;
      - өндiрiстiк объектiлердiң және бақылау органдарының мамандарын сынапқа талдама бақылау жасаудың жаңа әдiстерiне үйрету;
      - қоршаған орта объектiлерiнiң (ауа, топырақ, су, тамақ өнiмдерi) сынаптан ластануының жай-күйiн зерделеу;
      - халықтың арасында, сондай-ақ мектептерде, мектепке дейiнгi балалар және емдеу-алдын алу мекемелерiнде сынаптан ластанудың қаупi туралы санитарлық-ағарту мен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;
      - құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинауды, сақтау мен пайдаға асыруды толық есепке алуды қамтамасыз ету;
      - облыс орталықтарында құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинау мен демеркуризациялау пункттерiн ұйымдастыру;
      - құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды әкелу, жинау, сақтау мен пайдаға асыру схемасы жөнiндегi нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
      - құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды әкелуге шекаралық бақылау жүйесiн жасау қажет.

             6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету мен
                      қаржыландыру көздерi

      Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету жергiлiктi бюджеттердiң және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылатын болады. Қаржылық қамтамасыз ету: 2002 жылы - 20 млрд. 151 млн. 676 мың теңге; 2003 жылы - 1 млрд. 4 млн. 1 мың теңге (Жиыны: 21 млрд. 155 млн. 775 мың теңге) көзделiп отыр.

               7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны қабылдау мен іске асырудан түсетін әлеуметтік-экономикалық тиімділігі құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинауға, сақтау мен пайдаға асыруға бақылауды ретке келтіруден және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуден құралады.    

         8. Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды пайдаға
       асырудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
                     жөніндегі іс-шаралар жоспары

N  !        №Іс-шара        !Орындау  ! Аяқтау  !Жауапты   !Қаржыландыру
п/п!                        !мерзімі  ! нысаны  !орындаушы.!көлемдері мен
   !                        !         !         !лар       !көздері  

1  Республиканың ұйымдарын.  2002 жыл  Әкімдер.  Мемсанэпид
   дағы құрамында сынап бар            дің       қадағалау.
   аспаптарды, бұйымдарды              шешімдері дың, ҚР ТОҚМ   -
   және металл сынаптарының                      аумақтық
   болуын түгендеуді жүргізу                     органдары,
                                                 облыстардың,
                                                 Астана және
                                                 Алматы қала.
                                                 ларының
                                                 әкімдері
                                                 (келісім
                                                 бойынша)
_________________________________________________________________________
2  Облыс орталықтарында      2002-2003 Әкімдер.  Мүдделі        Жыл сайын
   құрамында сынап бар       жылдар    дің       облыстардың,   жергілікті
   аспаптармен бұйымдарды              шешімдері Астана және    бюджеттер.
   жинау мен демеркуриза.                        Алматы         дің сани.
   циялау пункттерін                             қалаларының    тарлық-эпи.
   ұйымдастыру                                   әкімдері       демиология.
                                                 (келісім       лық салауа.
                                                 бойынша)       ттылықты
                                                                қамтамасыз
                                                                етуге бөле.
                                                                тін қаража.
                                                                ты есебінен
                                                                (39 бағдар.
                                                                лама 30 кіші
                                                                бағдарлама
                                                                бойынша)
                                                                және ұйым.
                                                                дардың (ке.
                                                               лісім бойын.
                                                                ша) қаража.
                                                                ты есебінен _________________________________________________________________________
3  Құрамында сынап бар ас.   2002-2003 Норматив. ҚР ДСМ,
   паптар мен бұйымдарды     жылдар    тік       ҚР ТЖА,
   әкелу, жинау, сақтау                құқықтық  ҚР ТОҚМ
   және пайдаға асырудың               кесім
   схемасы бойынша норматив.
   тік құқықтық кесімдерді
   әзірлеу
_________________________________________________________________________
4  Өндірістік объектілер     2002-2003 Әкімдер.                 Жыл сайын
   мен мемлекеттік бақылау   жылдар    дің                      жергілікті
   органдарының зертхана.              шешімдері                бюджеттер.
   ларын газанализаторлармен                                    дің сани.
   жарақтандыру                                                 тарлық-эпи.
                                                 Облыстардың,   демиология.
                                                 Астана және    лық салауа.
                                                 Алматы қала.   ттылықты
                                                 ларының        қамтамасыз
                                                 әкімдері       етуге бөле.
                                                 (келісім       тін қаража.
                                                 бойынша)       ты шегінде
                                                                (39 бағдар.
                                                                лама 30 кіші
                                                                бағдарлама
                                                                бойынша)
                                                                және ұйым.
                                                                дардың (ке.
                                                                лісім бойын.
                                                                ша) қаража.
                                                                ты есебінен
_________________________________________________________________________
5  Құрамында сынап бар ас.   2002-2003 Қаулының  ҚР ДСМ,        -
   паптарды "Қазақстан       жылдар    жобасы    ҚР ТОҚМ
   Республикасында тауар.    бойы
   лардың (жұмыстардың,
   қызметтердің) экспорты
   мен импортын лицензиялау
   туралы" Қазақстан
   Республикасы Үкіметінің
   1997 жылғы 30 маусымдағы
   N 1037 қаулысымен
   бекітілген тауарлардың
   тізбесіне енгізу
_________________________________________________________________________
6  Қазақстан Республикасын.  2002-2003 Бірлескен ҚР ДСМ,
   да пайдаланылатын құра.   жылдар    бұйрық    ҚР ТОҚМ,
   мында сынап бар аспаптар                      ҚР ТЖА
   мен бұйымдардың тізілімін
   дайындау және бекіту _________________________________________________________________________
7  Құрамында сынап бар ас.   2002 жыл  Бірлескен ҚР ДСМ,
   паптар мен бұйымдарды               бұйрық    ҚР ТЖА,
   сақтау шарттарын айқын.                       ҚР ТОҚМ
   дау, оларды түгендеудің
   болуы, демеркуризациялау
   және пайдаға асыру жөнін.
   дегі іс-шаралардың орын.
   далуы, сондай-ақ көрсе.
   тілген мәселелер бойынша
   құжаттамаларды ресімдеу
   мақсатында кешенді
   тексерулер жүргізу үшін
   мемлекеттік санэпидқызмет,
   қоршаған ортаны қорғау
   жөніндегі аумақтық
   басқармалардың, ТЖ жөнін.
   дегі басқармалардың,
   мамандарынан құралған
   комиссия құру;
_________________________________________________________________________
8  Жедел-құтқару жасақтары.  2002-2003 Шешім     Облыстардың,    -
   ның жергілікті жерлер.    жылдар              Астана және
   дегі жұмысын күшейту                          Алматы қала.
                                                 ларының әкім.
                                                 дері (келісім
                                                 бойынша),
                                                 ҚР ТЖА
_________________________________________________________________________
9  Құрамында сынап бар       2002 жыл  Үкіметке  ҚР ТОҚМ, ҚР     -
   қалдықтардың, істен                 ақпарат   ТЖА, ҚР ДСМ
   шыққан құрамында сынап
   бар аспаптар мен бұйым.
   дардың жинақталуына
   байланысты қоршаған
   ортаның ластануы және
   оларды демеркуризация.
   лау және пайдаға асыру
   үшін полигондар салу
   қажеттігі туралы материал
   даярлау
_________________________________________________________________________
10 Сынаптан ластануға        2002-2003 Үкіметке  ҚР ДСМ,      -
   ұшыраған аумақтарды,      жылдар    ақпарат   ҚР ТОҚМ
   аймақтарды, елді мекен.
   дерді кешенді токсиколо.
   гиялық-гигиеналық және
   экологиялық бағалау
   мақсатында қоршаған орта
   объектілерінің (ауа,
   топырақ, су, тамақ өнім.
   дері) сынаптан ластануының
   жай-күйін зерделеу _________________________________________________________________________
11 Санитарлық-қорғау         2002 жыл  Норматив. ҚР ДСМ,      -
   аймақтарының норматив.              тік       ҚР ЭСМ,
   терін қоршаған орта                 құқықтық  ҚР ТОҚМ
   мониторингінің санитар.             кесім
   лық-қорғау аймақтарының
   ШМЖ шегінен жоғары 1000
   метрдегі ауаның сынаптан
   ластануы туралы қолда
   бар деректеріне байланысты
   олардың ұлғаюы жағына
   түзетуді жүргізу _________________________________________________________________________
12 Өндірістік объектілердің  2002-2003 Бірлескен ҚР ДСМ,       Жергілікті
   және бақылау органдары.   жылдар    бұйрық    ҚР ТОҚМ,      бюджеттерден
   ның мамандарын сынапқа                        өнеркәсіптік  жыл сайын
   талдама бақылаудың жаңа                       ұйымдар       бөлінетін
   әдістеріне үйрету                             (келісім      қаражаттың
                                                 бойынша)      және ұйым.
                                                               дардың жеке
                                                               қаражатының
                                                               есебінен _________________________________________________________________________
13 Балалар және ЕАМ мекеме.  2002-2003 БАҚ-қа    ҚР ДСМ,
   лерінде халықтың сынап.   жылдар    ақпарат   ҚР ТОҚМ
   тан ластанудың қаупі
   туралы санитарлық-ағарту
   және түсіндіру жұмыстарын
   жүргізу
_________________________________________________________________________
14 Құрамында сынап бар ас.   Тұрақты   Бұйрық    ҚР ДСМ,
   паптар мен бұйымдарды                         ҚР ТОҚМ,
   пайдаланатын барлық                           ұйымдар мен
   меншік нысандарындағы                         мекемелердің
   ұйымдарда және олардың                        басшылары
   айналымына, оның ішінде                       (келісім
   емдеу-алдын алу, мектеп                       бойынша)
   пен мектепке дейінгі
   мекемелерде бақылауды
   күшейту
_________________________________________________________________________
15 Құрамында сынап бар ас.   Тұрақты   Хаттама   ҚР ДСМ
   паптар мен бұйымдарды
   пайдаланатын кәсіпорын.
   дардың, мекемелердің
   жұмыс аймағындағы, жина.
   латын жерлердегі ауада
   сынап буын ұстауға
   бақылауды күшейту
_________________________________________________________________________
16 Сынап термометрлерін      2002-2003 Әкімдер.  Облыстардың, Жыл сайын
   индикаторлы термометр.    жылдар    дің       Астана және  жергілікті
   лермен ауыстыру жөнін.              шешімдері Алматы қала. бюджеттерден
   дегі шараларды қабылдау                       ларының      бөлінетін
                                                 әкімдері     қаражаттың
                                                 (келісім     есебінен
                                                 бойынша) _________________________________________________________________________    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады