Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі 1373 қарарын орындау жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 желтоқсан N 1644

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі 1373 қарарын (бұдан әрі - БҰҰ ҚК-нің қарары) орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және өзге де мүдделі мемлекеттік органдары (келісім бойынша) 1-қосымшаға сәйкес: 
      1) 2-қосымшаға сәйкес БҰҰ ҚК қарарының ережелерін орындау жөніндегі шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын; 
      2) БҰҰ ҚК Терроризмге қарсы күрес жөніндегі комитетінің басшылыққа алынатын қағидаттарының негізінде 3-қосымшаға сәйкес БҰҰ ҚК-нің қарарын жүзеге асыру туралы мемлекеттердің баяндамалар әзірлеуіне және оларды ұсынуына қатысты жұмыс жүргізсін және жұмыстың нәтижелері бойынша ақпаратты 2001 жылғы 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігіне ұсынсын. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.20.  N 1108 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ ҚК-нің қарары ережелерінің орындалу барысы туралы БҰҰ ҚК-нің Терроризмге қарсы күрес жөніндегі комитетіне баяндама әзірлесін. 
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі    

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                         2001 жылғы 15 желтоқсандағы
                                                N 1644 қаулысына
                                                     1-қосымша

        Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен 
             өзге де мүдделі мемлекеттік органдарының тізімі

     1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
     3. Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігі;
     4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі;
     5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
     6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
     7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі;
     8. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
     9. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
     10. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша);
     11. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша);
     12. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (келісім бойынша);
     13. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының агенттігі.  

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Yкiметiнiң
                                         2001 жылғы 15 желтоқсандағы
                                                N 1644 қаулысына
                                                       2-қосымша

         Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесінің 2001 жылғы
                23 қыркүйектегi 1373-қарарының ережелерi 

     Қауiпсiздiк Кеңес
     1. Барлық мемлекеттер:
     а) террорлық актiлердi қаржыландыруды болдырмауы және олардың жолын кесуi;
      b) өздерiнiң азаматтары немесе өздерiнiң аумақтарында кез келген әдiстермен, тiкелей немесе жанама түрде осындай қаражатты террорлық актiлер жасау үшiн пайдалану ниетiмен немесе олардың сондай мақсатқа пайдаланатындығын пайымдап саналы түрде қаражат бергенi немесе қаражат жинағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк енгізуi; 
      с) террорлық актілер жасаған немесе жасауға әрекеттенген немесе террорлық актілер жасауға қатысқан немесе оларды жасауға жәрдем көрсеткен адамдардың; тiкелей немесе жанама түрде осындай адамдардың меншiгінде немесе бақылауында болған ұйымдардың, сондай-ақ осындай адамдар мен ұйымдардың атынан немесе нұсқауымен жұмыс iстейтiн адамдар мен ұйымдардың, осындай адамдардың және оларға байланысты адамдар мен ұйымдардың тiкелей немесе жанама түрде иелiгіндегі немесе бақылауындағы меншiктiң көмегiмен алынған немесе тауып алынған қаражатты қоса алғанда, қаражатына және басқа да қаржылық активтерiне немесе экономикалық ресурстарына кiдiрiссiз тыйым салуы; 
      d) террорлық актiлер жасаған немесе жасауға әрекеттенген немесе оларды жасауға жәрдем көрсеткен немесе қатысқан адамдардың, осындай адамдардың тiкелей немесе жанама түрде меншiгіндегi немесе бақылауындағы ұйымдардың, сондай-ақ осындай адамдардың атынан немесе нұсқауымен жұмыс iстейтiн адамдар мен ұйымдардың мүдделерi жолында тiкелей немесе жанама түрде пайдалану үшiн өз азаматтарының немесе өз аумағындағы кез келген адамдар мен ұйымдардың кез келген қаражатты, қаржылық активтердi немесе экономикалық ресурстарды беруiне немесе қаржылық немесе өзге де тиiстi қызметтер көрсетуiне тыйым салуы тиiс деп қаулы етедi. 
      2. Сондай-ақ, барлық мемлекеттер: 
      а) террорлық актілерге қатысы бар адамдар мен ұйымдарға, оның iшiнде террорлық топтардың мүшелерiн жалдап алудың жолын кесу және терроршыларға қару жеткiзудiң арналарын жою жолымен кез келген нысанда белсендi немесе керенаулық қолдау көрсетуден тартынуы; 
      b) террорлық актiлерді жасауды болдырмау мақсатында, оның ішiнде ақпарат алмасу арқылы басқа мемлекеттердi күнi бұрын ескерту жолымен, қажеттi шаралар қабылдауы; 
      с) террорлық актілердi қаржыландыратындарға, жоспарлайтындарға, қолдайтындарға немесе жасайтындарға немесе баспана беретiндерге баспана беруден бас тартуы; 
      d) террорлық актiлердi қаржыландыратындардың, жоспарлайтындардың, қолдайтындардың немесе жасайтындардың осы мақсатпен өз аумағын басқа мемлекеттерге немесе олардың азаматтарына қарсы пайдалануына жол бермеу; 
      е) террорлық актiлердi қаржыландыруға, жоспарлауға, әзiрлеуге немесе жасауға немесе террорлық актiлердi қолдауға қатысатын кез келген адамның сот жауапкершiлiгіне тартылуын қамтамасыз етуi және мұндай адамдарға қатысты кез келген басқа шаралармен қатар осындай террорлық актiлердiң мемлекетiшiлiк заңдар мен ережелерде елеулi қылмыстық құқық бұзушылық ретiнде бағалануын қамтамасыз етуi және осындай террорлық актiлердiң қауiптiлiгi жазалаудан тиiстi түрде көрiнiс табуын қамтамасыз етуi; 
      f) террорлық актiлердi қаржыландыруға немесе қолдауға қатысы бар қылмыстық тергеуге немесе қылмыстық қудалауға байланысты, осындай қудалау үшiн қажеттi өздерiнде бар дәлелдемелердi алуға жәрдем көрсетудi қоса алғанда, бiр бiрiне жан-жақты жәрдем көрсетуi; 
      g) тиiмдi шекаралық бақылау жасау және жеке басын куәландыратын құжаттарды және жол жүру құжаттарын беруге бақылау жасау арқылы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды және жол жүру құжаттарын бұрмалаудың, қолдан жасаудың немесе заңсыз пайдаланудың алдын алу шаралары арқылы терроршылардың немесе террорлық топтардың жүрiп тұруын болдырмауы тиiс деп қаулы етедi. 
      3. Барлық мемлекеттердi: 
      а) жедел ақпаратты, әсiресе терроршылардың немесе террорлық жүйелердiң іс-әрекетi мен қимыл-қозғалысы; қолдан жасалған немесе бұрмаланған жол жүру құжаттары; қарудың, жарылғыш заттардың немесе қосарланған мақсаттағы материалдардың сауда-саттығы; террорлық топтардың коммуникациялық технологияларды пайдаланғандығы; және террорлық топтардың жаппай қырып жоятын қаруды иемдену қаупi туралы ақпаратты алмасуды жандандырудың және жеделдетудiң мүмкiндiгiн табуға; 
      b) террорлық актiлер жасауды болдырмау мақсатында халықаралық құқыққа және мемлекетішілiк заңнамаға сәйкес ақпарат алмасуға және әкiмшiлiк пен сот мәселелерiнде ынтымақтасуға; 
      с) террорлық шабуылдарды болдырмау және олардың жолын кесу және осындай актiлер жасауға кiнәлiлерге қарсы шаралар қолдану мақсатында, әсiресе екi жақты және көп жақты тетiктер мен келiсiмдердiң шеңберiнде бiрлесiп жұмыс iстеуге; 
      d) 1999 жылғы 9 желтоқсандағы терроризмдi қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенцияны қоса алғанда, терроризмге қарсы күрес туралы тиiстi халықаралық конвенциялар мен хаттамалардың мүмкiндiгінше тездетiп қатысушылары болуға; 
      е) терроризмге қатысты тиiстi халықаралық конвенциялар мен хаттамаларды және Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1269 (1999) және 1363 (2001) қарарларын толық жүзеге асыруға және осы саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге; 
      f) баспана іздеп жүрген адамдар террорлық актiлердi жоспарламағандығына, оларға жәрдемдеспегенiне және оларды жасауға қатыспағандығына көз жеткiзу мақсатында, босқын мәртебесiн бергенге дейiн адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мемлекетiшiлiк заңнаманың және халықаралық құқықтың тиiстi ережелерiне сәйкес қажеттi шаралар қабылдауға; 
      g) террорлық актілердi орындаушылар мен ұйымдастырушылар немесе олардың сыбайластары халықаралық құқыққа сәйкес босқын мәртебесiн қиянат жасап пайдаланбауын қамтамасыз етуге және саяси себептерге сiлтеме жасау террорға қатысы бар деп күдiк келтiрiлген адамдарды ұстап беру туралы өтiнiштердi қабылдамау үшiн негіз ретiнде танылмауын қамтамасыз етуге шақырады. 
      4. Халықаралық терроризм мен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың, заңсыз есiрткiлердiң, ақшаның жылыстауының, қарудың заңсыз айналымының және ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да ажал себуге әлеуеттi материалдардың заңсыз тасымалының арасындағы тығыз байланысты алаңдаушылық бiлдiрiп атап өтедi және осыған байланысты осы елеулi құбылыс пен халықаралық қауiпсiздiктiң қатерiне бүкiл әлемдiк үн қатуды күшейту мақсатында ұлттық, кішi аймақтық, аймақтық және халықаралық деңгейлердегi күш-жiгердi үйлестiрудi жақсартудың қажеттiлiгiн атап көрсетедi. 
      5. Терроризмнiң актiлерi, әдiстерi мен практикасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаттарына қайшы келетiнiн және террорлық актiлердi саналы түрде қаржыландыру мен жоспарлау және сондай актiлерге арандату да Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаттарына қайшы келетiнiн мәлiмдейдi. 
      6. Қажетті сарапшыларды пайдалана отырып осы қарарды жүзеге асыруға бақылау жасау үшін өзінің рәсімінің уақытша ережелерінің 28-ережесіне сәйкес Кеңестің барлық мүшелерінен тұратын Қауіпсіздік Кеңесінің комитетін құруға қаулы етеді және барлық мемлекеттерді осы қарар қабылданған күнінен бастап 90 күннен кешіктірмей осы комитетке баяндама ұсынуға, ал одан әрі комитет ұсынатын кестеге сәйкес осы қарарды жүзеге асыру үшін өздері қолға алған істер туралы баяндамаларын ұсынып отыруға шақырады. 

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                         2001 жылғы 15 желтоқсандағы
                                               N 1644 қаулысына
                                                      3-қосымша

        БҰҰ ҚК Терроршылдықпен күрес жөнiндегі комитетінiң 
         БҰҰ ҚК 2001 жылғы 28 қыркүйектегі 1373-қарарының 
         6-параграфына сәйкес баяндамалар ұсыну жөнiндегi                        басшылық қағидаттары 

                        1. Баяндаманың мақсаты 

      1.1. 2001 жылғы 28 қыркүйекте Қауiпсiздiк Кеңесi қабылдаған 1373-қарардың (2001) 6-параграфы бойынша қарарды орындау мониторингі үшiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Комитетi құрылады және барлық мемлекеттi осы Комитетке қарарды орындау үшiн қабылдаған қадамдарына қатысты баяндамалар ұсынуға шақырады. Келесi параграфта осындай баяндамаларды ұсыну бойынша басшылық баяндалған. 
      1.2. Осындай баяндамаларды әзiрлеу кезiнде мемлекеттер 1373-қарардың (2001) тиiстi ережелерiне сiлтеме жасай отырып, қабылданған заңнамалық және әкiмшiлiк шараларды немесе осы қарарды орындауға жәрдемдесетiн шараларды, сондай-ақ қарарда қарастырылған салалардағы басқа да күш-жiгер жұмсауларды қысқа әрi анық етiп көрсетуге ұмтылуға тиiс. 
      1.3. Баяндама мазмұнына орай, қажеттiлiгiне байланысты, Комитет мемлекеттердiң қосымша ақпарат немесе түсiндiрме беруiн сұрай алады. Комитет Қауiпсiздiк Кеңесiнiң назарын, Комитеттiң пайымдауынша, 1373-қарарды (2001) орындау жөнiндегi күш-жiгердi арттыруы қажет деп тапқан мемлекеттерге аудара алады. 
      1.4. Мемлекеттер, егер өздерi қаласа, 1373-қарарды (2001) орындау жөнiнде өздерiне қосымша басшылық немесе техникалық жәрдем қажет салаларды анықтай алады. Бұндай жәрдем көрсету үшiн Комитет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың мүмкiндiктерiн зерттейдi. 

                      2. Баяндамаларды беру мерзімі 

      2.1. 1373-қарардың (2001) 6-параграфы барлық мемлекетті баяндамаларды 1373-қарар қабылданғаннан кейiн 90 күннен кешiктiрмей беруге шақырады. Осыған байланысты мемлекеттер өздерiнiң алғашқы баяндамаларын ҚК Терроршылдықпен күрес жөнiндегi комитетiне 2001 жылдың 27 желтоқсанына дейiн немесе соған қарай тапсыруға тиiс. Комитет қалған баяндамаларды, Комитет мүдделi мемлекеттермен консультациялар жүргiзгеннен кейiн ұсынатын кестеге сәйкес, белгiленген тәртiппен тапсыруды сұрайды. 
      2.2. Комитет 1373-қарар (2001) қамтитын заңнамаларға және қызмет салаларына байланысты туындайтын қиындықтарды мойындайды және тиiстi ұлттық парламенттiк рәсiмдеулердi сәйкестендiру қажеттiгiн атап көрсетедi. Мемлекеттердiң тиiстi салалардағы ресурстары мен техникалық құзыреттiлiгi бiрдей еместiгiн де мойындайды. Комитет көмек көрсету мүмкiндiктерiн мұқият қарауға немесе мемлекеттердегі осындай қиындықтарды еңсеруге одан әрi басшылық беруге ниеттi. Дегенмен, Комитет барлық мемлекеттен мүмкiндiгiнше 2001 жылғы 27 желтоқсанға дейiн немесе соған қарай 1373-қарардың 6-параграфын орындау жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпараттық баяндамаларды даярлап беруiн күтедi. 

                             3. Мазмұны 

      3.1. Мемлекеттер 1373-қарардың өздерiнiң мiндеттерiн айқындайтын әрбiр параграфы мен кiшi параграфының тармақтары қалай орындалып жатқаны туралы баяндамалар тапсыруға тиiс. Баяндамаларда қандай заң кесiмдерi (нормаларды және басқа да заңнамалық тетiктердi қоса алғанда) қолданылуда немесе қолданылу үшiн қарастырылуда; қандай әкімшiлiк iс-әрекеттер қабылдануда; қандай әрекеттер, егер мұндайлар бар болса, 1373-қарардың (2001) мазмұны мен мәнiне сәйкес қабылданып үлгердi немесе орындау үшiн қаралуда; 1373-қарар (2001) шеңберiнде халықаралық ынтымақтастық деңгейiн көтеру мақсатында қандай қадамдар жасалуда екенi көрсетiлуге тиiс. 
      3.2. Комитет мемлекеттер баяндаманы дайындау кезiнде мына мәселелердi басшылыққа алар деп есептейдi. Әрбiр сұрақ немесе бiрнеше мәселе 1373-қарардың (2001) белгiлi бiр параграфына немесе кiшi параграфына жатады. 

                       N 1 қаулы етушi параграф 

      Кiшi параграф (а) - Террорлық әрекеттердi қаржыландырудың алдын алу және тыйым салу үшiн 1 (b)-(d)-сұрақтарына жауаптарда көрсетiлгендерге қосымша қандай шаралар қабылданды? 
      Кiшi параграф (b) - Осы кiшi параграфта аталған іс-әрекеттерге қатысты Сiздiң елде қандай шаралар мен жазалар бар? 
      Кіші параграф (с) - Банктердегі және қаржы институттарындағы шоттар мен активтердi тоқтатып қоюға арналған қандай заңнамалық және рәсiмдiк нормалар бар? Мемлекеттер осындай іс-әрекеттiң кез келген мысалын ұсына алады. 
      Кiшi параграф (d) - Осы кiшi параграфта аталған іс-әрекеттерге тыйым салу мақсатындағы қандай шаралар бар? 

                      N 2 қаулы етушi параграф 

      Кiшi параграф (а) - Осы кiшi параграф ережелерiн орындау үшін белгiленген қандай заңнамалық нормалар мен шаралар бар? Атап айтқанда, терроршыл топтардың тұрғындарды өз жағына тартуына тыйым салу үшiн (2) терроршыларды қарумен жабдықтауды болдырмау үшiн Сiздiң елде (1) қандай шаралар (нормалар) қарастырылған? 
      Мұндай әрекеттердiң алдын алуға басқа қандай шаралар жәрдемдеседi? 
      Кiшi параграф (b) - Террорлық әрекеттердi өткiзуге тыйым салу мақсатында, соның ішінде, қандай алдын алу және басқа мемлекеттермен ақпарат алмасу тетіктері бар? 
      Кiшi параграф (с) - Терроршыларға пана беруге тыйым салатын қандай заңнамалық нормалар немесе рәсiмдер бар, мәселен, осы кiшi параграфта аталған адамдардың мемлекетте болуы мен одан шығарып жiберудi көздейтiн қандай заңдар бар? 
      Мемлекеттер осындай әрекеттердiң мысалдарын ұсына алады. 
      Кiшi параграф (d) - Сiздiң мемлекеттiң аумағынан басқа мемлекеттерге немесе олардың азаматтарына терроршылар әрекеттерiн болдырмау үшiн қандай заңнамалар немесе рәсiмдер бар? Мемлекеттер осындай мысалдарды ұсына алады. 
      Кiшi параграф (е) - Террорлық әрекеттердi ауыр криминалдық қылмыс ретiнде айқындайтын және осындай террорлық әрекеттердiң ауырлығына лайықты жаза белгiлеудi қамтамасыз ететiн қандай қадамдар белгіленген? Осындай айып тағулар мен жазалау шаралары мысалдарын ұсыныңыздар. 
      Кiшi параграф (f) - Басқа мемлекеттерге жәрдемдесуге қолданылып жүрген қандай рәсiмдер мен тетiктер мүмкiндiк береді? Осындай ынтымақтастықтың мысалдарын ұсыныңыздар. 
      Кiшi параграф (g) - Шекаралық бақылау терроршылардың қозғалысын қалай болдырмайды? Мемлекет аумағында жүріп-тұруға мүмкіндік беретін жеке адамды куәландыратын құжаттарды беруде аталған мақсатқа жету үшiн қандай факторлар қосымша құрал мiндетiн атқарады? Осы құжаттарды қолдан жасауды болдырмау үшін қандай шаралар қабылданды? 

                      N 3 қаулы етушi параграф 

      Кiшi параграф (а) - Осы кiшi параграфта баяндалған салаларда жандандыру және жедел ақпарат алмасуды шапшаңдату үшiн қандай қадамдар белгiленген? 
      Кiшi параграф (b) - Осы кiшi параграфта баяндалған салаларда өзара ақпарат алмасу және ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшiн қандай қадамдар жасалған? 
      Кiшi параграф (с) - Кiшi параграфтарда баяндалған салаларда ынтымақтастық бойынша қандай қадамдар белгіленген? 
      Кiшi параграф (d) - Осы кiшi параграфта көрсетiлген конвенциялар мен хаттамаларға қол қою және/немесе бекiтуге қатысты Сiздiң Yкiметiңiздiң қандай ниеттері бар? 
      Кiшi параграф (е) - Осы параграфта көрсетiлген конвенцияларды, хаттамаларды және қарарды жүзеге асыру жөнiндегі кез келген тиiстi ақпаратпен қамтамасыз етiлсiн. 
      Кiшi параграф (f) - Босқын мәртебесi берiлгенге дейiн пана iздеушi адамдардың терроршылдыққа қатыстылығын анықтау үшiн қандай заң кесiмдерi, рәсiмдер мен тетiктер қарастырылған? Тиiстi кез келген мысалдарды келтiруiңiздi өтінеміз. 
      Кiшi параграф (g) - Босқын мәртебесiн терроршылардың пайдалануын болдырмау жөнiнде қандай рәсiмдер қарастырылған? Терроршылдыққа күдiктiлердi беруге сұрау салуларға бас тарту үшiн негіз ретiнде саяси мәнi бар талаптарды тануға кедергi болатын заңнамалардың және/немесе әкiмшiлiк рәсiмдердiң егжей-тегжейлi жай-жапсарын ұсыныңыз. Тиiстi мысалдар келтiруiңiздi өтiнемiз. 
      3.3. Мемлекеттер 1373-қарардың (2001) 4-параграфында баяндалған мәселелер бойынша ақпаратты қоса алғанда, тиiстi қосымша ақпараттарды баяндамаға енгізе алады. Олар сонымен қатар қарарды жүзеге асыру жөнiндегi жалпы шолуды және өздерi тап болған кез келген проблемаларды сипаттай алады. 
      3.4. Мемлекеттер Комитетке жоғарыда көрсетiлген кiшi параграфтардағы келтiрiлген мысалдарды қамтамасыз ететiн ақпараттарды, егер олар тиiстi зерттеу немесе сот рәсiмдерiн жүргiзуге кедергi келтiретiн болса, ұсынуға мiндетті емес. 

                         4. Жәрдем беру 

      4.1. Мемлекеттер өздерiнiң қалауы бойынша техникалық жәрдем көрсету немесе 1373-қарарына (2001) немесе осы қарардың 6-параграфына сәйкес Комитет үшiн баяндамалар даярлау процесінде қарастырылған аспектiлер бойынша қосымша консультациялар қажеттiгi жөнiнде өздерiнiң баяндамаларында көрсете алады немесе Комитетті жеке хабардар ете алады. Комитет мемлекеттерге, халықаралық және аймақтық ұйымдарға жәрдем көрсету қажеттiгiн зерттейдi. Комитет ақпараттарды көмек көздерi мүмкiндiктерiмен салыстыра отырып, сұралған жәрдемдi қамтамасыз ету жолдарын мұқият қарастырады. 

        5. Баяндамалардың көлемi және тапсыратын мекен-жайы 

      5.1. Баяндамалар БҰҰ ресми тілінде жазылуы және Комитетке тапсырылуы тиiс. 
      5.2. Баяндамалар Терроршылдыққа қарсы күрес жөнiндегi комитеттiң Хатшылығына, Саяси қатынастар департаментiне S-3520-А бөлмесіне, БҰҰ Хатшылығы, Нью-Йорк, NY 10017 (ф.+1 212 963 7878) жiберiлуге тиiс. 
      5.3. Жариялылық мақсатында, әрбiр баяндама Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құжаты ретiнде таратылады.
      5.4. Егер, кейбiр ақпаратты құпия түрде қалдыру қажет болған жағдайда, мемлекеттер баяндамаға тек Комитет мүшелерi арасында ғана таралатын, құпия қосымша ұсына алады.

                       6. Одан арғы басшылық

     Комитет қажетiне қарай әлсiн-әлсiн қосымша басшылықтар шығара алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады