Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы құқықтық ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 желтоқсан N 1656.


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2001 жылғы 23 мамырда Ереван қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы 
Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
        Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения Республикасының
             Үкiметi арасындағы құқықтық ақпарат алмасу туралы
                              КЕЛІСIМ* 
     
     2001 жылғы 27 желтоқсаннан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық 
              шарттары бюллетені, 2002 ж., N 4, 36-құжат 
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен 
Армения Республикасының Yкiметi,
     достық және өзара түсiнiстiк қатынастарын нығайтуды тiлей отырып,
     құқық саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып,


      Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамалары туралы өзара ақпарат берудi жақсарту жөнiндегi қатынастарды дамыту қажеттiгiн тани отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

                                1-бап

      Тараптар мемлекетаралық алмасуға жататын, (қоса берiліп отыр), жариялауға ашық Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiмiнде белгiленген мәселелер жөнiндегі құқықтық актiлермен екi жақты ақпараттық алмасу қажеттiгiн таниды.

     Жоғарыда көрсетiлген тiзiм Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша
өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.
     
                               2-бап
     
     Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа нормативтiк құқықтық актiлер
туралы сұрау салынған ақпаратты ұсынатын болады. 
     Ынтымақтастық барысында Тараптардың бiрi алатын ақпарат, осы 
ақпаратты берушi Тараптың келiсуiмен ғана үшiншi мемлекетке берiлуi мүмкiн.
     Ынтымақтастық барысында алынған ақпарат Тараптардың мүдделерiне 
нұқсан келтiруге қабiлеттi болса, оны пайдалануға болмайды.
     
                               3-бап
     


      Тараптар, ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық

ақпарат алмасу үшiн өздерiнiң заңнама базаларын (Тараптар мемлекеттерiнiң 
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң деректер банкi) ұйымдастырады.
     
                               4-бап
     
     Тараптар, құқықтық ақпарат алмасу жүйесiн құру жөнiнде келісілген 
шараларды жүзеге асыра отырып, тиiсiнше:
     - ақпаратты пайдаланушы - субъектiлер тізiмiн;
     - ақпараттың ашық болу дәрежесiн, оны құжаттау, қол жеткiзу, сақтау, 
тарату және қорғау тәртiбiн анықтайтын нормативтiк белгiленген ережелер - 
ақпараттың құқықтық режимiн белгiлейдi.
     
                               5-бап
     
     Тараптар мемлекеттерiнiң Әдiлет министрлiктерi құқықтық ақпарат 
жүйесiн құру және алмасу жөнiндегі жұмыстарды үйлестiруші ретiнде 
Тараптармен белгiленедi.
     
                               6-бап
     
     Тараптар бiрлесiп пайдалануға белгiленген (деректердiң эталондық 
базасына) құқықтық ақпараттың ұлттық ресурстарына қол жеткiзуді қамтамасыз 
етедi, оларды бақылау қалпында сақтайды және ақпараттық деректердiң 
толықтығы, шындығы және өз уақытылы берiлуi үшiн жауапкершілік көтередi.
     
                               7-бап
     


      Құқықтық ақпарат орыс тiлiнде және өтеусiз берiлетiн болады. Жедел

мәлiметтер мен материалдарды жiберу үшiн электрондық, факсимильдік және 
өзге де байланыс құралдары қолданылуы мүмкiн.
     
                               8-бап
     
     Тараптар:
     - деректер базасын алмасу кезiнде бiр-бiрiне нормативтiк құқықтық 
актiлердiң жiктеуiштерiн берудi;
     - жүйелердiң қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық 
ресурстарын, сондай-ақ қайта құрылып жатқан құпия байланыс жүйелерiн 
пайдалана отырып, құқықтық ақпарат алмасу жүргізудi қажет деп санайды.
     Құқықтық ақпарат алмасу Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына 
сәйкес жүзеге асырылады.
     
                            9-бап
     
     Осы Келiсiм Тараптардың басқа халықаралық шарттардан туындайтын 
құқықтары мен мiндеттерiне ықпал етпейдi.
     
                           10-бап
     
     Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып
табылатын жеке хаттамалармен ресiмделеді.
     Бұл хаттамалар осы Келiсiмнiң 12-бабында көзделген тәртіпке сәйкес
күшiне енедi.
     
                           11-бап
     


      Тараптар арасындағы осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру барысында туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiлетiн болады.

                             12-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың мемлекетiшілік рәсiмдерінің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi және егер Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң күшiн тоқтату туралы өз ниетiн Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталуынан алты ай бұрын екінші Тарапқа хабарламаса, әрбiр келесi бес жылға қолданылу мерзiмiнiң өздiгiнен ұзартылуымен бес жыл бойы қолданылатын болады.
      Ереван қаласында 2001 жылғы 23 мамырда әрқайсысы қазақ, армян және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегі мәтiнге жүгінетiн болады.
     Қазақстан Республикасының        Армения Республикасының
          Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін


                                    Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Армения Республикасының Үкiметi арасындағы құқықтық ақпарат алмасу туралы келiсiмге қосымша


        Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтiк құқықтық актiлердің

                               ТIЗБЕСI
     
     1. Мемлекеттік құрылыс негіздерi.
     2. Ұлттық қауiпсiздiк.
     3. Қорғаныс.
     4. Мемлекеттік қызмет.
     5. Сыртқы саясат, халықаралық және сыртқы экономикалық қатынастар.
     6. Әкiмшiлiк заңдар.
     7. Әділет, Сот, Прокуратура.
     8. Қоғамдық тәртiптi қорғау.
     9. Қылмыстық заңдар.
     10. Қылмыстық iс жүргізу заңдары.
     11. Қылмыстық атқарушылық заңдар (еңбек-түзету заңдары).
     12. Азаматтық және отбасы құқығы.
     13. Азаматтық iс жүргізу және шаруашылық заңдар.
     14. Еңбек және халықтың қамтылуы.
     15. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету.
     16. Қаржы және кредит.
     17. Кәсiпорындар және кәсiпкерлiк қызмет.
     18. Өнеркәсіп.
     19. Құрылыс және сәулет кешенi.
     20. Ауыл шаруашылығы.
     21. Сауда.
     22. Көлiк және байланыс.
     23. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және халыққа тұрмыстық қызмет 
көрсету.
     24. Бiлiм, ғылым, мәдениет.
     25. Денсаулық сақтау.
     26. Жер, оның қойнауы, сулар туралы, әуе кеңістігі туралы, өсімдік, 
жануарлар әлемі және табиғи байлықтар туралы заңдар.
     27. Қоршаған ортаны қорғау.
     28. Геодезия, картография, гидрометеорология.
     29. Халықаралық жеке құқық және процесс.
     30. Кеден ісі.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
      
     
     
    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады