Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасында үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 желтоқсан N 1659

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының

 

Yкiметi арасында үкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы

келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша) қатысуымен

өзбек тарапымен келiссөздер жүргiзсiн және қағидаттық сипаты жоқ

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат берiле отырып, Қазақстан

Республикасы Yкiметiнiң атынан көрсетiлген Келiсiмдi жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                           Жоба


           Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан

         Республикасының Yкіметi арасында үкiметтік байланыс

               саласындағы ынтымақтастық туралы

                           КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Өзбекстан Республикасының Үкiметi,

     екi мемлекеттiң арасындағы қазiргi достық қатынастарды одан әрi

нығайту ниетiн басшылыққа ала отырып,

     халықаралық үкiметтiк байланысты сақтау мен дамытудағы Тараптардың

мүдделiлiгiн ескере отырып,

     Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында, сондай-ақ

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарды

назарға ала отырып,


 
       өзара сенiм бiлдiру және бiрiн бiрi құрмет тұту негiзi болып табылатын қарым-қатынастарды нақты тәртiпке келтiрудiң көкейкестi қажеттiлiгiн негiзге ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                              1-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай анықтамалар қолданылады:
      1) "құзыреттi ұйымдар" - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Yкiметтiк байланыс қызметi, Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк қызметi;
      2) "үкiметтiк байланыс" - мемлекеттiк басқарудың қажеттiлiгiне арналған арнайы байланыс;
      3) "халықаралық үкiметтiк байланыс" - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкiметтiк байланыс абоненттерi арасындағы ақпарат алмасуға арналған үкiметтiк байланыс жүйесi;
      4) "шифрлау құралдары" - ақпаратты өңдеу, сақтау және байланыс арналары бойынша беру кезiнде оны қорғауға арналған, ақпараттың түрiн өзгертетiн криптографиялық алгоритмдердi iске асыратын, оның iшiнде рұқсат берiлмеген араласудан, жалған ақпаратты таңудан қорғауға арналған аппараттық, бағдарламалық-аппараттық және бағдарламалық құралдар, негiзгi құжаттарды дайындау құралдары, қолдан жасалатын шифрлар, кодтау құжаттары.
 
                               2-бап
 
      Тараптар тұрақты жұмыс істейтiн халықаралық үкiметтiк және шифрланған құжаттамалық байланысты қамтамасыз етедi және жетiлдiредi.
      Тараптардың әрқайсысы екiншi Тараптың мүддесiн қозғайтын халықаралық үкiметтік байланысты ұйымдастыру, техникалық тұрғыдан пайдалану және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде тең құқылы.
      Халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыруды, техникалық

 

пайдалануды, қауiпсiздiгi мен үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

мәселелерiн құзыреттi ұйымдар шешедi.


                               3-бап


     Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес, егер

Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше

талаптар айтылмаса, екінші Тарап мемлекетiнiң жоғары лауазымды тұлғаларына

өз мемлекетiнiң аумағында үкiметтiк байланысты ұсынады.


                               4-бап


     Өз мемлекетi аумағының шектерiнде халықаралық үкiметтiк байланысты

ұйымдастыру, iске қосу, техникалық пайдалану және одан әрi жетiлдiру

жөнiндегi шығыстарды Тараптардың әрқайсысы төлейдi.


                               5-бап


     Құзыреттi ұйымдар мынадай бағыттар бойынша:


 
       1) халықаралық үкiметтiк байланысты, сондай-ақ үкiметтiк байланыстың ұлттық жүйелерiн пайдалану мен олардың жаңа жүйелерiн және құралдарын өндiру саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыстарды бiрлесiп жүргiзедi;
      2) үкiметтiк байланыс құралдарын өндiру саласында;
      3) үкiметтiк байланыс жүйелерiндегi және құралдарындағы ақпаратты қорғау саласында;
      4) Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкiметтiк байланысының радиоэлектрондық құралдарының электромагнит бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсатында өз мемлекетiнiң аумағында өздерiне бөлiнген жиiлiк спектрiн пайдалану саласында;
      5) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласында өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      Өзара iс-қимылдың көрсетiлген бағыттары бойынша ынтымақтастық құзыреттi ұйымдардың арасындағы келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
      Бiрлескен ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер және олар бойынша дайындалған халықаралық үкiметтiк байланыстың дауыстық, сондай-ақ құжаттық ақпаратын берудiң және шифрлаудың техникалық құралдары - Тараптардың құзыреттi органдарының меншiгі болып табылады және олар өзара келiсiмсiз үшiншi Тарапқа берiлмеуi тиiс.
 
                              6-бап
 
      Тараптар екi мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес халықаралық үкiметтiк байланысты, сондай-ақ үкiметтік байланыстың ұлттық жүйелерiн ұйымдастыру және пайдалану үшiн қажетті шифрлау құралдарының, байланыс техникасы құралдарының, жинақтаушы бұйымдардың және қосалқы бөлшектердiң жеткiзiлiмiн келiсiлген көлемде қамтамасыз етедi.

 

     Шифрлау құралдарын, байланыс техникасының құралдарын, жинақтаушы

бұйымдарды және қосалқы бөлшектердi жеткiзу, сондай-ақ аталған

құрал-жабдықтарды жөндеудi ұйымдастыру және арнайы мақсаттағы қызметтер

көрсетудi Тараптар олардың арасында жасалған шарттарға (келiсiм-шарттарға)

сәйкес жүзеге асырады.


                              7-бап


     Осы Келiсiмнен туындайтын мәселелердi iске асыру бойынша құзыреттi

ұйымдардың өзара iс-қимылы кезiндегі жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.


                              8-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты

мәселелер Тараптар арасындағы келiссөздер және консультациялар арқылы

шешiлетiн болады.


                              9-бап



 
       Осы Келiсiмге Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуі мүмкiн.
 
                               10-бап
 
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарланған күннен бастап күшiне енедi.
      Егер Тараптардың бiрде-бiрi осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi

 

туралы екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламаса,

Келiсiм өздiгiнен келесi бесжылдық кезеңге ұзаратын болады. Бұл жағдайда

екiншi Тараптың осындай жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай

өткен соң Келiсiмнiң қолданысы тоқталады.

     Астана қаласында 2001 жылғы "____" қарашада әрқайсысы екi данада

қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiннiң күшi

бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаты үшiн орыс тiлiндегi

мәтiн қолданылады.


     Қазақстан Республикасының            Өзбекстан Республикасының

         Yкiметі үшiн                            Үкiметі үшiн



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады