Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 желтоқсан N 1668

      Мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөнiндегi қызметтi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық кесiмдерге тиiстi өзгерiстер енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс әзiрлеп, енгiзсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiне мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөнiндегi сабақтастықты және толыққанды жұмысты қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Астана, Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының пайдалануындағы материалдық-техникалық мүлкiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдарына беру ұсынылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11 N 39 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11 N 39; 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
      5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады