Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 желтоқсан N 1696

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716 P001716_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 567-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасының бiрiншi кезеңiн iске асыру жөнiндегi 2000-2001 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 1.10-жолда:
      "Iс-шара" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Арнаулы байланыс қызметiнiң Қазақстан Республикасында мемлекеттiк органдардың ерекше маңызды хат-хабарларын және қымбат металдар, зергерлiк бұйымдар, аспаптар, аппаратуралар мен қорғаныс өнеркәсiбiнiң құрастырушы бұйымдары бар арнаулы жөнелтiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi және оларды тасығыштарды автомобильдермен

 

тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу";

     "Аяқтау нысаны" деген бағанда "Үкiмет қаулысы" деген сөздер

"Бiрлескен бұйрық" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "Орындауға жауаптылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

     "ҚР ККМ, ҚР IIМ, Қазпочта (келісім бойынша)".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады