Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 желтоқсан N 1700

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң "Алатау" спорт сарайының құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгіне "Алатау" спорт сарайының құрылысы бойынша орындалған жұмыстар көлемi үшiн есеп айырысуларды аяқтауға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 193 740 797 (бiр жүз тоқсан үш миллион жетi жүз қырық мың жетi жүз тоқсан жетi) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бөлiнетiн қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады