Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 3 тамыздағы N 1030 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1713

      Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Атырау облысының аймақтық инвестициялық бағдарламасы және жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 3 тамыздағы N 1030 P011030_ қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) Қазақстан Республикасы Атырау қаласының аумағына жерасты суы жайылуынан инженерлiк қорғау - 903000000 (тоғыз жүз үш миллион) теңге";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Атырау облысы әкiмiнің заңнамада белгiленген тәртiппен, "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген борышы лимитiнiң шегiнде аймақтық инвестициялық бағдарламаны iске асыруға 2751409576 (екi миллиард жетi жүз елу бiр миллион төрт жүз тоғыз мың бес жүз жетпiс алты) теңге мөлшерінде әрi мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару арқылы заем туралы келiсiм жасасу жолымен 903000000 (тоғыз жүз үш миллион) теңге көлемiнде заемдар тарту туралы ұсынысы қабылдансын";
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органының заем туралы шартын ресiмделетiн құжаттар мен мәмiленiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiне құқықтық сараптама жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тиiстi қорытындыны ұсынсын.
      2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) тартылатын заемның қаржылық сараптамасын жүзеге асырсын;
      2) мемлекеттiк борышты басқару шегiнде заемның тiркелуiн, жергiлiктi атқарушы органның қарызды өтеуге қызмет көрсетуiн әрi өтеуiнің мониторингi мен бақылауды қамтамасыз етсiн".
      2-3. Атырау облысының әкiмi:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан

 

Республикасының Әдiлет министрлiгiне осы қаулының 2-1 және

2-2-тармақтарына сәйкес тартылатын заемға құқықтық және қаржылық сараптама

жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынсын;

     2) заңнамада белгiленген тәртiппен заемның тартылуын қамтамасыз етсiн;

     3) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;

     4) жергiлiктi бюджет қаражатынан заемға қызмет көрсетiлуi мен өтелуiн

қамтамасыз етсiн;

     5) заем қаражаттарын игеру оған қызмет көрсету мен өтеу жөнiндегi

мәлiметтің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тұрақты ұсынылуын

қамтамасыз етсiн.".

     2. Осы қаулы оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады