Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1723

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес сот шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген резервінен, М.А.Ахметовтың пайдасына ақшалай өтем сомасын өндіріп алу туралы Алматы қаласының Бостандық ауданы Алатау сот учаскесінің 1998 жылғы 10 ақпандағы шешімін орындау үшін 106 700 (бір жүз

 

алты мың жеті жүз) теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады