"1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмдi ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгi арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 қаңтар N 7

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
      1. "1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмдi ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгi арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінiң қарауына енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                                    Жоба



 
 
         1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка
         Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық
        ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың
     салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты
     келiсiмдi ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы
          істер министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан
      Республикасындағы Елшiлiгi арасындағы ноталар алмасу нысанындағы
            келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Заңы
 
      1-бап. Алматы қаласында 2000 жылғы 1 және 5 желтоқсанда жасалған 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмдi ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Америка Құрама

 

Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгi арасындағы ноталар алмасу

нысанындағы келiсiм бекiтiлсiн.

     2-бап. Осы заңның Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң

2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 20/1169 нотасының тiркелген күнiнен бастап

туындаған құқықтық қатынастарға керi күшi бар.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


          Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының

     арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық

         ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға

            және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты

                                 КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Америка

Құрама Штаттары,


 
       Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, төменде КБР-дың шахталық ұшыру қондырғылары деп аталатын, континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын және стратегиялық шабуыл қаруларын жоюға байланысты басқа да қызметке жәрдемдесу ниетiмен,
      Қазақстан Республикасынан ядролық қарудың, сондай-ақ осындай қаруға қатысты технологияның, материалдар мен мағлұматтардың таралуына қарсы тексеруге болатын шараларды орнатуға жәрдемдесу ниетiмен,
      Қазақстан Республикасының 1968 жылғы 1 шiлдедегi ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылуы мiндетiн атай отырып,
      төмендегiлер жайында келiстi:
 
                          І-бап
 
      Тараптар ынтымақтасады және Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасына ядролық қаруды жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге байланысты әр түрлi мақсаттарға жәрдемдеседі, сонымен бiрге:
      а. КБР-дың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға;
      ә. Қазақстан Республикасынан ядролық қарудың, сондай-ақ осындай қаруға қатысты технологияның, материалдар мен мағлұматтардың таралуына қарсы тексеруге болатын шараларды орнатуға;
      б. Ядролық қаруды жою мақсатында оны Қазақстан Республикасынан алып шығуға байланысты апатты жағдайлардың салдарын жою мүмкiндiктерiн кеңейтуге; және
      в. Қазақстан Республикасында тұрған стратегиялық шабуыл қаруларын жоюға байланысты басқа да жәрдем көрсетедi.
 
                          II-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн Атқару органын тағайындайды, Қазақстан Республикасы үшiн Атқару органы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi болып табылады, Америка Құрама Штаттары үшiн Атқару органы Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлiгi болып табылады.
 
                          III-бап
 
      1. Осы Келiсiмнiң І-бабында баяндалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Тараптар қажет болғанына қарай өздерiнiң Атқару органдары арқылы осы Келiсiмнiң орындалғаны туралы төменде жүзеге асыру жөнiндегi келiсiмдер деп аталатын келiсiмдердi жасайды.
      2. Осы Келiсiм мен жүзеге асыру жөнiндегi келiсiмдердiң арасында алшақтық болған жағдайда осы Келiсiмнiң ережелерiнiң күшi басым болады.
 
                          IV-бап
 
      Осы Келiсiмнiң шарттары жәрдемнiң кез келген түрiне, осы Келiсiмге немесе жүзеге асыру жөнiндегi келiсiмдерге сәйкес жасалатын материалдық-техникалық жабдықтарды, оқытып-үйретудi және қызметтердi қоса алғанда, сондай-ақ жоғарыда аталған келiсiмдердiң барлығының жүзеге асырылуына қатысты қызметшiлердiң, қызметтiң және басқа да өзара келiсiлген жәрдемдесу бағдарламаларының барлығына қолданылады.
 
                          V-бап
 
      1. Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмге сәйкес қызметтi жүзеге асыруға қатысатын екiншi Тараптың әскери қызметшiлерiнiң, азаматтық мемлекеттiк қызметшiлерiнiң және мердiгер қызметшiлерiнiң өз аумағына келуi мен кетуiне тиiмдi түрде жәрдемдеседi.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасындағы қызметке байланысты Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлiгi пайдаланатын әуе кемелерi кедендiк тексерулерден, кедендiк баж салықтарынан, кемеге отырғаны үшiн төлемдерден, навигациялық алымдардан, порт алымдарынан, жол жүру алымдарынан және Қазақстан Республикасының заңдары немесе ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын кез келген басқа да алым-салықтардан босатылады.
      3. Егер Америка Құрама Штаттары осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасындағы қызметке байланысты Қазақстан Республикасына тасымалдау тұрақты авиарейстердi орындайтын коммерциялық әуе кемесi болып табылмайтын қандай да бiр әуе кемесiмен жүзеге асырылса, онда оның ұшу жоспары азаматтық әуе кемелерi үшiн қабылданған Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының рәсiмдерiне сәйкес жасалады және де осы ұшу жоспарының Ескертулер бөлiмiне тиiстi рұқсаттың алынғаны туралы растау кiргiзiледi. Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттарының әуе кемелерiне ақысыз тұрақ бередi және оларды ақысыз күзетпен қамтамасыз етедi.
 
                          VI-бап
 
      1. Егер Америка Құрама Штаттарының жазбаша келiсiмi күнi бұрын алынбаған болса, Қазақстан Республикасы осы Келiсiмге сәйкес берiлетін қандай да бiр материалдық-техникалық жабдықтарды, көрсететiн қызметтердi немесе оқытып-үйретудiң нәтижесiнде алынған нақты бiлiмдердi, немесе оларға меншiк құқығын Қазақстан Республикасының лауазымды адамынан, қызметкерi немесе өкiлiнен басқа ешқандай адамға бермейдi.
      Қазақстан Республикасы осы Келiсiмге сәйкес Америка Құрама Штаттары беретiн жәрдемдi осындай жәрдем беру көзделген мақсаттардан басқа мақсаттарда пайдалануға жол бермейдi.
      2. Қазақстан Республикасы осы Келiсімге сәйкес берілетiн материалдық-техникалық жабдықтардың, оқытып-үйретудiң нәтижесiнде алынған мағлұматтардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн өзiне байланысты ақылға сиятын барлық шараларды қабылдайды.
 
                          VII-бап
 
      1. Тараптар бiр-бiрiне Тараптардың әрқайсысына тиiстi мүлiкке келтiрiлген зиян үшiн, Тараптардың кез келгенiнiң кез келген әскери қызметшiсiнiң немесе азаматтық мемлекеттiк қызметшiсiнiң қаза болғаны үшiн немесе осы Келiсiмге байланысты Қазақстан Республикасындағы кез келген қызметтiң нәтижесiнде олардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн талаптар қоймайды. Америка Құрама Штаттары мейлiнше мүмкiн болғанынша осы Келiсiмге сәйкес жүргiзiлетiн, персоналдың мүлкiне немесе оның жоғалуына немесе персоналдың қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтiретiн қызметпен айналыспауды жоспарлайды.
      2. Қазақстан Республикасы осы Келiсiмге байланысты Қазақстан Республикасындағы кез келген қызметтiң нәтижесiнде Америка Құрама Штаттарының азаматтары қойған талаптардан басқа үшiншi тараптардың кез келген талаптарының реттелуiне жауап бередi.
      3. Осы Баптың 1 және 2-тармақтарының Ережелерi Тараптардың өз ұлттық заңдарына сәйкес өтемақы беруiне кедергi келтiрмейдi.
 
                          VIII-бап
 
      1. Осы Келiсiмге сәйкес қызметтi жүзеге асыру үшiн Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлерi мен азаматтық мемлекеттiк қызметшiлерiне де 1961 жылдың 18 сәуiрiндегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер берiледi.
      2. Осы Бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi iшiнде және осы Келiсiмге сәйкес басталған қызметтi аяқтауға қажеттi оның қолданыс мерзiмi бiткеннен кейiнгi мерзiмде өз күшiнде қалады.
 
                          IХ-бап
 
      1. Америка Құрама Штаттары, оның әскери қызметшiлерi мен азаматтық мемлекеттiк қызметшiлерi, мердiгерлерi мен мердiгер қызметшiлерi осы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылатын қызметке байланысты Қазақстан Республикасының заңдары немесе ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын кез келген салықты, баж салығын немесе сол сияқты алым-салықтарды төлеуге мiндеттi емес.
      2. Америка Құрама Штаттары, оның әскери қызметшiлерi мен азаматтық мемлекеттiк қызметшілерi, мердiгерлерi мен мердiгер қызметшiлерi Қазақстан Республикасына осы Келiсiмдi орындауға қажеттi кез келген материалдық-техникалық жабдықтарды әкеле алады. Мұндай материалдық-техникалық жабдықтар әкелудi лицензиялауға және басқа да шектеуге, тарифтеуге, кедендiк баж салықтарын, алымдарды, салықтарды немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын кез келген басқа алым-салық түрлерiн салуға болмайды. Сондай материалдық-техникалық жабдықтар әкетудi де лицензиялауға, басқа да шектеуге, тарифтеуге, кедендiк баж салықтарын, алымдарды, салықтарды немесе Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын кез келген басқа алым-салық түрлерiн салуға болмайды. Мұндай материалдық-техникалық жабдықтарды әкелу және әкету үшiн Қазақстан Республикасы оңайлатылған және басымдыққа ие кедендiк рәсiмдердi қамтамасыз етедi.
      3. Осы Бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi осы

 

Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi iшiнде және осы Келiсiмге сәйкес басталған

қызметтi аяқтауға қажеттi оның қолданыс мерзiмi бiткеннен кейiнгi мерзiмде

өз күшiнде қалады.


                         Х-бап


     Осы Келiсiмге сәйкес Америка Құрама Штаттарының қызметi, мұндай

қызмет қай жылы жүзеге асырылмасын, Америка Құрама Штаттарының заңдарына

сәйкес бөлiнетін қаржының болу-болмауына байланысты жүзеге асырылады.


                         ХI-бап



 
       Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы әскери қызметшiлерi мен азаматтық мемлекеттiк қызметшiлерi өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге мiндеттеме алады.
 
                          ХІІ-бап
 
      1. Егер Америка Құрама Штаттары осы Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн құрылысты қоса алғанда, материалдық-техникалық жабдықтар сатып алуға және қызмет көрсетуге контрактiлер жасайтын болса, онда мұндай контрактілер Америка Құрама Штаттарының заңдары мен ережелерiне сәйкес берiледi. Осы Келiсімдi жүзеге асыру үшiн Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алған материалдық-техникалық жабдықтар мен қызметтерге Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын ешқандай да алымдар, баж салықтары, қосымша салықтар немесе сол сияқты алым-салықтар салынбайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелерiне сәйкес осы Келiсiмдi жүзеге асыру қызметiне байланысты өзiнiң ақшалай қаржысын пайдалана отырып, материалдық-техникалық жабдықтарға және қызмет көрсетуге ақы төлеуде Қазақстан Республикасының контрактiлер жасауына кедергi келтiрмейдi.
 
                          ХІІІ-бап
 
      Отыз күн бұрын жiберiлген жазбаша сұрау бойынша Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң өкiлдерi осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi iшiнде және оның қолданыс мерзімі бiткен соң үш жыл бойы осы Келiсiмге сәйкес олардың орналасқан немесе пайдаланылған жерлерiнде кез келген материалдық-техникалық жабдықтарды, оқытып-үйретудi немесе көрсетiлетiн қызметтi пайдалануды тексеруге құқылы және осы Келiсiмге сәйкес кез келген материалдық-техникалық жабдықтарды, оқытып-үйретудi немесе көрсетілетiн қызметтi пайдалануға қатысты және барлық есептi немесе құжаттарды инспекциялауға және ревизиялауға құқылы.
 
                          ХIV-бап
 
      Осы Келiсiм оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енеді және жетi жыл бойы немесе Тараптардың кез келгенiнiң екiншi Тараптан оның осы Келiсімнiң қолданысын тоқтатқысы келетiнi жөнiнде жазбаша мәлiмдемесiн алғаннан кейін 90 күндiк мерзiм өткенше өз күшiнде қалады. Осы Келiсiмге түзетулер енгiзiле алады және оның қолданыс мерзiмi Тараптардың жазбаша келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Осы Келiсiмнiң немесе жүзеге асыру жөнiндегi келiсiмдердiң қолданысының тоқтатылуына қарамастан, егер Тараптардың арасында өзара басқалай жазбаша Келiсiм болмаса, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi осы Келiсiмнiң VI және VII-баптарына сәйкес уақыты шектеусiз мерзiмге қолданыла бередi.
 
      Қазақстан Республикасының Алматы қаласында 1993 жылы он үшiншi желтоқсанда екi дана етiп, әрқайсысы қазақ және ағылшын тілдерiнде жасалды, сондай-ақ екi текстiң де күшi бiрдей. Қазақстан Республикасы Тараптар арасында қазақ және ағылшын тiлдерiндегi текстпен сәйкестiгiн қуаттайтын ноталар алмасқаннан кейiн оның да күшi бiрдей деп қаралатын орыс тiлiндегi текстiнi тапсырады.
 
      Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттары
              үшін: үшін:
 

                                                     Бейресми аударма



 
 
       Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Алматыдағы Америка Құрама Штаттарының Елшiлiгiне өзiнiң құрметiн растайды және Елшiлiктiң 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1272/00 нотасына жауап ретiнде төмендегілердi хабарлауды құрмет тұтады.
      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмдi ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) қолданылу мерзiмiн 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн жетi жылға ұзартуға өзiнiң келісетіндiгiн бiлдiредi.
      Министрлiк, сондай-ақ осы нотаның тiркелген күнiнен бастап күшiнде

 

болатын осы нота мен Елшiлiк нотасының Қазақстан Республикасы мен Америка

Құрама Штаттары арасындағы көрсетілген Келiсiмнiң ұзартылуы ретiнде

жүретiндігі туралы ұсыныспен келiсетiндiгiн бiлдiредi.

     Елшiлiктi өзiнiң жоғары құрметiне сендiрудi қайта жалғастыру үшiн

Министрлiк осы жағдайды пайдаланады.


     Астана 2000 жылғы 5 желтоқсан.


        Америка Құрама

     Штаттарының Елшілігі


           Алматы қ.



                                                     Америка Құрама



                                                  Штаттарының Елшілігі



 
 
       N 1272/00
 
      Америка Құрама Штаттары Елшiлiгі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне өзiнiң құрметiн растайды және Министрлiктiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 0755/00 Нотасына сiлтеме жасауды құрмет тұтады және Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсанда Алматыда жасалған Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмiнiң қолданылу мерзiмiн жетi жылға 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн ұзартуды ұсынады.
      Шарттың ХIV Бабына сәйкес осы Шарт 2000 жылғы 5 желтоқсанда күшіне енген тараптардың 2000 жылғы 1 және 5 желтоқсанда дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн ұзартылды. 1993 жылғы 13 желтоқсандағы ұзартылған Шарт 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн күшiнде болады.
      Егер бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Yкiметiне қолайлы болса, Елшiлiк осы нота мен Министрлiктiң жауабы Министрлiктiң нотасы шыққан күнiнен бастап күшiнде болатын екi Yкiметтер арасындағы аталған Келiсiмнiң жалғасуына қызмет етуiн ұсынады.
      Министрлiктi өзiнiң жоғары құрметiне сендiрудi қайта жалғастыру үшін Елшiлiк осы жағдайды пайдаланады.
 

     Америка Құрама Штаттарының Елшiлiгі,

       Алматы, 2001 жылғы 1 желтоқсан



                                                     Америка Құрама



                                                  Штаттарының Елшілігі



 
 
       N 0623/01
 
      Америка Құрама Штаттары Елшiлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өзiнiң құрметін растайды және Министрлiктiң 2001 жылғы 6 маусымдағы N 10-0201/63 Нотасына сiлтеме жасауды хабарлауды құрмет тұтады және мыналарды хабарлайды:
      "Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуының алдын алу туралы" Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының арасындағы Шарттың ХIV Бабына сәйкес Шарт 1993 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылғаннан кейiн күшiне ендi және ұзарту үшiн шартымен жетi жыл күшiнде болды.
      Шарттың ХIV Бабына сәйкес осы Шарт 2000 жылғы 5 желтоқсанда күшіне енген тараптардың 2000 жылғы 1 және 5 желтоқсанда дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн ұзартылды. 1993 жылғы 13 желтоқсандағы ұзартылған Шарт 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн күшiнде болады.
      Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Шарт жөнiндегi өзiнiң қазiргі халықаралық мiндеттемелерiн орындау үшін ұлттық заңдар бойынша қосымша шаралар қажет деп санаса, бiз Қазақстанның Үкiметiн мұндай шараларды кешiктiрмей қабылдауды дәйектiлiкпен сұраймыз. Сонымен бiр мезгілде ұлттық заңдар бойынша кез келген осындай талаптар осы Шарт жөнiндегі Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне ықпал

 

етпейтіндігін және осы мiндеттемелердi орындамау осы Шарт жөнiндегi

көмектесудi тоқтата тұруды немесе тоқтатуды талап етуi мүмкiн екендiгін

атап көрсетемiз.

     Министрлiктi өзiнiң жоғары құрметiне сендiрудi қайта жалғастыру үшiн

Елшiлiк осы жағдайды пайдаланады.


     Америка Құрама Штаттарының Елшiлігі,

         Алматы, 2001 жылғы 2 шiлде


     Қазақстан Республикасы

     Сыртқы істер министрлігі



 
       Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшiлігіне өзiнiң құрметін растайды және Министрлiктiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы 20/1169 нотасы мен Елшіліктің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы 1272/00 нотасына сiлтемемен төмендегiлердi хабарлауды құрмет тұтады.
      Қазақстан тарапы аталған ноталардың Министрлiктiң аталған нотасының тiркелген күнiнен бастап 1993 жылғы 13 желтоқсанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмдi ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) қолданылу мерзiмiн 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн жеті жылға ұзартуы болатындығына сүйенедi.
      Сонымен бiрге қазақстан тарапы американ тарапын iшкi заңнамаларға сәйкес және Келiсiмнiң Қазақстан Республикасында күшiне енуiне қажеттi барлық қажеттi рәсiмдердi сақтау үшін қазақстан тарапына тиiстi мемлекетiшiлiк шараларды жүргізу қажет екендiгi туралы хабарлағысы келедi.
      Американ тарапы осы ұсыныспен келiскен жағдайда, осы нота мен

 

Елшiліктің жауап нотасы Қазақстан Республикасының Келiсiмнiң Қазақстан

Республикасында күшiне енуiне қажетті барлық қажетті рәсiмдердi жүргізу

туралы уағдаластық болып табылады.

     Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігін

өзiнiң жоғары құрметiне сендiрудi қайта жалғастыру үшiн Министрлiк осы

жағдайды пайдаланады.


     Астана 2001 жылғы 6 маусым



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады