Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуiн және айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 82

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуiн және айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің аумақтарында

 

этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң

өндiрiлуiн және айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiм

жасасуға өкілеттiк берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



            ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер аумағындағы этил

         спиртiнiң, алкоголь, құрамында спиртi бар және

           темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымына

               кеден және салық бақылауы туралы

                         КЕЛIСIМ



 
       Тараптар мемлекеттерi аумағындағы этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын ретке келтiру қажеттiгiн тани отырып,
      Кеден одағы туралы 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы келiсiмдердi негiзге ала отырып және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шарт пен 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мекемесi туралы шартты ескерiп,
      этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымы саласында мiндеттi мемлекеттік реттеумен қамтамасыз етудi басшылыққа алып,
      экспорт-импорт операцияларына салық және кеден бақылауын жетiлдiру, Тараптар мемлекеттерiнiң салық және кеден органдары арасында ақпарат алмастыру мақсатында бұдан әрi Тараптар аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер Yкiметi мыналар туралы келiстi:
 
                               1-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерi" деген ұғым жанама салықтар белгiленген (акциздер және ҚҚС) Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес этил спиртiн, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерiн бiлдiредi.
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерiнiң айналымынан аумаққа әкелу, аумақтан әкету Тараптар мемлекеттерi аумағы арқылы өткiзу, көрсетiлген тауарлардың түрлерiн сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек өткiзу.
      Тараптар осы Келiсiмге қол қойған күннен бастап 3 айлық мерзiмде осы

 

келiсiм ережелерi қолданылатындарға қатысты Тәуелсiз Мемлекеттер

Достастығының сыртқы экономикалық қызметiнiң Тауарлық номенклатурасы (ТМД

ТН) негiзiнде тауарлардың тiзбесiне келiседi.


                           2-бап


     Тараптар этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi

өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымына бақылауды тиiстi құзыретті органдарға

жүктейдi.


                           3-бап



 
       Өзара келiсiм бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң салық және кеден

 

органдары этил спиртiн, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi

өнiмдерiн өндiретiн кәсiпорындар, сондай-ақ әкелу-әкетудi және транзиттiк

өткiзудi жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың

тiзiлiмдерiмен алмасады.


                          4-бап


     Этил спиртiн, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнімдерiн

әкелу-әкетудi тарифтiк емес реттеу шаралары Тараптар мемлекеттерiнiң

ұлттық заңнамалары мен олардың халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес жүзеге

асырылады.


                         5-бап



 
       Тараптар екi жақты негiзде этил спиртiн, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерiн тарап мемлекеттерi аумағына/нан әкелудi/әкетудi жүзеге асырылатын шекаралық өткiзу бекеттерінің тiзiмiн айқындайды және келiседi.

 

     Тараптар осы Келiсiмге қол қойған күннен бастап 3 айлық мерзiмде

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiне шекаралық

өткiзу бекеттерінің тiзiмдерiн жiбередi.


                          6-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң салық және кеден органдары екi жақты негiзде

тұрақты алмасуға жататын этил спиртінің, алкоголь, құрамында спиртi бар

және темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымы бойынша қажеттi ақпарат

тiзiмi және көлемi.


                          7-бап


     Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң қолданыстағы этил спиртінің,

алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерінің өндiрiсi мен

айналымы саласындағы заңнамасын үлестiру жолымен мемлекеттiк реттеу

шараларына келiсуге тырысуда.


                          8-бап


     Этил спиртiн, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерiн

өткiзуге бақылауды реттеу мақсатында Тараптар транзиттiк тасымалдармен

кедендiк қамтамасыз етудiң келiсiлген тәсiлдерiн белгiлеуге тырысатын

болады.


                            9-бап


     Тараптар ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерде өндiрiлетiн және олардың аумағына

әкелiнетiн этил спиртiне, алкоголь, құрамында спиртi бар және

темекi өнiмдерiне акциз салығының (акциздiң) ставкасын жақындатуға

тырысатын болады.


                           10-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану немесе түсiндiруге байланысты даулы

мәселелер мүдделi Тараптар консультациялары мен келiссөздерi жолымен

рұқсат етiледi.


                           11-бап



 
       Осы Келiсiмге оның бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылатын жекелеген Хаттамаларды реттейтiн Тараптар келiсiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
 
                            12-бап
 
      Осы Келiсiм депозитарийдi беретiн болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi Тараптардың iшкi мемлекеттiк рәсiмдерiн орындау туралы үшiншi хабарламаны берген күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.
      ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерiнiң қалғанының әрқайсысы үшiн ол оның бекiту грамотасын сақтауға депозитарий алған күннен бастап күшiне енедi.
 
                             13-бап
 
      Әрбiр Тарап осы Келiсiмнен шығуы немесе шыққанға немесе оған өзiнiң қатысуы тоқтағанға дейiн алты айдан кешiктiрмей депозитарийге жазбаша хабарлама жiберiп, оған өзiнiң қатысуын тоқтатуы мүмкiн.
      Осы Келiсiмнiң күшi осындай хабарламаның депозитарийiн алған

 

күннен бастап алты ай өтуi бойынша осы Тараптарға қатысты тоқтатылады

немесе тоқтатыла тұрады.

     ____________ қ. 2002 жылғы орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық данада

жасалды.

     Келiсiмнiң түпнұсқалық данасы оның расталған көшiрмесi әр Тарапқа

жiберiлетiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық

комитетiнде сақталады.


     Беларусь Республикасының

     Үкiметi үшiн


     Қазақстан Республикасының

     Yкiметi үшін


     Қырғызстан Республикасының

     Үкiметі үшiн


     Ресей Федерациясының

     Yкiметi үшiн


     Тәжiкстан Республикасының

     Үкiметi үшiн



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады